Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест для 6 ОМ (360) каз. - 2014г..doc
Скачиваний:
57
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
587.26 Кб
Скачать

360 Тест травма

Рентгенограммадан остеохондроманың кемік сүйек тінінен тұратын кең аяқшасын көруге болады, ол неге ұқсайды?://

бананның қабығына//

жасыл талға//

+түсті капустаға//

қарағайдың бүршігіне//

клен жапырағына

***

Остеоидты остеоманы қай патологиямен ажыратпалы диагностика жүргізу керек?//

хондробластома (Кодман ісігі)//

+Броди абсцессі//

эозинофильды гранулема//

остеогенді саркома//

сүйектің десмоидты фибромасы

***

Гигантты клеткалық ісік (остеобластокластома) қалай көрініс береді және қандай мөлшерге дейін өседі?//

+баяу өседі және үлкен көлемге дейін жетеді//

жылдам өседі және үлкен көлемге дейін жетеді//

баяу өседі және үлкен көлемге дейін жетпейді//

жылдам өседі және аз көлемге дейін жетеді//

баяу өседі және әдетте орташа көлемге дейін жетеді

***

Сүйектің зақымданған бөлігін резекциялап, артынан сүйек жетіспеушілігін сүйек трансплантантымен ауыстыруға немесе эксхолеацияға негізделген алыс нәтижелері бойынша қандай әдіс қолайлы болып табылады?//

консервативтік//

рентгентерапиялық//

+хирургиялық//

бальнеотерапиялық//

физиотерапиялық//

***

Остеоид-остеома немесе остеоидті остеома – бұл дөңгелек солитарлы қуыс түзетін, сүйектің остебластитты қатерсіз ісігі, ол қайда өсіп шығады//

қаңқаның жалпақ сүйектерінде//

омыртқа денесінде//

бассүйекте//

қысқа түтікше емес сүйектерде//

+ұзын түтікше сүйектерде//

***

Хондрома – шеміршектен дамыған қатерсіз ісік, оның сирек орналасу аймағын атаңыз//

қолдың фалангасы//

қабырғалар//

омыртқа өскіндері//

+ұзын түтікше сүйектер//

жамбас сүйегі

***

Ісік көлденең және ұзына бойы өседі, алайда жас науқастарда эпифизарлы шеміршек оның шекарасы болып қалады; одан әрі қарай ісік өспейді. Осы белгінің диф.диагностикалық маңызы зор//

остеобластокластома//

фибросаркома//

+остеогенді саркома//

Кодман ісігі//

Юинга ісігі

***

Қандай ісікке орташа ауырсыну және ісіну, біртіндеп сүйектің ісінуіне әкелетін және ерте пайда болатын белгі тән//

+хондросаркома//

хондробластома//

остеохондрома//

хондрома//

остеома//

***

Қандай ісік созылмалы немесе жедел остеомиелит тәрізді дамып, клиникалық көрініс береді? Жарақаттан кейін әдетте жергілікті сыздап ауырсыну пайда болады, ауырғаны түнде өршиді. Науқастың дене қызуы, ЭТЖ жоғарылайды және лейкоцитоз 12000-20000-ға дейін жетеді. Зақымдалған сегменттің көлемі ұлғайып, терісі қызарады. Кейбір жағдайда патологиялық сыну пайда болады://

ретикулосаркома//

+Юинг ісігі//

миелома//

плазмоцитома//

ангиосаркома

***

Қолайсыз нәтижемен аяқталатын қандай қатерлі ісіктің клиникалық сипаты ұзақ және қатерсіз ісік тәрізді ағыммен, ісіктерге жат емес белгімен көрініс береді? Ауырсыну белгісі орташа. Басқа ісіктермен салыстырғанда дене қызуы қалыпты, жалпы әлсіздік аз, қан көрсеткіштері аз өзгерген. Жергілікті аз ауырсыну беретін ісіну анықталады. Аяқ-қолдың функциясы бұзылады://

