- •1 Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері......Білуінің мәні
- •2 Аффективті бұзылыстар. Классификациясы, клиникалық көрінісі
- •1 Серозды менингит.....
- •2 Сандырақ. Мағынасы мен түсінігі клиникалық көрінісі
- •3 Жедел алкогльді интоксикацияның клиникасы.
- •2 Жабысқақ жоғары бағалы синдром түсініктің анықтамасы.
- •1 Нейросифилис. Жіктелуі.Этиологиясы.Эпидемиологиясы.Клиникасы,диагностикасы,емі.
- •2 Маниакальный синдром. Клиническая характеристика.
- •3 Алкоголизмнің сатылары
- •1 НейроСпид. Жіктелуі.Этиологиясы.Эпидемиологиясы.Клиникасы,диагностикасы,емі.
- •1 Кенелі вирусты
- •1 Масалық вирусты энцефалит.Жіктелуі.Этиологиясы.Эпидемиологиясы.Клиникасы,диагностикасы,емі.
- •2 Естің бұзылыстары,клиникалық көрінісі,систематика,нозологиялық құралдар.
- •3 Наркомания мен токсикомания жапай әлеуметтік мәселе ретінде
- •1.Экономо эпидемиялық энцефалит Жіктелуі .............
- •2 Галлюцинаторно-сандыпак тусиниги синдромы
- •3 Апиын тобының наркотиктерінің жіктелуі. Апиынды қабылдау жолдары
- •1 Герпетикалы ж/е цитомегалиялыэнцефалит жіктелуі этиологиясы:
- •2 Иллюзия,галюцинациялар және сенсорлы талдаудың бұзылысы.
- •3Основные синдромы наркоманий (токсикоманий), психическая и физическая зависимость.
- •1 Полиомиелит Миелит Жіктелуі этиологиясы эпидимиологиясы клиникасы диогностикасы емі
- •2Естің бұзылыстары,клиникалық көрінісі,систематика,нозологиялық құралдар.
- •3 Полинаркомания: таралуы, диагностика, клиникалық көріністері.
- •1 Цереброваскулярлы аурулар. Жіктелуі, қауіп факторлары, ми инфарктісі, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •2 Корсаков синдромы,клиникалык көрінісі,нозологиялық құралдар.
- •3 Психомоторлы қозудың түрлері клиникалық көрінісі дәрігер тактикасы.
- •2 Интелекттің бұзылысы,басты симптомдар,синдромдар.
- •1 Цереброваскулярлы аурулар.Жіктелуі.Қауіп факторы.Субарахноидальды қан құйылу,эпидемиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.
- •2 Деменция,оның түрлері,клиникасы,оның құрылуының себептері.
- •3 Алкогольдік тәуелділік, алкогольден бас тарту синдромы (алкогольді абсинентті синдром) алкогольді дилирия, алкогольді галлюциноз. Клиникасы, емі.
- •1 Цереброваскулярлы аурулар.Жіктелуі.Қауіп факторы.Ми қан айналымының өтпелі бұзылысы,мидың созылмалы ишемиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.
- •1 Жеке жүйкелердің,жүйке түбіршіктері және тармақтарының зақымдауы.Жіктелуі,этиологиясы,эптдемиологиясы,клиникасы,диагностика,емі.
- •2 Құмарлық бұзылысының түрлері
- •1 Полинейропатия.Жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы,диагностика, емі.
- •Жіктелуі
- •2 Соматикалық аурулардағы психикалық бұзылыстар. Клиникасы, дәрігер тактикасы
- •3 Ми тамырлары ауруларындағы психикалық бұзылыстар( гипертониялық ауру, церебральды атеросклероз)
- •1 Жүйке жүйесінің вертеброгенді аурулары.Жіктелуі, этиологиясы, эпиодемиологиясы, клиникасы,диагностикасы, емі.
- •2 Ми жарақатындағы психикалық бұзылыстар. Бастапқы және жедел кезеңнің клиникасы. Дәрігер тактикасы.
- •3 Маниакальный синдром. Клиническая характеристика.
- •1 Эпилепсия. Классификациясы,ұстама түріне байланысты клиникалық көрінісі, эпилептикалық статус, заманауй диагностикалау және емі.
- •2 Бассүек ми жарақатын басынан өткергендігін психикалық бұзылыстың клиникалық көрінісі. Дәрігер тактикасы.
- •3 Соматикалық аурулардағы психикалық бұзылыстар. Клиникасы, дәрігер тактикасы
- •1 Жүйке жүйесінің вегетативті аурулары. Жіктелуі этиологиясы эпидемиологиясы клиникасы диагностика және емі.
