Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен 2013.docx
Скачиваний:
314
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
358.75 Кб
Скачать

1 Эпилепсия. Классификациясы,ұстама түріне байланысты клиникалық көрінісі, эпилептикалық статус, заманауй диагностикалау және емі.

Эпилепсия-бас ми нейрондарының электрлік белсенділігінің шектен тыс жоғарылауының нәтижәсінде болтын қайталамалы тырыспа ұстамалармен, естен танумен жүретін созылмалы ауру.

Үлкен 3 топқа жіктейміз

1.таралымды

2.фокальдық немесе парциалдық

3.бір жақты

I. Таралымды эпилепсиялық ұстамаға естен тану мен көлемді вегетативтік бұзылулардың дененің екі жағын бірден қамтитын немесе оларсыз бола беретін құрысулармен қосарлану тән. Бұл топ үлкен құрыспалы және кіші құрыспасыз эпилепсиялық ұстамаларға бөлінеді.

А.Таралымды құрыспалы ұстамалар кенеттен пайда болып, үлкен эпилепсиялық ұстама түрінде көрінеді. Аурудың бұл түрінде сырқат айқайлап жіберіп іле топикалы-клонеикалық құрыспалар пайда болады.Олардың толық тоникалық куезеңі ым, аяқ-қол және дене бұлшық еттерінің құрысып-ширығуымен сипатталады. Көз алмалары бағытынан тайып, жоғары ығысады. Аяқ-қол бұлшықеттері шектен тыс ширығады. Дем алуға қатысатын бұлшықеттер ширығуынан апноэ,цианоз дамиды. Құрыспалы ұстаманың клиникалық кезеңінде ауру тілін тістепаузынан қан көпіреді.

Вегетативті бұзылулардың ішінде көз қаршығының жарыққа реакциясы жойылуымен қосарланатын мидриаз жиі кездеседі . Сфинктрлер бұлшықеттерінің ширығуынан еріксіз зәр, кейде нәжіс шығару байқалады. Тамыр соғыс пен АҚ жоғарылайды.

Ұстама әдетте 1-2 минутқа, кейде одан да аз уақытта өтеді, ұйқыға ауысатын кома түрінде аяқталады. Ұйқыдан оянған соң науқаста амнезия, бұлшықеттегі ауырсыну, қалжырау, әлсіздік пайда болады. Көпшілік жағдайда команың соңы сопор тіпті психомоторлық қозу болады.

Толық құрыспалы ұстамалармен қатар, жартылай тарлымды ұстамалар-тек қана тоникалық құрысу немесе тек қана клоникалық құрысу, яғни екі жағынан көлемді миоклониялар болуы мүмкін.

Б.Кіші құрысусыз ұстамалар қарапайым және күрделі абсанстарға бөлінеді. Олар тек қана балалық шақта кездеседі. Кіші ұстама деп аталатын абсанс ұстамадан кейін ешқандай белгі бермейтін қысқа мерзімді естен тану арқылы білінеді.

1.Жабайы(қарапайым)абсанс-қимыл т.б әрекеттердің 5-20секунд бойы тоқтап қалуы. Сырқаттар ол жөнінде өзімен бірге болған адамдар арқылы ғана біледі.

2.Күрделі абсанстарға қысқа мерзімді естен тану ерін мен тілдің еріксіз қимылы және көз алмаларының аларуы т.б мен қабаттасады. Олардың арасында атониялық және акинетикалық абсанстар ажыратылады. Атониялық абсанс-постдуралдық тонустың жойылуынан науқастың құлап қалуы, ал акинетикалық-бұлшықет тонусы өзгермей ақ науқастың есінен танып құлап қалуы.Күрделі абсанстар вегетативтік бұзылулармен қабаттасады.

II.Ошақтық (фокальдық, парциалдық) ұстамалар жабайы және күрделі симптоматикалыларға ажыратылады.

А.”Жабайылары” қимылдық және сенсорлық ұстамалар болып бөлінеді.

1.Қимылдық ұстамалар арасында джексондық пен версивтік ұстамалар жиі кездеседі. Джексондық немесе соматомоторлық ұстамалар әдеиие клоникалық немесе клонико-тоникалық парциалдық құрысу түрінде білінеді.

