Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-1 / Документ / Образец / 4__1178_auipsizdik_zh_1241_ne_e_1187_bekti__1179_or_1171_au_b_1257_limi.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
45.58 Кб
Скачать

3. Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі

3.1 Еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдық мәселелері

Қазіргі техника мен ғылым дамыған заман болса да, тіршілік қауіпсіздігі мен еңбек қорғау мәселелері әрқашан қарастырылып отыруы керек деп ойлаймын. Қызметкерлері де еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі шараларын біліп, әр жұмысшы өз құқығын қорғай алу дәрежесінде болуы қажет. Ал техникалық қауіпсіздік ережелеріне келсек, ол әр қызметкердің өзі жұмыс істеп жүрген ортасында және басқа жерлерде де техникалық қауіпсіздік шараларын қолданып, ережелерін бұзбай және алғашқы медициналық қызмет көрсете білу біліктілігіне ие болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және де Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 3-ші сәуіріндегі №314 «Қауіпті өнеркәсіптік кешендерде индустриялдық қауіпсіздік туралы» сәйкес автоматты бұрғылау кілтін қолдану жұмыстары жүргізілген кезде еңбек қорғалуы және сақтық шаралары жүргізілуі керек.

Дипломдық жобаның нақты бөлімі «ҚР-ның еңбек кодексінің» дәйектемесімен 15.05.07. № 252 ҚР ІІІ заңы бойынша жазылған, 22.11.96 бастап «Өрт қауіпсіздігі туралы заңы», № 314 – ҚР ІІІ заңы бойынша 03.04.02 бастап «Қауіпті өндіріс обьектілеріндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы заңы». Сонымен қатар «Газ және мұнай өңдейтін кенорындарындағы жалпы қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес 03.04.2009 жыл.

№ 2118 15 желтоқсан 2009ж. бастап техникалық регламентіне сәйкес «Жанғыш материалдарды өндіру қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» көрсетіледі. Ол бойынша ұңғылады бұрғылау мен өнім өндіру кезінде ұңғы сағасы ұңғы түбінде қысым арту салдарынан сағадағы жабдықтарды лақтырудың алдын алу және сағаны саңылаусыздандыру мақсатында арнайы саңылаусыздандырғыш жабдықтар превенторлармен жабдықталуы міндетті деп көрсетіледі.

Еңбекті қорғау – Еңбек Кодексі және еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы, орта жөніндегі нормативтік актілерден тұрады. Аталған Кодекс бойынша кәсіпорын әкімшілігі тиісті нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен барлық қызметкерлердің жұмыскерлердің еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі оқуын ұйымдастыруға нұсқау беруге және білімін тексеруге, қайта аттестациялауға міндетті.

Кен орындарын игеруге қатысты 25.12.2009 ж. № 2207 техникалық регламентіне сәйкес бұрғылау кезіндегі техникалық қауіпсіздік шаралары және ережелері атап айтылады. Ол бойынша жұмысшылардың жеке бас қорғаныстары үшін керекті құрал – жабдықтар атап көрсетіледі. Соған сәйкес жұмыс аймағында жұмысшының қауіпсіздігі үшін арнайы қауіпсіздік киімдерімен, құралдарымен жабдықталуы тиіс.

3.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау

Мұнай ұңғымаларын бұрғылау кен орындарында және Автоматты бұрғылау кілтімен бұрғылаудағы қауіпсіздік техникасы, өрт және электроқауіпсіздігі бойынша өзінің детальді жобаланған инструкциялары бар. Олар қызмет көрсетуші персоналмен қатаң түрде сақталу керек. Мұнай және газ өндірісінде химимиялық токсинді заттармен улану дәрежесі жоғары. Аса қауіпті аймақтарда жеке сақтандару шаралары қолданылады: дем алу органдары үшін – шаңға қарсы сүзгі құрылғы, газдан қорғайтын заттар, шлангты противогаздар ПШ-1, қышқылды-жекешелендіргіш құрылғылар (КИП)6 автономды демалу аппараттары: оттегі толтырылған регенеративті аппараттар, көзге маска, арнайы көзілдірік, дене үшін шаңға қарсы комбинизондар, қол үшін арнайы қолғаптар қолданылуы тиіс.

Мұнай қауіптіліктің төртінші класына жатады. Мұнай тұтану температурасы 0°С және өздігінен ұшқындау температурасы 500°С жоғары сұйық жанғыш өнім. Мұнай буынының ауамен араласуы өртқауіптілігі бойынша ПА-ТЗ категориясына жатады.

Мұнаймен әсерлесу терінің құрғауына, дақтануға немесе тұрақты эритемаға, сондай-ақ дененің ашық жерлерінде безеу мен сүйелдердің пайда болуына әкеледі. Мұнай буымен өткір улану орталық жүйке жүйесінің тітіркендіргішітігінің, қан қысымының төмендеуіне себеп болады.

Төменде шикізат құрамына кіретін көміртекті қосылыстардың, күкіртті қосылыстардың және басқа заттардың құрамы келтірілген.

Газдардан, улы шаңдардан қорғану үшін электрлі сүзгілер қолданылады. Ыстық, жарылуға қауіпті газдардың улы ұнтақтардан тазаруы үшін ылғал шаң ұстағыштарды (газдан ылғалдандырып тазартатын аппараттар) қолданылады. Газды шөгулер мен шашыраулардан тазарту абсорберлер, хемосерберлер, адсорберлер арқылы іске асырылады. Кен орынындағы зиянды факторлардың бірі көмірсутекті шикізатты өндіру процесі. Оның тығыздығы 1,54 кг/м, ауаға қатысты - 1,19, төмен желдетілетін жерлерде жиналады. Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде қышқылдылығы төмен. Су және сернисті газ түзіп, көк жалын болып жанады.

Күкіртсутегі - тыныс алуды тоқтату арқылы өлімге әкелетін күшті жүйкелік у. Тыныс жолдарына және көзге тітіркендіргіш әсер етеді. Сумен араласқан кезде теріге тиген жағдайда кызару және экзема пайда болады.

Бұрғылау қалдықтары — саз қоспасы, құмның, улы реагенттер және мұнайдың бұрғылап алынған қоспалары да барынша қауіп туғызады, олар жалпы әлемдік нормативтер бойынша арнайы жабдықталған полигондарға құйылуы керек.

Көмірсутегі ерітінділері еңбек гигиенасын, техника қауіпсіздігін сақтамағаннан адам организміне зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан тазалық шарттарын сақтау – бұрғылау бригадасының жұмысы кезіндегі маңызды шарттың бірі болып табылады.