- •2 Корсаков синдромы,клиникалык көрінісі
- •.№21 Билет
- •1 Мигрень. Жіктелуі,Этиология,Эпидемиологиясы,Диагностика, клиника,емі.
- •2Үлкен жастағы психоздар.Сенильді психоз.Клиникасының және емдеу принципінің заңдылығы.
- •1 Шашыранды склероз. Этиология,Эпидемиологиясы,Диагностика,Жіктелуі,клиника,емі.
- •2.Сана бұзылысының диагностикалық критериі.Сана тұмандануының түрлерінің сипаттамасы.Нозологиялық құралдар.
- •1 Жедел шашыранды энцнфаломиелит Жіктелуі, Этиология,Эпидемиологиясы,Диагностика, клиника,емі.
- •2 Эпилепсия.Эпидемиалогиясы,этиологиясы мен патогенезі мәселелердің типтелуі.
- •3 Психотерапия, оның түрлерімен әдістері.
- •1 Лейкоэнцефалит. Жіктелуі Этиология,Эпидемиологиясы,Диагностика,,клиника,емі.
- •2 Үлкен эпи –ұстама ,эпистатус клиникасы .Емдеу принципі,қазыргі анти консульванттар.
- •1 Атрофические (дегенеративные) заболевания головного мозга
- •2 Биполярлы аффективті бұзылыстар(маниакальді-депрессивті психоз)
- •3 Жедел алкогльді интоксикацияның клиникасы.
- •1 Жүйке - бұлшық ет аурулары. Өршімелі бұлшық еттік дистрофия. Жіктелуі, эпидемиологиясы, клиникасы, диогностикасы, емі.
- •2Шизофрения. Клинилалық турі и ағым ерекшелігі.
- •1 Жүйке - бұлшық ет аурулары. Спинальды амиотрофия. Жіктелуі, эпидемиологиясы, клиникасы, диогностикасы, емі.
- •2 Шизофрения. Клинилалық турі и ағым ерекшелігі.
- •3 Алкоголизмнің клиникасы.........
- •1 Жүйке - бұлшық ет аурулары. Миастения. Жіктелуі, эпидемиологиясы, клиникасы, диогностикасы, емі. Миастеникалық және холинергиялық криздер.
- •2 Неврозы. Клиническая картина. Лечение.
- •1 Жүйке жүйесінің метоболизмді бұзылыстарымен дегенеративті тұқым қуалау аурулары. Жіктелуі, эпидемиологиясы, клинаикасы, диагностикасы, емі.
- •2 Соматоформды бұзылыстар, жік клин емі.
- •1 Жүке жүйесінің экстроперомиды жүесының ауқымды зақымдалуымен дегенеративті тұқым қуалау аурулары Жіктелуі.Эпидемиологиясы.Клиникасы,диагностикасы,емі.
- •2 Үлкен жастағы психоздар.Сенильді психоз.Клиникасының және емдеу принципінің заңдылығы.
- •3 Апиын тобының наркотиктерінің жіктелуі. Апиынды қабылдау жолдары
- •1 Жүйке жүйесініңпирамидалық жүйесінің және мишықтың ауқымды зақымдалумен дегенеративты тұқым құалау аурулары. Жіктелуі, эпидемиологиясы, клиникасы , диогностикасы емі
- •2 Психиатрияның пәні мен есептері.Зерттеу әдістері
- •1 Жүйке жүйесінің пре- және перенаталды зақымдалуы. Жіктелуі эпидемиологиясы клиникасы диогностикасы емі
- •2 Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері......Білуінің мәні
- •3 Полинаркомания: таралуы, диагностика, клиникалық көріністері.
- •1 Соматоневрологиялық синдромдар
- •16.2. Қан ауруларының неврологиялық сиңдромдары
- •16.8. Нерв жүйесінің қант диабетіне байланысты зақымдануы
- •2 Құмарлық бұзылысының түрлері
- •2 Естің бұзылыстары,клиникалық көрінісі,систематика,нозологиялық құралдар.
- •3 Шизофрения. Клинилалық турі и ағым ерекшелігі.
- •2 Шизофрения. Клинилалық турі и ағым ерекшелігі.
- •3 Алкоголизмнің сатылары
- •1 Ерікті қозғалыстар және оның бұзылыстары.Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйелер.Мишық бұз.Симптомдар және синдромдар.Зерттеу әдістері.