+ретикулосаркома//

остеогенді саркома//

Кодмен ісігі//

плазмоцитома//

ангиосаркома

***

Қандай ісіктің көріністері алғашқы диффузды остеопорозбен сипатталады, содан кейін көптеген дөңгелек остеолиз ошақтары пайда болады, олар алғашында жалпақ және қысқа сүйектерде, қызыл кемік сүйектерде орналасады - төс, қабырға, омыртқа, бассүйек, жамбас және түтікшелі сүйектерде. Жарақатталған сүйек кортикальды қабатының жұқаруымен, периостальды реакциясыз көрініс береді://

гигантты клеткалы ісік//

остеолитикалық саркома//

рактың солитарлы метастазы//

+көптеген миелома//

Педжет ауруы

***

Қай ісіктің клиникалық көрінісі диагностикалық мағынасы бар ерекше сипатқа - ісіктің ауырсынуымен өтетін пульсациясына ие. Аускультация кезінде осы пульсация әртүрлі ритмді немесе артериалдық шуға ұқсайды. Ісік қоршаған жұмсақ тіндерді тез зақымдап, пульсациялаушы ісік түрінде байқалады://

ретикулосаркома//

остеосаркома//

микососаркома//

гемангиома//

+ангиосаркома

***

Қандай ісік аяқ-қолдың түтікше сүйектерінің метафизарлы бөлімдерін зақымдайды. Ісік жай, экспансивты өседі және қоршаған тіндерден тығыз капсуламен бөлінген. Клиникалық зерттеуде қозғалмайтын, сүйекпен байланысқан, қатты, аз ауырсыну тудыратын ісік анықталады. Рентгенде дөңгелек тәрізді жұмсақ тіндердегі қараю анықталады. Үлкен ісіктерде кортикальді қабат жұқарғаны және ішке жаншылғаны байқалады://

ангиосаркома//

ретикулосаркома//

остеосаркома//

+фибросаркома//

микососаркома

***

Анаэробты инфекциямен асқынған жараны хирургиялық өңдеген соң жергілікті емдеуде қандай дәріні таңдайсыз?//

+ фурацилин және марганец қышқылды калий ерітінділері//

Вишневский майы//

гипертониялық ертінді//

сутек тотығы ертіндісі//

диоксидин ертіндісі

***

Ашық сынуда инфекцияны азайту үшін Қазақстандық ғалымдар ұсынған әдістің қайсысы нәтижелі://

Пальгов бойынша//

Сегізбаев бойынша//

Эдельштейн бойынша//

Илизаров бойынша

+Сызганов-Ткаченко бойынша//

***

Каплан-Маркова бойынша ашық сынық жіктелуіндегі Б әріп жараның қандай түрін сипаттайды://

шабылған жараларды//

езілген, жаншылған жараларды//

тесілген жараларды//

+соғылған, жұлынған жараларды//

кесілген жараларды

***

Оң жақ сирақтың төменгі үштен бір бөлігінде оқтан болған жарақаты бар 37 жастағы науқаста газды гангрена анықталды. Емдеу барысында гангренаға қарсы сарысуды енгізудің қандай әдісін пайдаланасыз://

бұлшықет ішіне//

+ 5% глюкоза ертіндісімен венаға, тамшылап//

артерия ішіне//

эндолимфалық жолмен//

жара аймағына инфильтрациялау арқылы

***

Төмендегі сиптомдардың қайсысы сіреспеде бірінші байқалады?//

тризм//

дене қызуының көтерілуі //

+жара аймағындағы тартатын ауырсыну мен жұтынғандағы ауырсыну//

дисфагия//

клиникалық сіреспелер

***

Бактериалды токсиндерді бейтараптау үшін гангренаға қарсы сарысудың қандай мөлшері қолданылады?://

1500 АЕ//

3000 АЕ//

50000 АЕ//

100000 АЕ//

+150000 АЕ

***

Науқаста оң қолының көлемді соғылған-жұлынған жарасы бар және жараға бірінші хирургиялық тазалау жасағанда біз алдымызға қандай мақсат қоямыз?//

