Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сячсячсяс.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
96.8 Кб
Скачать

А

Аномия қазіргі қоғамдағы негізгі фактор

Аномия –(грекше an- жоқтық және nomos-заң) қоғамның құндылықтар жүйесіндегі түбегейлі дағдарыстарды білдіретін ұғым. Аномия келесі белгілермен анықталады: қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсіздік нормативтік баптық вакуум; әлеуметтік үйлесімнің жоғалуы, қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесіне айналған жеке тұлғалардың беделінің жоғалуы; адамдардың жоғары мұраттардан, өмірлік құштарлықтарынан

айырылуы; мінез құлықтағы тұрақсыздық, өзін өзі өлтірудің көбеюі, т.б. Аномия ғылымын айналысқа енгізген француз ғалымы Э.Дюркгейм. Ол «еңбектің қоғамдық бөлінуі » кітабында аномия еңбек бөлімінің бұрмалануы нәтежиесінде п.б. деп тұжырымдайды және оның себебін мамандандыру кезіндегі адамдар арасындағы үйлесімділіктің жоғалуынан көреді. «Өзін өзі өлтіру еңбегінде» Дюркгейм эгоистік, альтуристік және аномиялық суицидтердің түрлерін атап өтеді. Соңғысы дәстүрлі шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды. Шектелмеген тілектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешімі жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады.

Ә

1.Әлеуметтану ғылым ретінде. Объектісі және пәніСоциология қоғам дамуының заңдарын ашады жене оларды зерггейді. Осыған орай, социологияны әлеуметтік жүйенің омір сүруі мен дамуының заңдары туралы, сол зандардьщ субъектілерінің, яғни әлеуметтік үлкен және кіші топтардың ғылымы ретінде сипаттауға болады.Социология пәні жөнінде ғалымдар арасында жүзден асқан түрлі пікірлер бар. Оларды екі топ пен бағытқа сыйғызуға болады: 1) ғылымның нәнін анықтауды, ғылымның түбірлі үғымын анықтаумен байланыстырып отырған ғалымдар тобыньщ бағыты. Мысалы, П.Сорокин социологияның пәні тек адамдардың өзара қатынасын, Н.Смелзер - әлеуметтік катынастарды, В.Ядов -қауымдастықты, Г.Осипов - әлеуметтікті қарастыру керек дейді; 2) социология пәнін оздерінің ғылыми зерттеу жүмысыньщ нақты қортындысымен байланыстырған ғалымдардын пайымдауларын жатқызамыз. Мысалы Э.Дюркгейм - социология пәніне ез зерттеуінің нәтижесі болып табылатын -әлеуметтік фактіні, неміс ғалымы М.Вебер - адамның мінез-қүлкын, К.Маркс -әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғамды және оның қүрылымдык элементтерін қарастырған.Объектісі-әлеуметтік шындық.

Осы түрғыдан қарағанда, социология пәніне мынандай анықтама беруге болады: социология - қоғамның қүрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік зандылықтары жайлы және сол зандылықтардың адамдар мен олардың бірлестіктер және түтас қоғамның өмірі мен өзара карым-қатынастарында іске асырудын жолдары, формалары мен әдістері жайлы ғылым.Ғылымнық ішкі логикасын, оның пәні мен әдістерінің сипатын ашатын, әлеуметтік қүбылыстар мен процестердін мәнін танып білудің керегі -социологияның категориялары және заңдары. Категориялар - әлеуметтік .болмыстың мәнді жақтарын, қасиет-белгілерін, құрылымдык элементтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми үғымдар. Социологияның ең негізгі, мазмүны жағынан көлемді категориясы "әлеуметтік" ұғымы. Бүл үғым "әлеуметтік жүйе", "әлеуметтік қүрылым", "әлеуметтік топ", "әлеуметтік әрекет", "әлеуметтік мінез-қүлык" т-б. көлемді үғымдарды қамтиды.