- •2Психикалық нормаға түсініктеме. Психикалық аурулардың себептері. Тұқым қуалаудың рольі ж/е ортадағы факторлардан пайда болған психикалық бұзылытар
- •3 Сандырақ. Мағынасы мен түсінігі клиникалық көрінісі
- •1 Басканка ми жуйелері
- •2.Психикалық бұзылыстардың психотикалық және психотикалық емес зақымдалу деңгейлері.Позитивті және негативті синдромдар
- •3 Жабысқақ жоғары бағалы синдром түсініктің анықтамасы.
- •№39 Билет.
- •2 Депрессивный синдром. Клиническая характеристика, систематика.
- •2 Аффективті бұзылыстар. Классификациясы, клиникалық көрінісі
- •3 Психотерапия, оның түрлерімен әдістері.
№1 билет.
1 Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері......Білуінің мәні
Психиатрия - бұл жүйке ауруларының пайда болу мехмнизмін, клиникасын, ағымын зерттейтін, алдын алу мен емін жүргізетін клиникалық медицинаның өзіндік бөлімі. Психиатрияның негізінде жан дүниені емдеу жатыр. Психиатрия дәстүрлі түрде жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы психиатрия психикалық бұзылыстар синдромдарының , симптомдарының дамуының жалпы заңдылықтарын, олардың ағымы мен негізінде жатқан патогенетикалық механизмдерін зерттейді. Оның құрамына психопатология және кейде патопсихология, әсіресе когнитивті бұзылыстарды бағалау жайлы әңгіме болғанда, кіреді. Жеке психиатрия жеке аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникасын, оның түрлері мен сәйкес психикалық бұзылыстармен сырқаттардың емін сипаттайды.
Психикалық бұзылыстардың дамуына, клиникасына, болжамына жас факторы үлкен әсер ететіндіктен психиатрияда балалар, жасөспірімдер психиатриясы мен геронтопсихиатрия (егде жастың псхиатриясы) сияқты бөлімдер бар. Жеке соттық психиатрияны, әлеуметтік психиатрияны, транскультуральды психиатрияны, биологиялық психиатрияны бөледі. Биологиялық психиатрия- жүйке ауруларының дамуына қатысатын биологиялық механизмдерді (нейрофизиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық) және дәрілік пен басқа да емдеудің биологиялық тәсілдерінің әсерін зерттейтін теориялық бөлім. Психиатрияның бөлімдеріне сондай-ақ сексопатология мен суицидология кіреді. Психиатриямен байланысты, бірақ ерекше ғылыми пән болып психотерапия, психология және психофармакология саналады.
Әлеуметтік психиатрия қоғамның психикалық науқастарға,психикалық бұзылыстардың эпидемиологиясы мен реабилитациясына қатынасын суреттейді. Психикалық бұзылыстарға қатынас мәдениеттің типіне тәуелді. Ежелгі мәдениетте (археизм) ауытқулы мінез-құлық үрей, бейкүнә дірілді, жек көруді немесе дискриминацияны тудырды. Кейбір мәдениеттерде мінез-құлқы өзгерген адамдар шамандарға айналған және өздері басқа ауруларға діни (ритуальный)іс-әрекеттерді жүргізді. Соматикалық және психикалық бұзылыстарға әсер ететін алғашқы әлеуметтік обрядқа ырғақты ән мен би билеумен өзгерген мінез-құлыққа әсер етуге негізделген Калахари бушмендерінің trance-dance жатады. Үндістан мен оңтүстік-шығыс Азияда, сонымен қатар Африкада ауытқыған мінез-құлыққа үнемі жоғары толеранттылық болды, керісінше Европада орта ғасырларда жүйке ауруларына қарсы қатаң тәртіптік шаралар жүргізілді. Негізінен, науқастар тобы «ақымақтар кемесіне» отырғызылып, Европа өзендеріне жүзуге жіберілген. Науқастар инквизицияның қинауына тап болған және өрттелген, ал алғашқы психиатриялық клиникалар түрмені еске түсіреді, өйткені онда науқастар кісендеулі күйде өмір сүрген. P. Pinel (1745—1826) жүйке науқастарын бағу және емдеуге гумманизм принциптерін енгізуді алғаш ұсынған. G. Conolly (1794—1866) психиатрияға «шеттетпеу принципін» (nonrestrain) енгізді.