+жара инфекциясының алдын алу, жараның жазылуына қолайлы жағдай жасау//

бөгде затты алып тастау, жара шетін жақындату, жараны дренирлеу//

гематоманы босату, жара шеттерін жақындату//

бөгде заттарды жартылай алып тастау мен жараны дренирлеу//

бөгде заттарды жартылай алып тастау, гематоманы қалдыру

***

Омыртқаның компрессионды сынуында қай проекцияда жасалған рентгенограмма көп ақпарат береді?//

тура//

+бүйірінен//

қиғаш ¾//

қиғаш½//

аксиальды

***

Ауыр затты жерден жұлқып көтерген науқастың бел аймағында қатты ауысыну пайда болды. Зерттеуде бел омыртқасының оң жақ бұлшықеттері шираған қалпында. Оң жаққа қарай қисаюда аурсыну өршиді.

Пальпация жасағанда оң жақтағы паравертебральды сызық бойында қатты ауырсыну анықталады. Жарақатқа алдын ала қойылған диагнозын анықтаңыз://

біз тәрізді өсінділерінің сынуы//

омыртқа денесінің компрессионды сынуы//

+көлденең өсінділерінің сынуы//

өсүсті (ость) және өсаралық байламдар зақымдалуы//

омыртқааралық дисктің жыртылуы

***

Таудан шанамен сырғанаған екі жігіт құлап, артында отырған адам алдыңғының бүгілген арқасына құлаған. Қатты ауырсыну белгісімен ауруханаға қаралғанда кеуде омыртқасы денесінің биіктігі 1/3 көп компрессионды сынуы анықталды. Неврологиялық бұзылыстар жоқ. Жарақаттан кейін сынық аймағына қан жиналуына байланысты жиі дамитын асқыну түрін атаңыз://

аяқ парезі//

зәр шығудың бұзылуы//

менингиальды синдром//

+жалған жедел іш синдромы //

тетраплегия

***

Бел немесе төменгі кеуде омыртқалар денесінің сынығын арқаның жұмсақ тіндері зақымдалуы мен көлденең өсінділерінің сынығынан ажырататын симптом://

көгерудің болуы//

пальпацияда ауырсыну//

+ Силин симптомы//

Джойс симптомы//

Гирголав симптомы

***

Таудан шанамен сырғанаған екі жігіт құлап, артында отырған адам алдыңғының бүгілген арқасына құлаған. Қатты ауырсыну белгісімен ауруханаға қаралғанда кеуде омыртқасы 1 дәрежелі компрессионды сынуы анықталды. Неврологиялық бұзылыстар жоқ. Аталған жарақатта емнің функциональді әдісінің мақсаты қандай://

+ бұлшықет корсетін түзу//

сыныққа бір мезгілде репозиция жасау//

сыныққа біртіндеп репозиция жасау //

төсектен ерте тұрғызу //

ұзақ уақыт төсек тәртібі

***

Омыртқа денесінің компрессионды сынуында корсетті кигізгенде зақымданған омыртқа бөлігі қандай жағдайда орналасу қажет://

бүгілген жағдай//

ортофизиологиялық жағдай//

күшейген кифоз //

күшейген лордоз //

+ жазылған жағдай

***

Мойын омыртқаларының экстензионды сынуы мен шығуын қаңқадан тартып емдеу тәсілінде жастықша қай жерге орналастырылады://

+бастың астына//

арқасының астына мойнына дейін//

мойын лордозының басым жеріне//

жастықша қолданылмайды//

арқаның астынан жауырынға дейін

***

Жамбас сүйегінің қандай зақымдарында науқас арқасымен алға қарай жүруге тырысады://

