Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhurek_-_kopia.doc
Скачиваний:
125
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
238 Кб
Скачать
☆

«Жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері» тақыры бойынша ақпараттық-дидактикалық блок Глоссарилер

Қан айналымның жеткіліксіздігі – қан айналымның организм тіндеріне қажетті қоректі заттарды әкеле алмайтын және зат алмасу өнімдерін тіндерден керекті деңгейде алып кете алмайтын жағдай.

Жүрек жеткіліксіздігі - тыныштық жағдайда және жұмыс істеген кезде жүректің қан айналымды тұрақты ұстап тұра алмайтын жағдайы.

Жүрек жеткіліксіздігінің миокардиалді түрі – метаболизм субстраттарының дефициті және физикалық, химиялық, биологиялық ықпалдардың жүрек бұлшық етін біріншілікті зақымдануына негізделген жүрек жеткіліксіздігі.

Жүрек жеткіліксіздігінің күштемелік түрі – жүрек камералары жолдарындағы артық қысым (қарсыласу, қысыммен күштеме) немесе ұлғайған көлемдегі қанмен жүрек күштемесі (көлеммен күштеме) барысында дамитын жүрек жеткіліксіздігі.

Жеткіліксіз диастола синдромы – кальций насосының жұмысы бұзылуынан диастола кезінде қарыншаларға қан толуының және систолиялық көлемнің төмендеуіне әкелетін миокардтың жеткіліксіз босаңсуы.

Франк-Старлинг заңы- қан көлемі тым артық болғанда миокардтың созылуына жауап ретінде жүректе пайда болған зорығуды жоғарлататын орын толтырудың гетерометриялық тегершік.

Бейнбридж рефлексі – күре атмырларда және оң жүрекшеде қан қысымы көтеріліп созылуы нәтижесіндегі жүрек жиырылу жиілігінің жоғарлауы; қанның минөттік көлемінің ұлғаюына бағытталған.

Бецольд-Яриш рефлексі – сол қарыншадан күштемені алып тастауға бағытталған, қарыншалар мен жүрекшелерде орналасқан механо- және хеморецепторлардың тітіркенуіне жауап ретінде үлкен қан айналым шеңберінің артериоласының рефлекторлы кеңеюі.

Жүректің теңгерліген гиперфункциясы – жүректің сыртқы жұмысын ұлғайтуға бағытталып, жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі жүрек қызметінің интракардиальді теңгеру тегершігі.

Миокард гипертрофиясы – кардиомиоциттер көлемінің ұлғаюынан жүрек салмағының ұлғаюы.

Жүрек дилатациясы (лат. dilatatio - кеңею) – қан мөлшері ұлғаюынан жүрек қуыстарының кеңеюі.

Тоногенді дилатация- соғу көлемінің жоғарлауымен өтетін жүрек қуыстарының кеңеюі.

Миогенді дилатация- миокард созылуымен, қанның соңғы диастолалық көлемнің көбеюімен және жүрек жиырылу күшінің төмендеуімен сипатталатын жүрек қуыстарының кеңеюі.

Миокард контрактурасы – кардиомиоциттер босаңсымайтыннан дамыған жағдай. Миокард жасушаларының ишемиясы кезіндегі кальцилі күшетемелерден дамыған. Коронарлы қанағыс бұзылысын тереңдететін және коронарлы тамырлырадың басылуына алып келетін тіндік керілудің жоғарлауымен қабаттасатын асистолия аймағы зонасы.

25