Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус-казахский(БАУ).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
128.51 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КЕАҚ «АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ

Syllabus

Қазақ тілі-2 пәні бойынша

5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы үшін

Курс 2 3 семестр

Практикалық сабақтар – 3 кредит

ӨЖ 45 сағат

Оның ішінде соөж – 45

Емтихан 3 семестрде

Консультация емтихан алдында

АЛМАТЫ

2012

Силлабусты дайындаған : аға оқытушы Алмұхаметова Г.С. 5В070200 бағыты бойынша оқу жұмыс жоспарының негізінде жасалды. Орыс және қазақ тілдері кафедрасының мәжілісінде №11 хаттамада 2012 жылдың 28 маусымында қаралған.

Кафедра меңгерушісі: Бөкейханова Р.Қ.

Оқытушылар:

Алмұхаметова Гүлмира Сатыбалдықызы,

- аға оқытушы Қазақ тілі 2 пәнін 2006/2007 оқу жылынан жүргізеді офис сағатты кафедраның стендінен қараңыз Арнайы бөлінген аудиториялар: 321,320, 323..

Төлеубаева Күлайхан Тілеуғалиқызы,

  • аға оқытушы Қазақ тілі 2 пәнін 2006/2007 оқу жылынан жүргізеді офис сағатты кафедраның стендінен қараңыз арнайы бөлінген аудиториялар: 321,320, 323..

Телғожаева Құралай Сағымбекқызы

- оқытушы; магистр Қазақ тілі 2 пәнін 2008/2009 оқу жылынан жүргізеді офис сағатты кафедраның стендінен қараңыз арнайы бөлінген аудиториялар: 321,320, 323..

Шәрібжанова Ғалия Ғабдоллақызы,

  • аға оқытушы, Қазақ тілі 2 пәнін 2006/2007 оқу жылынан жүргізеді

Ахметова Эльмира Тұрсынқызы,

- аға оқытушы; Қазақ тілі 2 пәнін 2006/2007 оқу жылынан жүргізеді офис сағатты кафедраның стендінен қараңыз арнайы бөлінген аудиториялар: 321,320, 323..

Арыстанғалиева Динара Мейіржанқызы,

- аға оқытушы; Қазақ тілі 2 пәнін осы пәнді 2006/2007 оқу жылынан жүргізеді офис сағатты кафедраның стендінен қараңыз арнайы бөлінген аудиториялар: 321,320, 323. тел: 2-92-58-47.

“Қазақ тілі-2” пәні БАжБ мамандандырылуы бағытындағы орыс бөлімі студенттеріне арналған және жалпы техникалық білім беретін пән ретінде ғылыми-техникалық әдебиетті өз қажетінше қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға аударып пайдаланудың, іскерлік қазақ тілінде сөйлеп-үйренудің, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде жазып, қолдана білудің белсенді құралы болып табылады.

1. Пререквизиттері

Бұл курстың бастапқы деңгейі ретінде студенттердің АЭжБУ-дің бірінші курсында “Қазақ тілі-1” пәні бойынша алған білімдері есептеледі.

2. Постреквизиттері

Бұл пәнді толық меңгерген студент автоматтандыру және басқару саласына қатысты әдебиетті қос тілде аударуы, осы әдебиеттерде кездесетін оралымдарды меңгеруі, іс қағаздарын жүргізу принциптерін білуі, іскерлік қарым-қатынас жасай алуы, ғылыми-техникалық әдебиеттердің аңдатпасын жаза білуі керек.

3. Пән сипаттамасы

Пән ғылыми-техникалық әдебиетті аудару теориясы мен практикасын бағдарлама бойынша берілген радиотехника және байланыс саласына қатысты нақты мәтіндер негізінде меңгертуді және іскерлік қарым-қатынас жасауды аутентивті материалдар негізінде үйретуді, мемлекеттік тілде ресми іс қағаздарын толтыру дағдыларын меңгертуді көздейді.

4. Пәннің мақсаттары

1) Кәсіби-іскерлік қарым-қатынаста жиі қолданылатын сөйлеу модельдерін қолдана білуге, іс қағаздарын жүргізуге, пікірлесудің дұрыс жолдарын таңдай білуге және ғылыми-техникалық саладағы әдебиеттердің аңдатпасын құрастыруға, пікір, рецензия жаза білуге, жарнама мәтіндерін құрастыруға т.б.үйрету.

2) Сөздіктермен, салалық сөздіктермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, лексикалық, синтаксистік оралымдарды танып, дұрыс аудара білу дағдыларын меңгерту, техникалық мәтіндерді қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға аудару тәсілдерін теория және практика негізінде нақты мәтіндер үлгісін қолдана отырып үйрету.