құйымшақтың сынуы//

сегізкөздің сынуы//

+алдыңғы жоғарғы ұшының жұлынуы//

шонданай төмпешігінің сынуы//

мықын сүйегінің сынуы

***

Автокөлік жол апатынан кейін науқаста екі сирақ сүйектерінің де, шат сүйегінің сынығы, бассүйек-ми жарақаты, мас күйі, орта дәрежелі шок жағдайы анықталған. Барлық зейін шокты емдеуге, сирақ сүйектерінің сынықтары мен шығуын иммобилизациялауға бағытталды. Емнің нәтижесінде науқастың жағдайы тез жақсарды. Алайда, ауруханадағы екінші тәуліктің ортасына қарай жағдайы нашарлай бастады, тахикардия жоғарылады, АҚ көтерілді, тілі құрғай бастады. Қанды зерттеу барысында лейкоцитоз, таяқша ядролы нейтрофильдер көп мөлшерде анықталды. Катетеризация арқылы алынған зәр анализінде (1800 мл көлемінде зәр бөлінді) ақуыз көп мөлшерде анықталды. Науқастың жағдайын нашарлатқан асқынуды атаңыз://

қант диабетінің өршуі//

жарақаттан кейінгі қантты емес диабет//

қуықтың құрсақішілік жыртылуы//

+уретраның жыртылуы//

бүйректің соғылуы

***

Жамбас сүйектері сынғанда шокка қарсы шаралар ретінде арнайы көмек көрсету барысында таңдалатын жансыздандыру әдісі://

А.В.Вишневский бойынша жергілікті жансыздандыру//

+ Школьников-Селиванов бойынша анестезия//

наркотиктермен анестезия//

өткізгіштік анестезия//

перидуральды блокада

***

Жамбас сүйектерінің сынуы бар науқастарды тасымалдау керек://

Дитерихс шинасын салғаннан кейін//

ішімен жатқызып//

Виноградов шинасын салғаннан кейін//

жамбас белдеуін қатты таңып//

+ «құрбақа» қалпында, қатты зембілде

***

Жамбас сүйегінің Мальгений типті сынуы дегеніміз://

+жамбас сүйегінің алдыңғы және артқы жарты сақинасын бүтіндігінің бұзылуы //

шат және шонданай сүйектерінің біржақты сынуы//

мықын сүйегінің қанатының сынуы//

шат және шонданай сүйектерінің екіжақты сынуы //

жамбас сүйегінің артқы жарты сақинасының бүтіндігінің бұзылуы//

***

Сүйек сынуы кезінде қуық зақымының диагностикалық белгісіне жатпайды://

гематурия//

+уретроррагия//

зәр шығуының кідіруі//

Зельдович симптомы //

цистограмма кезінде контрастты заттың жайылуы

***

Мальгений типті жамбас сынығында қандай емдеу әдісі жиі қолданылады?//

жамбас-сан гипс таңғышын салу арқылы бір кезеңді репозиция жасау//

Волкович әдісі бойынша емдеу//

+сүйектен тарту//

остеосинтез жасау//

репозициясыз жамбас-сан гипс таңғышын салу

***

Ұзақ жаншылу синдромы кезіндегі ең ауыр асқынулардың бірін атаңыз://

жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігі//

жедел тыныс алу жетіспеушілігі//

жедел бауыр жетіспеушілігі//

+жедел бүйрек жетіспеушілігі//

жедел тыныс жетіспеушілігі

***

Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы компрессионды жарақаттың ауыр формасындағы науқастарға қате жағдайда қойыла алмайды://

жұмсақ тіндердің соғылуы//

тілмелі қабыну//

П дәрежедегі күйік (термиялық және химиялық)//

газды гангрена//

+жарақаттық ампутация

***

Компрессионды жарақаттың екі түрін – ұзақ жаншылу синдромы мен позициялық синдромды біріктіретін маңызды факторлардың бірін көрсетіңіз://

ауырсыну факторы//

естен тануды байланыстыратын фактор – экзогенді улардың әсері//

қан кету//

+ишемиялық фактор//

плазманы жоғалту

***

Ұзақ жаншылу синдромының ауырлығы неге байланысты?//

+жаншылудың уақыты мен ауданына//

дене мен аяқ-қолдардың қалпына//

сыртқы киім және жаншып тұрған салмақтың түріне//

жаншып тұрған салмақ пен дене массасына //

жыл мезгіліне (қыс, жаз)