Психиатрияның мақсаттары
Психиатрия дәстүрлі түрде жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы психиатрия психикалық бұзылыстар синдромдарының , симптомдарының дамуының жалпы заңдылықтарын, олардың ағымы мен негізінде жатқан патогенетикалық механизмдерін зерттейді. Оның құрамына психопатология және кейде патопсихология, әсіресе когнитивті бұзылыстарды бағалау жайлы әңгіме болғанда, кіреді. Жеке психиатрия жеке аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникасын, оның түрлері мен сәйкес психикалық бұзылыстармен сырқаттардың емін сипаттайды.
Психикалық бұзылыстардың дамуына, клиникасына, болжамына жас факторы үлкен әсер ететіндіктен психиатрияда балалар, жасөспірімдер психиатриясы мен геронтопсихиатрия (егде жастың псхиатриясы) сияқты бөлімдер бар. Психиатрия көптеген қоғамдық қызметтерді атқарады, солардың ішінде ең маңыздылары- сараптамаларды өткізу (еңбек, әскери, соттық). Еңбек сараптамасы жүйке науқастарының еңбекке қабілеттілігінің жойылуының дәрежесін анықтайды; әскери сараптама шақыртылғандардың Әскери күштер қатарында жүре алуын және олардың әскери борыштарын өтей алу мүмкіндігін анықтайды; соттық-психиатриялық сараптама зерттелушілердің, жүйке науқастарының азаматтық құқықтарын орындай алуын және оларды толық пайдалана алуын, ал құқықты бұзған жағдайларда заңмен көрсетілген жауапқа тартылуын анықтайды.
Психиатриядағы зерттеу тәсілдері.
Клиникалық тәсілдің мақсатына- жүйке ауруларының көрінісі мен ағымына, пайда болуына қатысты психикалық феномендерді анықтау жатады.
Клиникалық зерттеуге қарау, бақылау және анамнез мәліметтерін жинау жатады. Науқаспен жеке сұхбаттаспаса анықталмайтын көптеген белгілер болады. Науқастарды сұрастыру, негізінен, туысқандарынан оңаша жүргізіледі. Жиі сұхбатты келу мақсатын бірден анықтау арқылы бастайды (егер науқас дәрігерге өз еркімен көрінсе), бірақ көп жағдайларда бірінші жалпы танысу сұрақтарын қойған дұрыс- жас, мамандығы, жанұясы туралы. Бұл науқастың қорқыныш және ыңғайсыздану сезімін жояды, ал дәрігерге науқаспен сұхбаттасу жоспарын құрастырудың келесі деңгейіне өтуіне көмектеседі. Жиі барлық шағымдарын айта отырып науқас аурудың негізгі белгілерін суреттеп береді, бірақ сын көз болмаса ол ауру екенін мойындамайды. Қасарласу немесе айтылған пікірлерге қарсы шыққаннан гөрі аурудың ойын тыңдаған дұрыс. Қойылыа жатқан сұрақтардың негативтілігін жоюдың маңызы зор. Мысалы, «Сіз кек сақтағышсыз ба?» дегенді «Сіз реніш пен әділетсіздікке қаншалықты сезімталсыз?» дегенге алмастырған жөн.
Адамның эмоция сферасын анализдеу сұхбат кезіндегі оның бет қимылын, қолмен қимылдауын, дауыс екпінін қатаң бағдарлаусыз болмайды. Әсіресе, айтылған пікір мен сыртқы эмоциясының көрінісінің ажырауын байқау керек. Сұхбат кезінде алынған мәліметтерді (науқаспен қатынасқа түсе алу мүмкіндігі, ориентировканың бұзылысы, сыртқы түрі, сұхбат кезіндегі сөйлеу мәнері мен қимылы, қабылдау, ойлау, есте сақтау, интеллект, эмоция мен ерік-жігердің бұзылысы, ) ауру тарихына белгілі ретпен енгізеді.
Жатқызудың себептері
Жедел (ургентті) жатқызу
Себеп: шұғыл психикалық көрсеткіш бойынша жатқызу
а) науқастың жағдайы өзіне қауіпті (аутоагрессия)
б) науқастың жағдайы қоршаған ортаға қауіпті (гетероагрессия)
Барлық жағдайда- мәжбүрлік шара
Типтік психотикалық жағдайлар
Сананың күңгірттенуі
Делирий
Жедел параноид
Императивті галлюциноз
Кандинского – Клерамбо синдромы
Эпилептиктердің дисфориясы
маниакальды аффект
эндогенді депрессия
патологиялық мастық
10) аталған критерийлерге сай гебефрендік қозу немесе ступор
Жоспарлы жатқызу- науқастың өзімен келісілген.
