Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

32 Сурет

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

  • Ситуациялық есептерді құрастыру.

  • Дерттің графологиялық құрылымын құрастыру.

  • Фармакологиядан «Қақырықты түсіретін дәрілер» және «Бронхолитик дәрілер» тақырыбын қайталау.

  • Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.

  • Емдеу және диагностика жоспарын құру.

  • Ситуациялық есептерді үйлестіріп құрастыру.

  • Глоссарии құрастыру.

Сағат көлемі: 2.

____________________________________________________________________

  • 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

  1. БӨЛІМ

Қан айналым ағзаларының аурулары

    1. РЕВМАТИЗМ (жедел ревматикалық қызба)

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

Студент білу керек:

  • ревматизм патогенезі;

  • ревматизм ағымының қазіргі заманға сәйкес ерекшеліктері;

  • ревматизмнің қазіргі заманға сәйкес жіктемелері;

  • белсенді ревматикалық процесстің белгілері;

  • белсенді ревматикалық процесс кезіндегі фельдшердің іс әрекеті, ауруханаға жатқызылу көрсеткіші, белсенді ревматикалық процессі бар науқасты тасымалдау ережесі;

  • емдеу принциптері;

  • ревматикалық қызбаның біріншілік және екіншілік алдын алуын;

  • диспансеризациялау мақсаттары.

Студент істей білу керек:

  • ревматикалық қызбамен ауыратын науқасты субъективті және объективті тексеру жүргізу;

  • қосымша тексеруден алынған мәліметтерді дұрыс талдау;

  • болжамды диагноз қою және негіздеу;

  • науқасты емдеу жоспарын құрастыру;

  • буындық айқын ауырсыну синдромында, жедел жүрек жеткіліксіздігінде (ЖЖЖ), жүрек ырғақтығы бұзылғанда шұғыл көмек көрсету;

  • шақыру картасын және ауру тарихын тексеру;

  • антибиотикті бұлшық етке енгізу.

Бақылау сұрақтары

  1. Ревматизм дегеніміз не?

  2. Ревматизм этиологиясы?

  3. Аурудың даму механизмін.

  4. Ревматизм жіктемесін.

  5. Ревматизмнің негізгі диагностикалық критерилерін атаңыз.

  6. Ревмокардитке тән белгілері.

  7. Ревматикалық полиартрит белгілері.

  8. Ревматизм кезінде тері жамылғыларының және жүйке жүйесінің зақымдануларын суреттеңіз.

  9. Ревматизм кезінде қосымша зерттеу әдістері.

  10. Ревматизмді негізгі емдеу принциптері.

  11. Ревматизмді алдын алуы.

1 Тапсырма

Дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. Ревматизм этиологиясына қатысады:

  1. А тобындағы B-гемолитикалық стрептококк;

  2. алтын түсті стафилакокк;

  3. ішек таяқшалары;

  4. пневмококк.

  1. Ревматизммен жиі ауырады:

  1. 1-2 жаста;

  2. 5-7 жаста;

  3. 7-15 жаста;

  4. 18-25 жаста.

  1. Диагноз қоюға мүмкіншілік беретін ревматизм белгілері:

  1. мұрын жұтқыншақ инфекциясымен ауыруымен ауырғанына байланысты:

  2. жасырын кезеңі 2-4 аптаға созылғанда;

  3. аурудың бастапқы белгілерінің бала кезінде байқалуы;

  4. барлық аталғандар.

  1. Ревматизмнің негізгі диагностикалық критерилері:

  1. кардит;

  2. полиартрит;

  3. хорея;

  4. тері асты ревматикалық түйіндер;

  5. сақина тәрізді эритема;

  6. барлық аталғандар.

  1. Ревматизм кезінде жүректен басқа, көбінесе жиі зақымдалады:

  1. буындар;

  2. орталық жүйке жүйесі;

  3. бүйректер;

  4. тері.

  1. Ревматикалық полиартритке тән емес:

  1. жедел синовит;

  2. қосымша қалтыраулар;

  3. буындардың «ауыспалы» зақымдануы тән;

  4. ұсақ және орташа буындардың зақымдалуы.

  1. Кіші хореяда зақымдалады:

  1. жүйке жүйесі;

  2. жүрек қан тамыр жүйесі;

  3. асқорыту жүйесі;

  4. тыныс алу жүйесі.

  1. Ревматизм кезінде терінің зақымдалуы:

  1. диффузды цианоз;

  2. тамырлық жұлдызшалар;

  3. сақина тәрізді эритема;

  4. «көбелек» тәрізді эритема.

  1. Көбіне ревмокардит соңында:

  1. атеросклероз;

  2. гипертониялық ауру;

  3. жүрек ақаулары;

  4. сауығу.

  1. Ревматизм кезінде қан анализінде байқалады:

  1. лейкоциттердің азаюы;

  2. ЭТЖ азаюы;

  3. сиал қышқылының төмендеуі;

  4. (АСЛ-О) антистрептолизин – О пайда болуы.

  1. Ревматизмнің белсенді сатысында жүргізілетін патогенетикалық терапия:

  1. антибиотиктер;

  2. гипотензивті дәрілер;

  3. зәр айдағыштар;

  4. СЕҚҚЗ.

  1. Ревматизмнің екіншілік алдын алуы үшін қолданады:

  1. ампициллин;

  2. бициллин -5;

  3. верошпирон;

  4. супрастин.