Бұлшықеттерде байқалатын құрыспалар эпилепсиялық ошақтың ми қыртысындағы қимылдатушы проекциялық аумағындағы орнына байланысты. Құрыспалар орнықты болады немесе көршілес бұлшықетке таралады.

Версивтік эпилепсиялық ұстамалар бірнеше топқа бөлінеді:

1.эпилепсиялық нистагм-эпилепсиялық ошақтың ми қыртысының шүйде бөлігінде орналасуына байланысты көз алмасының біріккен клоникалық ауытқуы;

2.көз қозғалтқыш эпилепсиялық ұстамалар-мидың маңдай бөліміндегі адверсивтік аумақта эпилепесиялық ошақтар болуына байланысты көздің біріккен тоникалық ауытқуы;

3.адверсивтік эпилепсиялық ұстамалар-мидың маңдай немесе самай бөлігінде эпилепсиялық ошақтар болуына байланысты көздің , бастың, дененің топикалық ауытқуы;

4.айнымалы эпилепсиялық ұстамалар-адверсиялық ұстама соңынан ілі дененің шыр айналуы.

Кожевников эпилепсиясы-кейбір бұлшықеттер тобында байқалатын тұрақты миоклониялардың ара-тұра Джексон маршына ауысуынан болатын қимылдық эпилепсия ұстамалары.

Иллюзорлық және галлюцинаторлық (психосенсорлық) ұстамалар өте жиі кездеседі.

  1. Иллюзорлық ұстамалар-шындықтың (көру, есту, иіс сезу стимулдары) бұрмалана қабылдануы.

  2. Галлюцинаторлық ұстамалар

  3. 3.Иллюзорлық пен галлюцинаторлық эпилепсиялық ұстамалар ес-түстен айырылумен қоса, ұстамалы түрде білінетін дереализация немесе деперсонализация типіндегі сенсорлық синтездің бұзылуы.

Әдетте науқаста үлкен ұстамалар қайталанғанда аура стереотипті болады. Аура кезінде науқастар белгілі сезімдерді басынан кешіреді, мысалы қандай болсын иісті (иістік аура) дәмді (дәмдік аура) дыбысты есту аурасы сезу іш ауыру (абдоминальді аура).

III.Біржақты эпилепсиялық ұстамаларға таралымды эпилепсиялық ұстаманың барлық клиникалық белгілері тән. Тоникалы-клоникалық түрдегі құрысулар ауруды лезде билеп әкетеді де, оған ес-түстен айырылу мен ұстама соңындағы бұзылулар қосарланады.

IV.Эпилепсиялық жағдай-қысқа уақыт аралығындағы бірінен соң бірі кезектесіп келетін эпилепсиялық ұстамалар. Олар төртке бөлінеді:

1.үлкен ұстамалы эпилепсиялық жағдай

2.джексондық ұстамалы эпилепсиялық жағдай

3.бір жақты эпилепсиялық жағдай

4.кіші ұстамалы эпилепсиялық жағдай

Эпилепсиялық жағдайдың басты клиникалық көрінісі-дем алу, циркуляторлық және зат алмасу бұзылыстарына әкелетін құрысу ұстамалары.

Аурудың клиникасында мындай белгілер селқостық, сырылдап дем алу, барлық бұлшықеттердің шамадан тыс ширығуы мен толассыз қайталанатын тоникалық құрысулар, үдемелі цианоз, науқасты дірілдетіп шайқалтатын клоникалық құрысулар, еріксіз агония туралы ойлану, көз қарашықтарының кеңеюі, бет-пішінінің сүйірленуі, тамырдың өте әлсіз соғуы, жағымсыз иіс байқалады.

Диагностикасы

  • ЭЭГ

  • МРТ

  • Бұлшықет биоптатын биохимиялық зерттеу

Емі. Вальпрои қышқылы. Депакин 600-1800мг/тәул немесе 30-50мг/кг/тәул. Суксилеп15-30мг/кг/тәул. Гексамидин 0.125 және 0.25г-нан тәулігіне 1-3 рет.Бензонал 0.1-0.3г-нан тәулігіне 2-3 рет фокальдық және клоникалық ұстамаларда тағайындалады. Дифенин 0,05-0,1г-нан абсанс пен миоклониялық ұстамалар мен басқа ұстамаларда да тағайындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]