Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANARA_GTOVO_DKT.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
4.98 Mб
Скачать

22. Ethernet кадрларының форматтары.

Ethernet технологиясының максимальды кадр ұзындығы - 1500 байт, ал қызмет ақпаратпен 1518 байт, преамбуламен 1526 байт немесе 12 208 бит. Ethernet технологиясының стандарттары, МАС деңгейіндегі форматтың сипаттамасын береді. Ал, МАС өзі LLC форматына келіп саяды. Ethernet желілерінде арналық деңгейде 4 түрлі пішін қолданылады. Бір - бірінен тәуелсіз үш Digital, Intel және Xerox фирмалары 802,3 комитетіне Ethernet стандартының халықаралық стандарты ретінде өз екі түрлі нұсқаларын ұсынды. Ал, келесі бір формат Novell компаниясының күшімен туындады. Соңында, төртінші пішін алдыңғы форматтар негізінде туындаған 802,2 комитетінің жалпы нұсқасы болды. Әр түрлі пішімдегі кадрларды қолдану жабдықтаманың жұмысына не болмаса желінің бағдарламалық қамсыздануына сәйкес келмеушілікті туындатады. Бірақ, қазіргі күнде барлық желі адаптерлері, желі адаптерлерінің драйверлері, коммутаторлар мен маршруттар Ethernet технологиясының барлық форматтағы кадрларымен жұмыс атқара алады. Сонымен қатар, пішім типін анықтау автоматты түрде жүзеге асырылады.

Ethernet кадрларының төрт типі: 1)802,3/LLC кадры (немесе Novell802,2) 2)Raw 802,3 кадры (немесе Novell 802,3) 3)Ethernet DIX (немесе Ethernet ΙΙ) 4)Ethernet SNAP кадры Бұл форматтар келесі суретте көрсетілген.

23 . Локальды және глобальды желілерінің салыстыру сараптамасы.

Локальды (аймақтық) желі – бір-біріне жақын орналасқан компьютерлерді басқарады. Мысалы, бір ғимаратта орналасқан көрші бөлмедегі компьютерлер.

Глобальды (ауқымды) желілер – глобальды желілер ережеге сай бірнеше локальды желілерді біріктіреді. Компьютерлер әр түрлі қалаларда және әр түрлі елдерде болуы мүмкін.

Локальді желі пайдаланушылардың жұмыс орындарын және периферийлі құрылғыларды бір желінің басқарылуымен жұмыс істейтін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді. Қысқа арақашықтықтар мәліметтерді жоғары жылдамдыкта (100 Мбит/с) таратып жеткізуді және нақты уақыт режіміндегі қызметтердің кең жиынын ұсынуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауқымды желі (Глобальная сеть) — жүздеген және мындаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық компьютер желілері. Кез келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру нәтижесінде құрылады.

Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан түрады:

а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;

ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;

б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]