Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-1 / Документ / Образец / 4__1178_auipsizdik_zh_1241_ne_e_1187_bekti__1179_or_1171_au_b_1257_limi.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
45.58 Кб
Скачать

3.2.1 Өрт-жарылыс қауіпсіздігі

3 наурыз 2009 ж. бастап № 248«Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес заттардың өрт-жарылыс қауіпсіздігі келесі негізгі факторлармен анықталады: жанғыштығы, тұтану температурасы, ұшқындау, ұшқындау аймағы, т.с.с. температуралық және концентрациялық тұтану шектерімен; өздігінен тұтану шарттарымен; сумен, тотықтармен және басқа заттармен әсерлескенде жану және жарылу мүмкіндіктерімен, детонацияға сезімталдығы, жарылудың максималды қысымымен; қоспаның ауамен жарылғыш қауіптілігі тобы мен категориясы.

Біздің өндірістік категория А тобына жатады. Себебі олар жарылысқа және өртке қауіпті.

3.3-Кесте-Өнімдердің өздігінен тұтану температуралары

Өнім атауы

Өздігінен тұтану температурасы, °С

1

2

Целлулоид

112

Мұнай майлары

250-400

Керосин

250

Бензин А-76

255

Мазут

380-420

Ғимараттарда орналасқан өнімдер әр түрлі температураларда тұтанады. Олардың тұтану температураларына қарай олар орналасқан ғимараттар термометр арқылы бақыланады.

4.4-кестеде әр түрлі заттардың тұтану температуралары келтірілген. Осылардың арасында ең қауіптісі бензин болып табылады. Себебі ол тез тұтанады және қаупі жоғары.

3.4-Кесте- Өндіріс орны мен ғимараттың өртке төзімділігі

Өртке тұрақтылық дәрежесі

Ғимарат бөліктері

каркас

өтпелер

өртке қарсы қабырғалар

I

Жанбайтын ( 3 сағат)

Жанбайтын ( 0,5 сағат)

-

II

Жанбайтын ( 2,5 сағат)

Жанбайтын ( 0,25 сағат)

-

III

Жанбайтын ( 2 сағат)

Жанбайтын ( 0,25сағат)

-

IV

Қиын жанатын

( 0,5 сағат)

Жанатын

Жанбайтын

V

Жанатын

Жанатын

Жанбайтын

4.5-кестеде өндіріс орны мен ғимараттардың өртке төзімділігі берілген.

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:

- өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;

- ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;

- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.

3.3 Өндірістегі сәтсіз жағдайларды талдау және сақтық шаралары

Өндірістегі өрттердің және жарылыстардың негізгі және жиі кездесетін себептері: технологиялық режимнің нормальді эксплуатациясын бұзу, электрожабдықтардың және электрожелілердің ақаулары, өзінен-өзі жанып кету, найзағай разрядтары, газ және электропісіру жұмыстарын жүргізу ережелерін бұзу [11].

№ 2118 2009 ж.15-желтоқсандағы техникалық регламентке сәйкес қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың техникалық қауіпсіздігі мысалға келтіріледі:

1. Аварияның алдын алу және оның салдарын оқшаулау жөніндегі іс-шаралар:

1) сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың саңылаусыздығын жоюдың және өндірістік персонал мен қоршаған ортаға қауіп тудыратын мөлшердегі қауіпті заттардың шығарындыларының алдын алу бойынша;

2) сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты тиімді автоматты жүйелермен және жарылыстан қорғауқұралдарымен жарақтандыру бойынша;

3) персоналды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, нұсқаухат және өрт сөндіру құралдарын пайдалануға үйрету бойынша;

4) өндірістік персоналды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша;

5) сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты автоматты басқару, бұғаттау, белгі беру және авариясыз тоқтату жүйелерін орнату бойынша;

6) Сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтың қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкестігін тексеру керек.

Өрт қауіпсіздігі туралы Заң 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Қаулысымен қабылданды. Бұл Заңға 2010 жылы 19 наурызда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нақты мәліметтерге тоқтала кетсек. 3-бапта өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi аталады.

Өндірістегі өрттердің және жарылыстардың негізгі және жиі кездесетін себептері: технологиялық режимнің нормальді эксплуатациясын бұзу, электрожабдықтардың және электрожелілердің ақаулары, өзінен-өзі жанып кету, найзағай разрядтары, газ және электропісіру жұмыстарын жүргізу ережелерін бұзу. Ауысым басталысымен оператор немесе машинист өрт сөндіру құралдарын тексеру керек, ал жұмыс процесі кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек. Жанғыш және майлағыш материалдар арнайы тарада, өрт көздерінен алшақ жерде сақталу керек, оларды сақтаған кезде олардың шамасы аңықталған нормадан аспауы керек. Сүртетін материал арнайы металл қораптарға салынады, бұл қораптарды ауысым біткен босатады. Пісіру, дәнекерлеу және тағы да басқа жұмыстар тек қана бас инженер және өндірістің өрт қауіпсіздігі мүшелерінің рұқстамен ғана орындалу керек. Газдың ағып кетулері аңықталған кезде, өртпен байланысты жұмыстар тез арада тоқтату керек. Жарылуға қарсы орындауда жасалған электрожабдық ақаусыз жұмыс істеу. Машинист цехтағы өрт және жануларды сөндіру білу қажет, өрт сөндіру құрылғыларын және өртке қарсы инвентарьді қолдану білу қажет. Цехта өрт пайда болған жағдайда тез арада зауыттың өрт командасына және цех әкімшілігіне хабарлау керек. Ауысымның қызмет көрсетуші персоналы тез арада өртті сөндіруге кірісу керек. Өрт командасының келуіне дейін барлық операцияларға ауысым бастығы басшылық етеді. Өрт көзі жойылмаған немесе ошақталмаған жағдайда және де өрттің таралу мүмкіндігі бар болса, өндірісті тоқтату керек.

Өрт қауіпсіздігі жағынан ең қауіпті өндірістік бөлмелерді автоматтты қондырғылармен жабдықтайды, олары суды немесе көпіршікті дабылдан кейін автоматты түрде бере бастайды.