Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Лексические темы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
292.35 Кб
Скачать

7.4-Тақырып:Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт-дәстүрі.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Қазақ халқы, ұлт, тайпа, көнеден бері, ғасырлар бойы, мекендеген, тараған, жүздер: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, түркі тілдері, батыс гун, қазақ тілі, діні.

Сөйлесім үлгілері: Қазақ халқының тарихы туралы не білесіздер? Қазақ халқының құрамына кірген рулар мен тайпалар біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырлардан белгілі. Қазіргі Қазақстан халқының саны қанша? 14,5 миллион шамасында.

2-тапсырма. Қазақтың ұлттық ойындары туралы әңгімелеңіз.

3-тапсырма. Сын есімдерді қазақ тіліне аударып, салыстырмалы және күшейтпелі шырай жасаңыз [1, 320-б. 1-жаттығу].

Белый, сильный, большой, низкий, высокий, маленький, широкий, вкусный.

7.5-Тақырып: Қазақстанның мәдениеті. Ұлттық өнері.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Мәдениет, ұлттық сана, өркениет, ғылым, білім, өнер, қолөнер, спорт, мүсін, сахна, сәулет, кино, опера, балет, әдебиет, телерадио, баспасөз, баспахана, кітапхана, сәулет мәдениеті, демалыс, саябақ, мұражай, қонақ үй, тарихи кешендер, ұлттық ойын.

Сөйлесім үлгілері: Қазақстанның ұлттық өнерінің қандай салаларын (түрлерін) білесіз? Қазақ халқында өнердің барлық түрі жақсы дамыған.

2-тапсырма. Өздік етістің жұрнағын қосыңыз. [1, 255-б. 21-жаттығу].

Шешу, қию, ойлау, жуу, қыру, көру, сақтау, тарау.

7.6-Тақырып: Қазақстанның өнеркәсібі.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, өндіріс орындары, өндіру, өнім шығару, өңдеу, тасымалдау, машина жасау, мұнай, алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, көмір, тұз, ізбес, тамақ өнеркәсібі, сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы, астық, егін, мал шаруашылығы, дәнді дақыл.

Сөйлесім үлгілері: Халық шаруашылығының қандай салаларын білесіз?Ауыр индустрия, жеңіл өнеркәсіп, кен (орындары) өндіру, ауыл шаруашылығының түрлеріне мал, егін, көкөніс, мақта шаруашылықтары т.б. жатады.

2-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз [1, 324-б. 15-жаттығу].

Ешқайда, ілгері, алға, жолшыбай, анда, мында, жоғары.

3-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз [1, 325-б. 21-жаттығу].

Өңкей, тым, аса, ең, өте, керемет, орасан, ылғи.

7.7-Тақырып: Ұлы адамдар өмірінен.

Сөздік минимум: Ұлы, ұлылық, саналы, табиғи дарын, еліне қызмет ету, білім шыңы, толығу, кемеліне келу, із қалдыру, болашақты болжау.

Сөйлесім үлгілері: «Ұлы» деген сөзді қалай түсінесіз? Ұлы адамдардан кімдерді білесіз?

1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз [1, 514-б. 6-жаттығу].

Абай

(1845-1904)

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданында туған. Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі, Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ тілге бай адам болған. әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегілерді, аңыз, әңгімелерді айтып жақсы тәрбиелеп отырған.

Әкесі Құнанбай Абайды тоғыз жасында Семейдегі діни мектепке береді. Семейде жүргенде ол орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. Он үш жасында Абайды әкесі бұл оқудан қайта шығарып алады.

Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Абай аударған Пушкиннің «Татьянаның әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалқып» деген өлеңдеріне ән шығарады.

Абайдың «Болыс болдым мінекей», «Сегіз аяқ», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдері болыс-билерді қатты сынға алады. Ол қазақ халқын мәдениетті болуға, орыс халқынан үлгі алуға шақырады. Ол өзінің сөзінде: «Орыс тілі – дүниенің кілті. Орыс тілін білсең, көкірек, көзің шайдай ашылады», - дейді.

Абай 1904жылы қайтыс болады. Ол өз шығармаларының кітап болып басылғанын көре алмай кетті. Абай өлгеннен кейін - 1909 жылы Петербургте – «Қазақтың ақыны Ыбыраһим Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты.

2-тапсырма. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз [1, 515-б. 7-жаттығу].

Қазақ халқы, ұлы ақын, қатал адам, мінезі жұмсақ, тілге бай, шығарып алып, үйренуге тырысу, ән шығару, қатты сынға алу, үлгі алуға шақыру, дүниенің кілті, көкірек; көзің шайдай ашылады, қайтыс болу; кітап болып шығу; кеңес дәуірі; дүние жүзі біледі. Ақын өміріне арнау.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз[1, 515-б. 10-жаттығу].

Абай кім? Абай қайда және қашан туған? әкесі мен шешесі қандайц мінезді адамдар болатын? Абайды кім тәрбиеледі? Ол қайда оқыды? Нені үйренуге тырысты? Кімнің шығармаларын көп оқып, қазақ тіліне аударуға тырысты? Ол өзінің шығармаларында кімді қатты сынға алады? Абайдың шығармалары қашан басылып шықты?