
- •1.1-Тақырып: Амандасу.
- •1.2 -Тақырып: Танысу.
- •1.3-Тақырып: Кешірім. Өтініш. Алғыс. Келісу. Қарсылық білдіру. Құптау. Құптамау.
- •2.1-Тақырып: Өзім туралы.
- •2.2-Тақырып: Досым туралы.
- •2.3-Тақырып: Отбасы.
- •2.4-Тақырып: Мекенжай (Біздің үй. Менің бөлмем).
- •Біздің үйіміз
- •3.1-Тақырып: Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн.
- •Жыл мезгілдері
- •3.2-Тақырып: Сағат неше?
- •3.3-Тақырып: Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс.
- •Демалыс күні
- •3.4-Тақырып: Мереке күндері.
- •Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері
- •3.5-Тақырып: Шақыру, құттықтау, тілек айту.
- •4.1-Тақырып: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Мерекелік дастархан
- •4.2-Тақырып: Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).
- •5.1-Тақырып: Дене мүшелері (мәтін құру).
- •Дене мүшелері
- •5.2-Тақырып: Емханада. Ауруханада.
- •6.1-Тақырып: Менің туған ауылым (орналасқан жері, табиғаты).
- •Алматы қаласы
- •6.4-Тақырып: Әмбебап дүкенінде. Базарда.
- •6.5-Тақырып: Мұражайда.
- •6.6-Тақырып: Кітапханада.
- •6.7-Тақырып: Саябақта.
- •6.8-Тақырып: Театрда.
- •7.1- Тақырып: Менің елім - Қазақстан.
- •7.2-Тақырып: Ел рәміздері.
- •7.3-Тақырып: Елордасы – Астана қаласы.
- •7.4-Тақырып:Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт-дәстүрі.
- •7.5-Тақырып: Қазақстанның мәдениеті. Ұлттық өнері.
- •7.6-Тақырып: Қазақстанның өнеркәсібі.
- •7.7-Тақырып: Ұлы адамдар өмірінен.
- •8.1-Тақырып: Біздің университет.
- •8.2-Тақырып: Менің мамандығым.
3.1-Тақырып: Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн.
1-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып сұхбат құрыңыз.
Жыл, мезгіл, мерзім, уақыт, маусым, көктем, жаз, күз, қыс, наурыз, суық, жаңбыр, қар, аяз, боран, жел, самал жел, жылы, ыстық, ашық, бұлтты. Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды?Маған көктем ұнайды.
2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1, 100-б. 26-жаттығу]
Жыл мезгілдері
Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір мезгілде үш ай бар. Үш ай – бір тоқсан.
Жылда он екі ай бар. Қыс айлары – желтоқсан қантар , ақпан; көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр; жаз айлары – маусым, шілде, тамыз; күз айлары – қыркүйек, қазан қараша.
Көктем - тамаша кез. Көктемде күн жылы, салқын емес, кейде жаңбырлы, кейдк құрғақ.
Жаз – ең жақсы кез. Жазда күн ыстық, жаңбыр аз. Жаз – демалыс кезі.
Күзде күн салқын, жаңбыр көп. Күзде жеміс-жидек, көкөніс өте көп.
Қыста күн суық, қысқа, ал түн ұзақ. Қыс - өте әдемі, ақ қарлы, керемт кез!
Әр айда төрт апта, әр аптада жеті күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі, қалған күндері - жұмыс күндері.
3-тапсырма. Ответьте на вопросы. [1, 101-б. 28-жаттығу]
1. Қантар күз айы ма? 2. Көктем айлары не? 3. Шілде күз айы ма, жаз айы ма? 4. Жаз айлары кай айлар? 5. Қыркүйек күз айы ма? 6. Қaзip жаз ба? 7. Қазір маусым ба? 8. Қазір қай ай? 9. Демалыс жазда ма, қыста ма? 10. Демалыс қай айда? 11. Наурыз, cәyip, мамыр жаз айлары ма? 12. Желтоқсан, каңтар, ақпан күз айлары ма?
3.2-Тақырып: Сағат неше?
Сөздік минимум: Уақыт, сағат, минут, жарым, тура, дәл, кетті, қалды.
Сөйлесім үлгілері: Кешіріңіз, сағат неше болды? Айтайын, сағат 10-нан 20 минут кетті.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. [1, 343-б. 33-жаттығу]
Сағат
Мыңдаған жылдар бұрың адамдарға уақытты дәл білу онша қажет болмады. Олар күн шыға оянып, күн бата ұйықтаған. Біртіндеп өмір күрделене бастағанда, сағаттың қажеттілігі туып, рөлі артты.
Уақытты санаудың ең алғашқы қарапайым күн сағаты болағн. Ол бұдан 3500 жыл бұрын пайда болды. Бірақ күн бұлтты күні бұл сағат қолайсыз болды. Сондықтан адамдар су сағатын ойлап тапты.
Су бір ыдыстан екніші ыдысқа тамшылап тұрады. Бірінші ыдыстың суы біртіндеп азайып уақыттың дәл мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс істейді.
Механикалық сағаттар жөніндегі деретер VІ ғасырдың аяғында-ақ белгілі болған. Ол туралы ғалымдар Византиялық қолжазбалардан тапты. Мұнда сағаттың бір ғана тілі болған.
Кварцты сағат 1929 жылдары пайда бола бастады., ал 1404 жылы Мәскеуде тұңғыш мұнара сағаты орнатылды. Кремльдегі бұл сағат Ресейдің басқа қалаларында да орнатылды.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз. [1, 343-б. 32-жаттығу]
1. Қазір Астанада кешкі сағатжетіден он минут кетті, ал Мәскеуде ... . 2. Қазір Ақтөбеде түскі сағат екіден он бес минут кетті, ал Алматыда ... . 3. Қазір Петропавлда түнгі сағат он бірге бес минут қалды, ал Шымкентте ... . 4. Қазір Қызылордада таңғы сағат алты, ал Семейде... . 5. Қазір Парижде кешкі сағат бестен он жеті минут кетті, ал Ханойда ... . 6. ҚазірТокиода түнгі сағат он екі, ал Аляскада ... . 7.Қазір Лондонда таңғы сағат алтыға жиырма минут қалды, ал Стамбулда ... .
3-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз. Жауабыңызды цифрдің астына сөзбен жазыңыз. [1, 340-б. 23-жаттығу]
Үлгі: уақытыңыз қанша? – екі жарым.
02:30 15 :20 21:34
_____________ _____________ _____________
17:50 12:45 18:08
_____________ _____________ _____________
10:15 19:39 08:30
_____________ _____________ _____________