***

Ұзақ жаншылу синдромы кезіндегі басты патогенетикалық факторды атаңыз://

жарақаттанған тіндердің ыдырау өңімдерінің сіңірілуінен дамыған травматикалық токсемия//

жарақаттанған аяқ-қолдардың массивті ісінуінің нәтижесінде болатын екіншілік плазма жоғалту//

тіндер ишемиясы себебі болатын жаралардан қан кету//

+механикалық жарақат фонында аяқ-қолдардың ұзақ уақыт ишемиясы//

барлық жауаптар дұрыс

***

Гипс таңғышымен аяқ-қолдардың аз уақыт бойы жартылай жаншылуы қандай асқынуға әкелуі мүмкін?://

қолдың гангренасы //

+Фолькман контрактурасы//

сынықтың бітпеуі//

сынықтың қате бітуі//

жалған буыны

***

Науқас бетонды плитаға соғылып құлаған. Жағдайы ауыр. Тері қабаты бозарған, АҚ 95/60 мм.сын.бағ. дейін төмендеген. Тыныс алу кезінде кеудесінің сол жағы аз қозғалады. Іші сол жақтан аздап кернелген. Пальпация кезінде ауырсыну сол жақтағы 10 қабырға бойымен анықталады. Рентгенограммада артқы қолтық асты сызығы бойымен осы қабырғаның сынығы. Емдеу шарасын көрсетіңіз://

Бюлау бойынша дренаж салу//

+лапаротомия, спленэктомия//

торакотомия, гемостаз//

торакотомия, лобэктомия//

новокаинды блокада, медикаментозды терапия

барлық жауаптар дұрыс

***

30 жастағы науқасты автокөлік қағып кеткен. Иммобилизациясыз жеткізілді. Жағдайы ауыр, пульс минутына 160 рет соғады, әлсіз, АҚ 85/60 мм.сын.бағ. Санның жоғарғы үштен бір бөлігінде жараның көлемі 3х1,5 см, қансырамайды. Аяғы деформацияланған, оның варусты қисаюы анықталады. Табан қозғалысы мен табан артериясының пульсациясы сақталған. Науқасқа көрсетілген шаралардың қайсысы бірінші кезекте жасалу керек://

сынық сипатын анықтау мақсатында санға рентгенография//

сан жарасына алғашқы хирургиялық өңдеуді//

+ полиглюкинді тамыр ішіне енгізуді//

сүйектен тартуды//

сынған жерге новокаинды блокада жасауды

***

***

Науқас мұзда тайып, созған қолына құлады. Иық аймағында айқын ісіну, деформация, крепитация анықталады. Саусақтары жазылмайды және 1 саусағы сыртқа әкетілмейді, саусақтарда тері сезімталдығы бұзылған. Рентгенограммада тоқпан жіліктің ортаңғы 1/3 қиғаш сынығы анықталды. Жарақаттың түрі қандай?//

полифокальдық жеке-дара//

көптеген//

екі жақты//

комбинацияланған//

+қосарланған

***

Политравмадағы комбинацияланған жарақат қандай сипатқа сәйкес келеді://

+этиологиясы әртүрлі екі зақымдалудың қатар келуі//

бір қуыстағы екі және одан көп ішкі мүшелердің зақымдалуы//

тірек-қимыл жүйесінің 2 және одан көп анатомо-функционалды құрылымдарының жарақаттануы //

әртүрлі қуыстардағы ішкі мүшелердің зақымдалуы, тірек және қозғалыс мүшелерінің бірігіп жарақаттануы //

бір кезде екі ішкі мүшенің ірі тамырлары мен нервтердің зақымдалуы //

***

Дамуы мүмкін асқынуды анықтау үшін төсі сынған науқасқа қандай қосымша зерттеу әдісін жүргізу керек?//

