Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word (3).docx
Скачиваний:
42
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
56.5 Кб
Скачать

Мінез-құлық терапиясы.

Мінез – адамның негізгі өмірін, бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Мінез – адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінез-құлық терапиясының негізін салушы австрия психотерапевті Д.Вольпе (1958 ж). Негізгі мақсаты: фобиялық реакциялар мен өте жоғарғы деңгейдегі үрейлену жағдайларынан арылу. Ерекшелігі: терең релаксация арқылы фобия мен қорқыныш сезімдеріндегі адамдармен жұмыста қолданылады. Қолданатын негізгі әдісі: сенсибилизация және десенсибилизация әдістер жүйесі. Сенсибилизация – ішкі психикалық факторлардың әсерінен анализаторлар сезімталдылығының жоғарлауы, десенсибилизация – (қарама-қарсы) – жүйелеу әдістері мен адекватсыз сезімдердің әлсіреуі:

  • 1. Монофобия.

  • 2. Үрейлендірудің күшейтілуі.

  • 3. Жоғары үрейлену реакциясы (бас ауруы, сақина ұстауы, асқазан – ішек ауруы,т.б).

  • 4. Қорқыныш пен үрейлердің жоғарғы жиілігі.

  • 5. Қорқыныш пен үрейден құтылуға ұмтылыс.

  • 6. Қашу, құтылу реакциясы (көп жағдайларда дезадаптивті қылық -әрекеттер туындайды, мысалы, жасөспірімдер кезеңдегі алкоголизм, наркомания,т.б.).

Иммерциондық әдістер – қорқыныштарды коррекциялауға арналған. Имплазиялар - қорқыныш қиялдарын тудыру, қарқынды үрей мен қорқыныш қиялын тудыру арқылы нақтылы өмірдегі қорқыныш сезімдерін азайту. Пародаксальды интенция – негізін салушы В.Франкл, үрейдің алдын – алу. Жетондық жүйе – негізін салушы Б.Скиннер, «модельге» (үлгіге) – сүйене отырып келісу. Адамның әлеуметтік рөліне сәйкес мінез-қылығын өзгерту. Мысалы, ақша немесе басқа да материал құндылықтарды «жетонға» (бақытқа, денсаулыққа,т.б) алмастыру. Морита – 1921 жылы Жапонияда қалыптасқан әді, жеке адамның коррекциясына бағытталған. «Шин – кей – шит - цу» - адамның эгоцентрлік келбеті, адамның өмірлік үлкен күштерінің интеллектік ағымдары мен үйлесімділігі. Өмірлік қажетті күш-қайраты бар адам өзін-өзі сақтай алады және тәні мен рухани жетілуіне ұмтылады.

«Холдинг» - «ұстау» - деген мағынада. Эмоциялық бұзылулардың кең таралған түрлерін коррекциялауда қолданылады. Негізін салушы медицина ғылымының докторы М.Велш, «аналар орталығының» жетекшісі. Россияда 1987 жылы Никольская О.С. енгізген. Бұл әдісті «өткір әдіс», «драмалық әдіс» немесе «шок» деп те атайды. Көбінесе аутизм, мутизммен ауырған балалармен жүргізіледі, соңынан эмоциялық әлсіреу туындайды.

«Имаго» - «образ-бейне» мағынасы, негізін 1966 жылы Вольперт И.Е. салған. Кореккциялық мақсатта клиенттің арнайы бейнелер комплексін жандандыра алуға жаттықтыру әдісі.

Өмірдегі қиындық жағдайларға қалыпты бейімделуге, коммуникативті мумкіндіктерін кеңейтуге, бейнелерді жандандыру қабілетін дамытуға, өмірлік тәжірибелерін қарқындатуға уйрету.

Психотерапиялық көмекке қойылатын талаптар:

  • адамның қарым – қатынас «тілін», сөйлеуін терең зерттеу және сол «тілде» сөйлеу;

  • адамды сендірудің нәзік техникасы реструктурлеу: қарапайым ойды когнитивті өзгертуден метафораларды және парадоксальды реструктурлеуді қолдануға дейін;

  • негативті лингвистикалық формалардан қашу;

  • парадоксты күтпеген, әдеттен тыс, ойда жоқ, ғажайып және парадоксальды коммуникация қолдану.