Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Лексические темы.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
292.35 Кб
Скачать

2.2-Тақырып: Досым туралы.

1 – тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып ең жақын досыңыз туралы әңгімелеңіз:

Менің досым, оның аты, есімі, бір мектепте, көрші, өнерлі, ақылды, сабырлы, шылым шекпейді, ақ көңіл, жақын, ең, өте.

Сөйлесім үлгілері:

  • Сіздің досыңыз кім?

  • Менің ең жақын досым – Болат.

  • Ол қандай адам?

  • Ол өте сабырлы, ақылды жігіт.

2 – тапсырма. Дыбыс аркуляциясындағы айырмашылыққа көңіл бөліп, мына сөздерді оқыңыз:

Прочтите следующие слова, обратив внимания на разницу в артикуляции звуков [1,59-б. 3-жаттығу]:

Ен - «ширина», ең - «самый»

Кен – «руда», кең – «просторный»

Он – «десять», оң – «правый»

Мен – «я», мең – «родинка»

Жене – «союз И», жаңа – «новый»

2.3-Тақырып: Отбасы.

1- тапсырма. Төмендегі сөздердің көмегімен өзіңіздің отбасыңыз жайлы әңгіме құрыңыз: Отбасы, жұбай, әке, шеше, ата, әже, аға, іні, ұл, қыз, қарындас, сіңлі, әпке, нағашы, жиен, немере, немере туыс, ағайын.

Сөйлесім үлгілері: Бұл кім?Бұл – менің жұбайым, аты – Толқын.Ал анау ше?Ол – менің ұлым, аты – Айсұлтан.

2 – тапсырма.Жалпылау есімдіктерін қатыстырып, өз ойларыңнан бес сөйлем құраңдар.

3 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. [1, 221-б. 3-жаттығу]

1. Менің отбасым үлкен, ал сенің отбасың? 2. Менің әжем мен атам жоқ, ал сенің ше? 3. Менің әке-шешем ауылда тұрады, ал сенің әке-шешең қайда тұрады? 4. Біз жеке меншік үйде тұрамыз, ал сендер? 5. Менің әкем мал бағады, ал сенің? 6. Менің шешем үй шаруасымен айналысады, ал сенің шешең? 7. Менің ағам үйленген, ал сенің ағаң? 8. Менің апам тұрмысқа шықты, ал сенің апаң? 9. Мен пединститутта оқып жүрмін, ал сен? 10. Біз мереке күндері әке-шешемнің үйіне жиналамыз, ал сендер?

2.4-Тақырып: Мекенжай (Біздің үй. Менің бөлмем).

Сөздік минимум: Біздің үй, менің бөлмем, 1-2-3 бөлмелі, үлкен, екі, үш, бес қабатты, жеке меншік, қазыналы үй, кең, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиһаз, сәнді, қолайлы, жуынатын бөлме.

Сөйлесім үлгілері: Сіз қай көшеде тұрасыз?Мен С. Торайғыров көшесінде, 25-үйде, 9-пәтерде тұрамын. Ал сіз ше?Менің мекенжайым: Естай көшесі, 125-үй, 27-пәтер.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1, 134б.]

Біздің үйіміз

Біздің үй Алматы каласында, Абай данғылында. Нөмірі алтыншы, тоғыз қабатты уй — біздің үй. Ол жеке меншік үй емес, қазыналық үй. Біздің пәтеріміз төртінші қабатта. Пәтеріміздің үш бөлмесі бар.

Kipe берісте кең, үлкен деліз бар. Бipiнші және ең үлкен бөлме — төргі (қонақ) бөлме. Tөpгі бөлменің үлкен 6ip терезесі бар. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Tөpгі бөлменің оң жағында екі кресло, бұрышта теледидар тұр. Қабырғада кілем ілулі тұр. Tөpгі бөлменің сол жағында диван және жорнал үстелі тұр. Қабырға жиһазы да осында. Қабырға жиһазында кітаптар және қымбат ыдыс-аяқтар тұр. Қабырға жиһазының үстінде үстел сағаты тұр. Tөpгі бөлменің едені - паркет. Паркеттің үстінде әдемі кілем жатыр. Ортада үлкен дөңгелек үстел, сегіз орындық тұр.

