Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Лексические темы.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
292.35 Кб
Скачать

Тәжірибешілік сабақтардың тапсырмалары мен жаттығулары

1.1-Тақырып: Амандасу.

1 - тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:

Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет, кездесу; Сәлеметсіз бе?Сәлеметсіз бе?Халіңіз қалай?Шүкір, жақсы.Кездескенше сау болыңыз!Сау болыңыз!

2 – тапсырма. а)Жуан, жіңішке дауыстылар аралас сөздерді дұрыс айтып жаттығыңыз:

Дәрісханада, дәрісхананың, кітаптарды. ә) Жіңішке дауысты дыбыстарды жазыңыз; б)Жуан дауысты дыбыстарды жазыңыз; в) Орыс тілінде жоқ дауыстыларды жазыңыз.

3 – тапсырма. Қазақ тіліне тән дыбыстармен 5 ер және 5 әйел атын жазыңыз:

1.2 -Тақырып: Танысу.

1 – тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:

Ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол

-Таныс болайық. Сіздің атыңыз кім?Менің атым – Гүлнәр.Сіздің атыңыз кім?Менің атым – Ержан.Өте жақсы.Танысқаныма қуаныштымын.

2 – тапсырма.Мына сөздерді оқыңыз, орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі Ы дыбыстарын айтудағы айырмашылықтарға көңіл бөліңіз. Прочтите, обращая внимание на разницу произношение русского-Ы и казахского-Ы:

[1, 20-б. 3-жаттығу]

Жир – жыр Сыр – сыр Сын – сын Жил – жыл Дым – дым

3 – тапсырма. Ы және І артикуляциясындағы ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Прочтите, объясните разницу в артикуляции Ы и І: [1, 21-б. 7-жаттығу]

Ыс – іс Ыл – іл Тыс – тіс Сыз – сіз Ызыл – ізсіз

1.3-Тақырып: Кешірім. Өтініш. Алғыс. Келісу. Қарсылық білдіру. Құптау. Құптамау.

1 – тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:

- Кешірім, ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы болмау, жоқ, келісу, әрине, келіспеу, құптау.

- Кешіріңіз, кіруге бола ма? Кіріңіз. Ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін. Оқасы жоқ, не айтайын деп едіңіз? Айтып жіберіңізші, сағат қанша болды? Сағат 8-ден 5 минут кетті. Сізбен әңгімелесуге бола ма? Жоқ, уақытым жоқ. Кешіріңіз, әңгімелесуге уақытым жоқ.

2 – тапсырма. Ы және І дыбыстарының айтылудағы ерекшеліктеріне көңіл бөле отырып, мына сөздерді оқыңыз. Прочтите, обращая внимание на произношение звуков Ұ и Ү: [1, 71-б. 5-жаттығу]

ұқ- үк, ұн – үн, ұр – үр, ұш – үш, құн – күн, сұр – сүр, тұр – түр.

2.1-Тақырып: Өзім туралы.

1 – тапсырма. «Өзім туралы» тақырыбына шығарма жазыңыз.

Мына сұрақтар қамтылсын:

-фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты кім?

- туған жеріңіз қайда?, жасыңыз нешеде?

-қайда оқып жүрсіз, нешінші курста?, қайда жұмыс істеп жүрсіз?

-аға, апа, іні, қарындастарыңыз барма?

-олардың жастары нешеде?

-олар не істеп жүр?, ата-анаңыз не істеп жүр?

2 – тапсырма. Ғ - Қ, Х - Қ артикуляциялық ерекшеліктерін оқыныз, түсіндіріңіз [1, 31-б. 3-жаттығу]:

Баға – бақа қат – хат ғана – қана қал – хал

таға – тақа қош – хош жаға – жақын Қасен – Хасен

3 – тапсырма. Жіктік жалғаулардың лайықтысын жалғап, жекешесін бір бағанға, көпшесін екінші бағанға көшіріп жазыңыз [1, 158-б. 15-жаттығу] :

Мен абзал... . Біз егіз... . Мен мұғалім... . Біз дәрігер... . Мен жігіт... . Мен қазақ... . Мен жалқау... . Мен елуде... . Біз жас... . Мен студент... . Мен жаман... . Біз қонақ... . Біз еркек... . Мен күшті... . Мен Ораз... . Біз отызда... .

4 – тапсырма. Төмендегі сөздерді жіктеңіз: (Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. «Казахский язык для всех» Основной курс. 158-б. 17-жаттығу)

Бірінші, мұғалім, үлкен, адам, жас.