2.Әлеуметтанудың қоғамдық және гуман-қ ғылымдар жүйесіндегі ерекшелігі

Әлеуметтік философия адамның өмір сүруінің түпкі себептерінің мәңгі негіздерін дара тұлғалардың әлеуметтік өзара қатынастарын анықтайтын, белгілейтін қозғаушы күшін, қайнар көзін түсіндіруде жетекші қызмет атқарады. Жалпы социология қоғамды тұтас алып, біріңғай жүйе ретінде өзгеше және бөлінбейтін, бүтін организм деп қарайды. Ал жеке гуманитарлық пәндер жеке қоғамның бір саласын зерттейді. Тарих өз дамуы мен білімі арқылы социологияның қалыптасуын қамтамасыз етті. Тарихты жинайтын әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты мағлұматтар жалпы соц. заңдарды ашуға мүмкіндік берді. Экономикалық ғылымдар қоғамдағы өмірге қажетті материалдық құралдарды өндіру мен айырбастау, тұтыну мен бөлу саласына байл. заңдарды зерттейді. Экономика пәні адамдардың өндірістік қатынастары мен оның негізінде қалыптасқан экономикалық қызмет түрлерің зерттейді. Саяси ғылымдар саясатты қоғамдық үрдістер, қатынастар мен инстит. жиынтығы ретінде алып қарайды. Осылар арқылы дау дамайлы жағдайлар мен қоғамдық мүдделерді саналы түрде реттейді және әлеуметтік қауымның жалпы істері мен тіршіләк әрекеттеріне шешімдер қабылдап жүзеге асырады

3.Әлеуметтанудың құрылымы.Әлеуметтанудағы эмпирия мен теория проблемалары.

Соц құрылымы-қоғамдық құбылыстар мен процестер жөніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес.Бұл құрылым әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер туралы,жеке адамдар,әлеуметтік топтар немесе бүтін қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер,ұғымдар,көзқарастар,теориялар жүйесі ретінде байқалады.Соц құрылымы бастауы болып қоғамға тұтас әлеуметтік организм ретіндегі білім шығады.Соц құрылымының келесі жағы болып жекелеген қоғамдық өмір салаларының,соның ішінде экономикалық,әлеуметтік,саяси,рухани салалардың қмір сүруі мен дамуы туралы түсініктердің өзара байланысы саналады.Соц құр-ң маңызды бөлігіне елдегі халықтың әлеуметтік құрамы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы жөніндегі білім жатады.Келесісіне саясат соц-на жататын теориялар,көзқарастар.Келесісіне әлеуметтік институттар (мемлекеттің,құқықтың,

шіркеудің,мәдениеттің,неке мен отбасының) қызметі туралы срциологтың ғылыми түсінігі және

қорытындылары есептеледі. Қазіргі батыс социологиясы шартты түрде екі тең емес бөліктерге - эмпирикалық және теориялық деп бөлінеді.. Кәсіби социологтардың көп бөлігі біріншісімен айналысады. Бұл бөліктердің әрқайсысының табиғаты, тарихи, динамикасы бар.Эмпирикалық социологияньщ негізін салушылар - Уильям Томас (1863-1947) пен Флориан Знанецкий (1882-1958).Зерттеу жүргізетін ұйымдарының саны жағынан да, қолданбалы салаға бағытталған студенттерінің саны жағынан да эмпирикалық социология негізінен университеттер мен академиялық институттарға шоғырланған теориялық социологиядан асып түсті. Бірақ дүниені түсінудегі маңызы, саяси және басқа да бағдарламалардың теориялық негіздемелерін қалыптастыруда теориялық социологияның әсері эмпирикалық социологияға қарағанда әддеқайда жоғары.XX ғасырдағы батыс теориялық социологиясы бағытгарының ішінде мыналарды атап өткен жөн: функционализм, құрылымдық функционализм, конфликтология және "орта деңгей" теориясы. Бұл парадигмалардың бірде біреуі сан қырлы әлеуметтік өмірге әмбебап түсінік бере алмайды, бірақ өз әдістері призмасының арасынан қоғамды түсінудің негізгі мәселелерін көруге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]