Екінші бөлме - әке-шешемдікі. Ол жататын бөлме. Мұнда екі кереует, тумба, үлкен үш eciктi шифоньер және үлкен айна (трю­мо) тұр.

Үшінші бөлме — менікі. Бөлмемде eкi кереует, гарде­роб, жазу устелі, бip орындық бар. Үстелде калькулятор, өшіргіш, калам, қарындаштар, кітап және дәптерлер жатыр. Компьютер, кітап cөpeci де осында. Онда оқулықтар, көркем әдебиеттер тұр.

Ас үйде ас үй жиһазы бар. Онда ыдыс-аяқтар тұр. Тоңазытқыш, мұздатқыш та осында.

Жуынатын бөлмесі, әжетханасы бөлек. Бөлмелер оңаша, өте колайлы. Телефонымыз да бар.

Ағамның үйi - жеке меншік үй. Yйi — eкi қабатты, сегіз бөлмелі. Аулалары кең. Гаражы, моншасы, алма бағы да бар. Жазда өте қолайлы.

Сөздік

даңғыл — проспект

жеке меншік — частный

қазыналық - государственный

пәтер — квартира

Kipe берісте — у входа

Дәліз — прихожая

Төргі (қонақ) бөлме - гостиная

оң жағында — справа

сол жағында - слева

қабырға жиһазы — стенка

қымбат — дорогой

ыдыс-аяқ — посуда

үстінде - на, наверху

дөңгелек - круглый

2-тапсырма. Составьте предложения, используя слова таблицы. [1, 135-б.34-жаттығу]

1

Біздің үй

Ағамның үйі

Әке-шешемнің үйі Жолдасымның үйі

Досымның үйі

Абай даңғылында, Төле би көшесінде, Қарағандыда, Атырау қаласында, "Көктем" ықшамауданында, қаланың орталығында, қаланың шетінде, ауылда, Ақсу ауданында, қалада.

2

Біздің үй

Ағамның үйі

Әке-шешемнің үйі

жеке меншік үй, қазыналық үй, үлкен тоғыз қабатты үй, бес қабатты үй, eкi қабатты үй, өте әдемі үй.

3

Біздің үйімізде

Ағамның үйінде

Төргі бөлмеде

Әке-шешемнің бөлмесінде

Менің бөлмемде

Ас үйде

Жататын бөлмемде

Жуынатын бөлмеде

Кіре берісте

кілем, перде, сурет, монша, жорнал үcтeлi, үстел сағаты, кресло, айна, телефон, сегіз орындық, кереует, гараж, ас үй жиһазы, жазу устелі, уш eciктi шифоньер, кабырға жиһазы, кітап сөpeci, шкаф, теледидар, диван, алма бағы, дөңгелек устел, гардероб, компьютер, тоназытқыш, мұздатқыш ...

тұр.

жатыр.

ілулі тұр.

бар.

жоқ.

3-тапсырма.Сан есімдерді сөзбен жазып, олардан реттік сан есім жасаңыз.

Үлгі: отыз бір – отыз бірінші.

31, 25, 17, 59, 36, 78, 57, 13, 45, 654, 258, 346, 555.

4-тапсырма. Заполните таблицу, заменив цифровые записи чисел словесны­ми, а словесные — цифровыми. [1, 135-б. 14-жаттығу]

Үш мың жүз елу сегіз

. . . . . . . . . .

. . . . . . . . . .

5 349

. . . . . . . . . .

10 578

Он екі мың төрт жүз алпыс бес

. . . . . . . . . .

. . . . . . . . . .

978 314

. . . . . . . . . .

34 709

елу бес мың жеті жүз тоқсан

. . . . . . . . . .

. . . . . . . . . .

475 120

. . . . . . . . . .

209 179

тоғыз жүз сексен үш мың жеті жүз

жиырма 6ip

. . . . . . . . . .

. . . . . . . . . .

31 587

бес жүз жиырма төрт мың сегіз жүз он алты

. . . . . . . . . .

eкi миллион үш жүз тоқсан eкi мын, тоғыз жүз қырық

. . . . . . . . . .

. . . . . . . . . .

1 902 357 785

он бес миллиард сегіз жүз отыз алты миллион төрт жүз жиырма жеті мың үш жүз жетпіс екі

. . . . . . . . . .