Ауто- немесе гетероагрессия жоқ жүйке ауруларының түрін емдеу. Участкілік дәрігердің кез келген ұсыныстары, аурудың рецидиві, өршуі науқастың келісімімен жатқызуға көрсеткіш болуы мүмкін.
Шұғыл жатқызу- еңбек, әскери немесе соттық – психиатриялық сараптамасы.
Көркем құралдар (слайдтар- 5 дана)
1 слайд
Этиологиясы бойынша аурулардың келесі топтарын бөледі;
Эндогенді деп- тұқымқуалауға бейім, патогенезінде генетикалық негізделген бұзылыстар (шизофрения, маниакальды-депрессивті психоз) жатқан ауруларды айтады.
Экзогенді деп- этиологиялық факторы сыртқы орта (бассүйек-ми жарақаты, энцефалит, алкоголизм, наркомания, токсикомания) болып табылатын аурулар.
Психогенді деп- сыртқы ортаның психожарақаттаушы факторларымен шақырылатын аурулар аталады (невроз, реактивті психоз).
Соматикалық (симптоматикалық) - психикалық бұзылыстар себебі соматикалық аурулар болатын ауруларды айтады.
2 слайд
Психикалық бұзылыстарды емдеу тәсілдерін екі топқа бөледі: биологиялық және психологиялық.
Биологиялық тәсілдерге жатады:
Медикаментозды ем
Электротырысу
Инсулинді-коматозды ем
Физиоем
Диета
Биологиялық тәсілдердің ішінде психотропты заттарды қолдану ең негізгісі болып саналады.
Психологиялық тәсілдерге психотерапияның барлық түрлері жатады:
Рационалды психотерапия
Гипнотерапия
Топтық психотерапия
Психоанализ
3 слайд. Психоқоғамдық топтардың негізгі мақсаттары
Қоғамда өмір сүру қабілетін қалпына келтіру үшін сақталған позитивті жақтарына сүйене отырып тұлға сапасын дамыту;
Фармакотерапиямен қоса, ұзақ қалпына келтіру жұмыстарына ынталықты дамыту;
Қалдық психотикалық бұзылыстармен күресу стратегиясына үйрету;
Қайта өршу мен жатқызуды алдын алу;
Қоршаған ортада бейімделуді жақсарту үшін қоғамдық, коммуникативтік, еңбек компенсациясын дамыту;
Науқастың қспецификалық мұқтаждықтары алдында қоғамдық ортаның бейімделуі
Науқастар психоқоғамдық топқа емделу кезінде және шыққаннан кейін барып тұрады.
Шығармашылық белсенділігін күшейту
Қоғамдық тәжірибенің тренингі (гигиена, күн тәртібі, тамақ дайындау)
Науқас өміріндегі шынайы жағдайларды мысалға ала отырып байланыс қиындықтарын талқылау
Психотүзілу тренингі (науқасқа психикалық аурулардың табиғаты мен көрінісіне ақпарат беру)
Маңызды аурырсынулы сезінулерді және оған бейімделу тәсілдерін талқылау.
4 слайд. Психикалық науқастарға ауруханадан тыс көмекті ұйымдастыру.
Психикалық науқастарға ауруханадан тыс көмек төмендегідей ұйымдастырылады:
Психоневрологиялық диспансер
Психиатриялық ауруханалардың диспансерлік бөлімдері
Жалпы соматикалық емханалар мен ауруханалардағы кабиненттер
Шұғыл жатқызуға көрсеткіштер
Науқастың қоғамға қауіптілігі шұғыл жатқызуға көрсеткіш болады (5 слайд):
Агрессивті әрекеттерге бейім психомоторлы қозудың жедел психикалық жағдайындағы бұрыс әрекеттер
Галлюцинация
Сандырақ ойлар
Психикалық автоматизм синдромы
Бұзылған сана синдромы
Патологиялық импульсивтілік
Дисфория
Қоғамға қауіпті әрекет болатын жүйелі сандырақ синдромя
Ипохондриялық сандырақтау, егер қоршаған ортаға, мекемеге науқастың бұрыс, агрессивті әрекеті жасалса.
Суицидтік ойға итермелейтін депрессивтік жағдай
Маниакальды немесе гипоманиакальды жағдай
Психопатологиялық тұлғалардағы, олигофрендардегі, мидың органикалық зақымдалуының қалдық белгілері бар науқастардағы қоршаған ортаға бағытталған агрессивті қозумен жүретін жедел психотикалық жағдай