бронхоскопия//

бронхография//

спирография//

кеуде клеткасы мүшелерінің УДЗ//

+ЭКГ

***

Науқас құлаған қораптармен қысылып қалған. Көкірек қуысының оң жағының қатты ауырғанына, терең дем ала алмайтынына шағымданады. Жағдайы ауыр. Тері қабаты цианозды. Ентігу анықталады, АҚ 170/100 сын.бағ. Кеудесінің оң бөлігі тыныс алу кезінде қалып отырады. Перкуссия жасағанда қораптық дыбыс естіледі. Оң жақтан тынысы естілмейді. Жүрегі солға ығысқан. Пальпация жасағанда оң жақ қабырғалардың көптеген сынықтары анықталады. Қабырға сынықтарының асқынуларын көрсетіңіз://

гемоторакс және пневмоторакс//

гемоторакс және жүректің соғылуы//

гемоторакс және плевропульмональды шок//

+пневмоторакс және плевропульмональды шок//

пневмоторакс және жүректің соғылуы

***

Науқаста қатаң төсек тәртібін қажет ететін ауыр бассүйек-ми жарақаты бар. Бұдан басқа бұғананың ортаңғы үштен бір бөлігінде сүйек бөліктерінің типті ығысуымен болған сынығы анықталды, сондай-ақ бірнеше қабырғалары сынған. Бұл науқасқа қандай ем әдісін қолданар едіңіз://

+төсектің шетіне қолын салбыратып емдеу (Куто әдісін)//

Кузьминский шинасын//

8-тәрізді гипс таңғышын//

Дельбе сақинасын//

Титов бекіткішін

***

Күйік жаралардың жазылуы науқастың күйіктік жарақаттан толық жазылғанын көрсетпейді. Ішкі мүшелер мен жүйелерде, тірек-қимыл аппаратының элементтерінде басқа бұзылыстар сақтала ма? Енді күйік ауруы кезеңінің ұзақтығын дұрыс көрсетіңіз – реконвалесценция фазасын://

1-3 тәулік//

3-14 тәулік//

4-30 тәулік//

бірнеше аптадан бірнеше айға дейін//

+бірнеше айдан 1 жылға дейін және одан көп

***

Науқас байқамай ыстық сорпаны өзіне төгіп алды. Күйікті жара кеуденің алдын, ішін және сол аяғын алып жатыр. Күйік аймағы шамамен қанша?//

27%//

30%//

+36%//

42%//

45%

***

Күйген науқастар жағдайының ауырлығын экспресс-бағалау қандай белгілер бойынша жүргізіледі?://

+күйік дәрежесі мен ауданы//

АҚ көрсеткіші//

диурез көрсеткіші//

пульс жиілігі//

тыныс алу жиілігі

***

Қандай клиникалық белгілер терең күйіктерді сиппаттайды?//

тері гиперемиясы мен ісінуі//

күйік аймағынада геморрагиялық көпіршіктердің болуы//

күйік беткейінде сарғыш түсті сұйықтығы бар аздаған және кернелмеген көпіршіктердің болуы //

+күйік беткейінде қою-қоңыр түсті қабықтың (струптың) болуы//

денеде 20% күйіктік жаралардың болуы

***

Эпидермис зақымдалуы кезінде қызару, ісіну және теріде сірнелі (серозды) сұйықтыққа толы көпіршіктер пайда болады. Көпіршіктерді жарғанда ылғалды, жылтыраған және ашық қызғылт түсті қабат көрінеді, ол температураға, желге және жанасуға сезімтал. Жоғарыда аталғандар күйіктің қай дәрежесіне жатады?//

күйіктің I дәрежесіне//

+ күйіктің II дәрежесіне//

күйіктің IIIА дәрежесіне //

күйіктің IIIБ дәрежесіне //

күйіктің IV дәрежесі

***

Күйіктік жарақат ағымы оң болған жағдайда біртіндеп токсемия кезеңіне ауысады. Бұл кезеңнің соңы күйікті жаралардың іріңдеуімен сәйкес келеді. Күйік ауруы кезеңінің ұзақтығын көрсетіңіз – жедел күйікті токсемия://

