
- •1.1-Тақырып: Амандасу.
- •1.2 -Тақырып: Танысу.
- •1.3-Тақырып: Кешірім. Өтініш. Алғыс. Келісу. Қарсылық білдіру. Құптау. Құптамау.
- •2.1-Тақырып: Өзім туралы.
- •2.2-Тақырып: Досым туралы.
- •2.3-Тақырып: Отбасы.
- •2.4-Тақырып: Мекенжай (Біздің үй. Менің бөлмем).
- •Біздің үйіміз
- •3.1-Тақырып: Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн.
- •Жыл мезгілдері
- •3.2-Тақырып: Сағат неше?
- •3.3-Тақырып: Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс.
- •Демалыс күні
- •3.4-Тақырып: Мереке күндері.
- •Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері
- •3.5-Тақырып: Шақыру, құттықтау, тілек айту.
- •4.1-Тақырып: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Мерекелік дастархан
- •4.2-Тақырып: Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).
- •5.1-Тақырып: Дене мүшелері (мәтін құру).
- •Дене мүшелері
- •5.2-Тақырып: Емханада. Ауруханада.
- •6.1-Тақырып: Менің туған ауылым (орналасқан жері, табиғаты).
- •Алматы қаласы
- •6.4-Тақырып: Әмбебап дүкенінде. Базарда.
- •6.5-Тақырып: Мұражайда.
- •6.6-Тақырып: Кітапханада.
- •6.7-Тақырып: Саябақта.
- •6.8-Тақырып: Театрда.
- •7.1- Тақырып: Менің елім - Қазақстан.
- •7.2-Тақырып: Ел рәміздері.
- •7.3-Тақырып: Елордасы – Астана қаласы.
- •7.4-Тақырып:Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт-дәстүрі.
- •7.5-Тақырып: Қазақстанның мәдениеті. Ұлттық өнері.
- •7.6-Тақырып: Қазақстанның өнеркәсібі.
- •7.7-Тақырып: Ұлы адамдар өмірінен.
- •8.1-Тақырып: Біздің университет.
- •8.2-Тақырып: Менің мамандығым.
3.4-Тақырып: Мереке күндері.
1-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып сұхбат құрыңыз. Мереке, мейрам, демалыс, серуендеу, қыдыру, концерт тамашалау, теледидар көру,қызықтау, құттықтау, шақыру, сыйлау, сыйлық. Бүгін жұмыс күні ме?Жоқ, бүгін мейрам емес пе? Онда үйде отырмайық, концертке барайық. Барсақ, барайық. Жақсы, келістік.
2-тапсырма. Болымсыз етістіктерге айналдырыңыз. [1, 294-б. 17-жаттығу]
Үлгі: келгенбіз – келмегенбіз, келген жоқпыз, келген емеспіз;...
Үйреткен, барғансыңдар, сөйлескенмін, бергенбіз, шақырғанбыз, ішкенсіндер, қашқан, тындаған, кигенмін.
3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1,112-б. 27-жаттығу]
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері
Мерекенің екі түрі бар: бірі – үкіметіміз ресми түрде бекіткен тойлар, екіншісі – ресми емес, ұлттық мерейтойлар.
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз ел. Тәуелсіз ел – бақытты ел. Бақытты елде мереке көп. Қазақстанның Тәуелсіздік күні желтоқсанның он алтысында. Бұл мереке және Конституция күні (тамыздың отызында), Республика күні (қазанның жиырма бесінде) – ұлттық ресми мереке күндері. Қаңтардың бір-екісінде тойланатын Жаңа жыл мерекесі, наурыздың сегізінде тойланатын Халықаралық әйелдер күні, наурыздың жиырма екісінде тойланатын Наурыз мейрамы, мамырдың бірінде тойланатын Халықаралық Ынтымақ күні және мамырдың тоғызында тойланатын Жеңіс күні – бұрыннан тойланып келе жатқан ресми ұлттық мерейтойлар.
Ал екіншісі – 1999 жыл – тұңғыш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайланғанжылы; 1998 жыл – мемлекетіміздің жаңа астанасының Ақмолаға көшіп Астана аталуы. Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсрепов, Қаныш Сәтбаев мерейтойлары, Түркістанның 1500 жылдығы, Тараз қаласының 2000 жылдығы, Алматы қаласының 150 жылдығы – ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен тойлар.
Қазақ халқы – тойшыл халық. Тәуелсіз ел болғалы облыстарда, аудандарда, тіпті ауылдарда тойлар өтуде. Бұл – елімізідің әл-ауқаты жақсарып келе жатқанның белгісі. Мұның бәрі – тәуелсіз ел болғанымыздың арқасы. Қазақ халқында жақсы тілек бар: «Той тойға ұлассын!» Біз осы тілекті тәуелсіз елімізге тілейік.
4-тапсырма. Ответьте на вопросы. (Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. «Казахский язык для всех» Основной курс. 113-б. 28-жаттығу).
1. Мерекенің қандай түрлері бар? 2. Қазақстан қандай ел?
3. Қазақстанда мереке көп пе? Олар қандай мерекелер және қашан?
4. Мерекенің екінші түрі қандай? 5. ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен тойлар қандай? 6. Қазақ халқы қандай халық? 7. Тәуелсіз ел болғалы не өуде? Бұл ненің арқасы? 8. Бұл неніңбелгісі? 9. Мұның бәрі ненің арқасы? 10. Қазақ халқында қандай тілек бар?
5-тапсырма. Перечислите праздники по их типам. (Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. «Казахский язык для всех» Основной курс. 113-б. 29-жаттығу).
Жаңа жыл; Абай мерейтойы; Республика күні; Түркістанның 1500 жылдығы; Тараз қаласының 2000 жылдығы; Наурыз мейрамы; Алматы қаласының 150 жылдығы; Халықаралық әйелдер күні; Қаныш Сәтбаев мерейтойы; Халықаралық ынтымақ күні; Жеңіс күні; Жамбыл мерейтойы; Конституция күні; Ғабит Мүсірепов мерейтойы; Тәуелсіздік күні; Мұхтар Әуезов мерейтойы... Үкімет ресми түрде бекіткен тойлар: ... Ресми емес, ұлттық мерей тойлар: ...
6-тапсырма. Прочтите и скажите, какие праздники отмечаются в этот день [1,113-б. 29-жаттығу].
Мамырдың бірі, желтоқсанның он алтысы, наурыздың жиырма екісі, мамырдың тоғызы, наурыздың сегізі, тамыздың отызы, қаңтардың бірі, қазанның жиырма бесі.