Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANARA_GTOVO_DKT.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
4.98 Mб
Скачать

8. Llc деңгейі

LLC (Logical Link Control ) деңгейі — IEEE 802 стандарты бойынша логикамен басқару байланысының деңгейшесі, OSI моделінің арналық деңгейінің деңгейшесі келесілерді жүзеге асырады:

• Мәліметтерді таратуды басқару;

• Байланыс бойынша ақпараттарды таратуды тексеру мен дұрыстығын қамтамасыз етеді

Өзінің тағайындалуы бойынша LLC деңгейінің барлық кадрлары үш типке бөлінеді — ақпараттық, басқарушы и белгіленбеген (ненумерованные):

LLC деңгейінің кадрларының барлық типінің форматы бірдей. Олар 4 өріске ие:

• Сервис тағайындауының кіріс нүктесіндегі адресі (Destination Service Access Point, DSAP),

• Сервис көзінің кіріс нүктесіндегі адресі (Source Service Access Point, SSAP),

• Басқару өрісі (Control)

• Мәліметтер өрісі (Data)

LLC кадры екі жағынан 01111110 мәніне ие бір байтты «Флаг» өрістерімен бекітілген. Флагтар блоктың шекараларын анықтау үшін  MAC-деңгейінде қолданылады.  

LLC-тің мәліметтер өрісі кадры желі бойынша жоғары деңгей протоколдарының — IPIPXAppleTalk, DECnet дестелерін таратады. Мәліметтер өрісі басқару кадрларында және кейбір белгіленбеген кадрларда болмауы да мүмкін.

Басқару өрісі (бір байт) — ақпараттық, басқару, белгіленбеген мәліметтердің кадрларының типтерін анықтау үшін қажет. Сонымен қатар бұл өрісте егер LLC деңгейшесі байланысты орнату LLC2 процедурасы бойынша жұмыс істесе, жіберілген және табысты қабылданған кадрлардың реттік нөмірлері көрсетіледі. Басқару өрісінің форматы толығымен LAP-B кадрының басқару өрісінің форматымен сәйкес келеді.

DSAP және SSAP өрістері осы кадр көмегімен жоғары деңгейдің қай сервисі мәліметтерді жіберіп жатқанын анықтайды.   DSAP и SSAP-ң орнына кейде IPX протоколының коды немесе Spanning Tree жабылғыш ағаш протоколының коды жүруі мүмкін.

9. IEEE 802.х стандартының құрылымы

IEEE 802.X стандартының құрылымы. IEEE 802.X стандарты жеті деңгейлі OSI моделінің тек екі деңгейін – физикалық және арналық деңгейін ғана жаулап ала алады. Себебі тек осы деңгейлер ғана жоғарғы дәрежеде локалды желілердің спецификасын көрсете алады. Арналық деңгейден бастап жоғарғы деңгейлер белгілі бір дәрежеде локалды желілердегідей глобалды желілерге де бірдей ортақ белгілерге ие.

Локалды желілер өз спецификасын сонымен бірге арналық деңгейді екі деңгейшеге бөлгеннен кейін де көрсете алды. Арналық деңгей (Data Link Layer) локалды желілерде екі деңгейшеге бөлінеді:

  • Мәліметтерді логикалық тарату логичес (Logical Link Control, LLC);

  • Ортаға қатынауды басқару (Media Access Control, MAC).

МАС LLC және физикалық деңгей арасында интерфейс қызметін атқарады. Яғни бұл деңгей жалпы ортаны бірігіп қолдануды қамтамасыз етеді. Қатынау ортаға келіп түскеннен кейін, бұл қатынауды мәліметтердің логикалық бірліктерін, ақпараттық кадрларды транспорттық қызметтердің әртүрлі деңгейіндегі сапасымен таратуды орнататын одан жоғарғы деңгей – LLC деңгейі пайдалана алады. LLC деңгейі сенімділігі әртүрлі дәрежедегі түйіндер арасындағы кадрларды таратуға жауап береді, сонымен қатар интерфейс функциясын жүзеге асырады. LLC деңгейшесі логикалық арнамен басқарудың екі типін қарастырады: біріншісі –байланыстың қосылуынсыз және олардың жеткендігін растауынсыз мәліметтерді таратуды қамтамасыз етеді; екіншісі – байланыстың қосылып, мәліметтердің жеткендігі жайлы растама арқылы қамтамасыз етеді, яғни келесі кадрды тарату алдыңғының қабылданды деген растауы келгеннен кейін ғана жіберіледі.

MAC және LLC деңгейлерінің протоколдары бірбірінен тәуелсіз – MAC деңгейінің әрбір протоколы кезкелген LLC деңгейінің протоколымен қолданыла алады, және керісінше.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]