Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус Программи. ЦТ и МКУ_каз.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
162.3 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИCТРЛІГІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АҚ

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«ИНЖЕНЕРЛІК КИБЕРНЕТИКА» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

ЖЭФ деканы

__________Зияханов М.У.

«___»___________2013 ж.

5В070200 - «Автоматтандыру және басқару» мамандығының

АВ3228-САНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРДЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Микробақылауыштарын бағдарламалау

пәні бойынша Sillabus

Курс 3

Семестрі 5

Барлық кредит 2

ECTS барлық кредиттері 4

Контакттық сағаттардың жалпы саны 90

Соның ішінде:

Дәрістер 23

Зертханалық сабақтар 15

ОӨЖ 52

ОСӨЖ 15

Есептік-сызбалық жұмыс 2

Емтихан

Алматы, 2013ж.

Жұмыс бағдарламасын құрған: аға оқытушы А.Т. Ибрашева, «5В070200-Автоматтандыру және басқару» мамандығының жұмыстық оқу жоспары негізінде құрылған.

Жұмыс бағдарламасы «Инженерлік кибернетика» кафедрасының «20» маусым 2013 ж. отырысында қарастырылған және расталған, хаттама № 11.

ИК каф. меңгерушісі____________ Б.Д. Хисаров

Жұмыс бағдарламасы жылуэнергетика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында қарастырылған және бекітілген («20» 06 2013ж. хаттама №5)

  1. Оқытушы:

Ибрашева Әсем Тұрсынғалиевна - аға оқытушы, А435, А437 бөлмелер. Контактілері: 8(727)606710, ai_rim@mail.ru.

  1. Курстың аудиториялық сабақтарын жүргізу уақыты және орны оқу сабақтарының кестесінде көрсетілген, ОСӨЖ кеңес беру кестесі деканаттың (Б228) және ИК кафедрасының (А435) хабарлама беру тақтасында ілінген.

  1. Курстың пререквизиттері: «Ақпараттану», «Электротехниканың теориялық негіздері», «Электроника», «Автоматика элементтері мен құрылғылары».

  1. Оқу пәнінің сипаттамасы:

4.1 Пәннің мақсаты – студенттерде микропроцессорлерді және микробақылауыштарды, сандық техниканы жобалау және бағдарламалау, қолдануды үйрену және білім қалыптастыру.

4.2 Курстың мәселелері – микропроцессорлық жүйелердің программа-техникалық құрамын құру және жұмыс істеу принциптерін меңгеру. Микропроцессорлық бақылауыштарды құруға және программалауға дағдылану.

4.3 Курстың сипаттамасы

Пән «5В070200-Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттеріне арналған және оның мақсаты студенттерді жалпы сандық және микропроцессорлық техниканың құрылымымен және сипаттамаларымен таныстыру. Сонымен қатар оларды программалау және микропроцессорлық басқару жүйелерін жобалауға үйрету болып табылады.

«Сандық техникаларды және басқару микробақылауыштарын бағдарламалау» курсын бітіргенде студенттің

хабары болуы керек:

  • сандық техниканың және микропроцессорлық техниканың даму болашағы жайлы;

  • микропроцессорлық техниканың жұмыс істеу принциптері жайлы;

  • микропроцессорлық техниканың қолдану аясы жайлы;

  • микропроцессорлық техниканың басқарудың технологических процесс сапасына әсері және пайдасы жайлы;

білуі керек:

  • микробақылауыштардың жұмыс істеу принциптері және құрылымдық ерекшеліктері;

  • микробақылауыштардың мәлімет алмасу тәсілдері, жұмысын үзу, жадысының құрылымын;

  • аналогты-сандық түрлендіру әдістері, нәтижелерін өңдеу;

  • таймерлердің сипаттамалары жұмыс істеу принциптері;

дағдысы болуы керек:

  • нақты бір технологиялық процеске арнап микробақылауышты таңдау және оның тиміділігін бағалау;

  • басқару жүйесіне микробақылауышты енгізу;

  • микробақылауыштық басқару программасын құру және оны өңдеу;