1-3 тәулік//

+3-14 тәулік//

21-30 тәулік//

бір айдан бірнеше айға дейін//

бірнеше айдан 1,5 жыл және одан жоғары

***

Зақымдалу ауданын анықтау, күйік жарақаты диагнозының маңызды құрамасы болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі таңда клиникалық тәжірибеде қай әдіс қолданылмайды?//

«тоғыз ережесі»//

«алақан ережесі»//

«Долинин бойынша» әдісі//

Ландау және Броудер бойынша әдіс//

+«клен жапырақ ережесі»

***

Эпидуральды гематома пайда болу себебі негізінен мынадай қан кетудің нәтижесінде болады://

жарақаттанған ми қыртысының тамырларынан//

бас сүйек төбесінің жарақаттанған сүйектерінен//

алдыңғы ми артериясының тармақтарынан//

+ортаңғы қабықшалы артерия тармақтарынан//

Гален венасынан

***

Науқаста қатаң төсектік тәртіпті қажет ететін ауыр дәрежедегі ми жарақаты анықталған. Мидың жаншылуына тән емес белгіге жатады://

брадикардия//

аритмия//

«ашық аралық»//

эпилепсиялық ұстама//

+тахикардия

***

Бассүйекішілік гематомасы бар науқасқа мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, науқасты қайда жөнелтіледі?//

дегидратациялық терапия жүргізу үшін госпитальге//

таңу бөлмесіне//

+операция бөлімшесіне//

операцияға дейінгі дайындықты жүргізу үшін шокқа қарсы бөлімшеге//

бірінші кезекте хирургиялық бөлімшеге

***

Ми шайқалуына тән симптом қандай?//

+құсу, амнезия//

тілдің девиациясы//

зәрді ұстай алмау//

анизокория//

жөтелу

***

Мидың жабық жарақатында сыртқы есту жолынан пайда болған ликвор көрсетеді://

бассүйектің артқы шұңқырының сынуын//

+ бассүйектің алдыңғы шұңқырының сынуын//

төбе сүйектерінің сынуын//

бассүйектің ортаңғы шұңқырының сынуын//

торлы сүйектің сынуын

***

Бас ми жарақаты кезіндегі мидың жаншылуына әкелмейтін жарақатты атаңыз://

мидың ісінуі//

эпидуральды гематома//

+субарахноидальды қан құйылу//

бассүйектің импрессионды сынуы//

субдуральды гематома

***

Декомпрессия және қан тоқтату мақсатында жасалатын бассүйектің жедел трепанациясына нақты көрсеткіш кезіндегі клиникалық көрініс://

субарахноидальды қан кету//

бассүйекішілік гипертензия//

мидың ауыр дәрежедегі соғылуы//

+ми жаншылуы//

бассүйек негізінің сынуы

***

Плевропульмональды шокпен асқынған көкірек қуысының жарақаты бар науқасқа төмендегі шаралардың қайсысын бірінші кезекте жүргізу керек?//

көкірек қуысының рентгенографиясын//

оксигенотерапияны//

+вагосимпатикалық блокаданы//

көкірек қуысын пункциялауды//

кеңірдек интубациясын

***

Кеудесі жарақаттанған науқасқа алғашқы көмек көрсеткенде және ауруханада емдегенде оны қандай қалыпта орналастыру керек://

отырған//

+жартылай отырған//

етбетінен//

шалқасынан//

жанына

***

«Кеуде жарақаты кезінде плевра қуысына аққан қан тоқтады ма жоқ па?» деген сұраққа жауап беру үшін қандай сынама жасалады?//

Эфендиев сынамасы//

+ Рувила-Грегуар сынамасы//

Петров сынамасы//

Филиппс-Ван сынамасы //

Жоров сынамасы

***

Пункция жасалғаннан кейін плевра қуысында ауа қайтадан жиналса дәрігердің келесі тәсілі қандай?//

пункцияны қайталап жасау//

торакотомия жасап, жарақаттанған өкпе тініне тігіс салу//

электрлік сорғышпен белсенді түрде аспирация жасау//

+ Бюлау бойынша плевра қуысына дренаж салу

трахеостомия жасау//

***

Пневмотораксты, плевра қуысынан ауаны сорып алу үшін пункцияны қай жерден жасайды?://

+ортаңғы бұғана сызығы бойынша екінші қабырғааралықта//

ортаңғы бұғана сызығы бойынша үшінші қабырғааралықта

артқы қолтық асты сызығы бойынша жетінші қабырғааралықта //

жауырынның төменгі шеті арқылы//

алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша екінші қабырғааралықта

***

Науқаста жауырын сызығы бойымен сол жақтағы бірнеше қабырғалары сынған, рентгенограммадан сол жақ плевралды қуыста гомогенді қараю анықталады. Жарақаттан кейін бірнеше сағат өткен. Осы жарақаттың асқынуын атаңыз://

пневмоторакс//

посттравматикалық пневмония//

плевра эмпиемасы//

плеврит//

+гемоторакс

***

48 жасар ер адам тротуарда аяғы тайып жығылып, қолдарын созып артқа құлады. Иық буынында ауырсынуға байланысты белсенді қозғалыс жасау мүмкін емес. Белсенсіз қозғалыс ауырсыну тудырады. Шынтақты бұрағанда ауырсыну жіліктің басына беріледі. Иық буыны аймағына жасалған пальпация қатты ауырсыну тудырады. Жарақатқа диагноз қойыңыз://

иықтың алға шығуы//

иықтың артқа шығуы//

иық буынының соғылуы//

+тоқпан жілік мойнының жаншылған сынуы//

тоқпан жіліктің диафизарлық сынуы

***

Шыққан иықты орнына салғанда қолданылатын анестезияның қолайлы әдісі://

буынішілік анестезия//

өткізгіштік анестезия//

+жалпы наркоз//

наркотикалық анальгетиктерді бұлшықетке енгізу//

жергілікті анестезия

***

Тоқпан жіліктің дистальды бөлігі сынуы бар науқасқа шынтақ буынына массаж жасау қандай асқынудың алдын-алу мақсатында тағайындалмайды://

+оссификациялайтын миозиттің//

шынтақ буыны контрактурасының//

ортаңғы нервінің невритін//

шынтақ нервінің невритін//

Фолькман контрактурасын

***

Спортшы жаттығу кезінде оң жақ иығын сыртқа бұрап құлады. Науқасты зерттеуде оң жақ бұғанасының дистальді бөлігі баспалдақ тәрізді көтеріліп тұр, «перне» симптомы анықталады. Оң жақ иық буынындағы қозғалыс көлемі шектелген. Болжамалы диагнозды атаңыз://

бұғананың сынуы//

+бұғананың акромиондық бөлігінің шығуы//

оңжақ иықтың шығуы//

үлкен кеуде бұлшықетінің жыртылуы//

сүйекүсті бұлшықеттің жыртылуы

***

Тоқпан жіліктің ортаңғы үштен бір бөлігінің қиғаш сынуы бар науқаста қол басының белсенді жазылуы мен үлкен саусақтың сыртқа әкетілуі шектелген. Сүйек сынықтары ені және ұзына бойы ығысқан. Сынықпен бірге орын алған қосалқы зақымдануды атаңыз://

орталық нервтің зақымдануы//

шынтақ нервтің зақымдануы//

бұлшықет-терілік нервтің зақымдануы//

+шыбық нервтің зақымдануы//

иық өрімінің зақымдануы

***

Шынтақ өсіндісінің ығысуы бар сынуды емдеуде қандай әдісті қолданған қолайлы://

лейкопластырмен тартуды//

сүйектен тартуды//

+операциялық емді//

Колдуэлл бойынша таңғышты//

Дезо таңғышын

***