- •Метрология және өлшеу
- •5В070200 – Автоматтандыру және басқару
- •Мазмұны
- •1 Дәріс. Метрология – өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің ғылыми негізі (мөж)
- •2.1 Сурет - Өлшеу процесінің сұлбасы
- •3 Дәріс. Өлшеулер қателігі
- •3.1 Кездейсоқ шаманың таралу заңдары
- •3.1 Сурет – Таралудың қалыпты заңының сызбасы
- •3.2 Сурет – Таралудың теңестірілген заңының сызбасы
- •4 Дәріс. Өлшеулер қателігі (жалғасы)
- •4.1 Дәл өлшеулер қателіктерін бағалау және есептеу
- •4.2 Техникалық өлшеулердің қателіктерін есептеу және бағалау
- •4.3 Өлшеу құралдарын және өлшеу дәлдігін арттыру әдістері
- •5 Дәріс. Өлшеу құралдары туралы негізгі мәліметтер
- •5.1 Өлшеу құрылғыларының статикалық сипаттамалары
- •5.1 Сурет - Өлшеу құрылғысының статикалық сипаттамасы
- •6 Дәріс. Өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық сипаттамалары
- •6.1 Дәлдік класы мен жіберілетін қателіктер
- •7 Дәріс. Токтар күштерін және кернеулерді өлшеу
- •8 Дәріс. Токтар күшін және кернеулерді өлшеу құралдары
- •8.1 Тұрақты токтар және кернеулер өлшеу құралдары
- •8.2 Айнымалы токтар және кернеулерді өлшеу құралдар
- •9 Дәріс. Қуат, энергия және электр мөлшерін өлшеу
- •9.1 Қуат, энергия, электр мөлшері және оларды өлшеу эдістері
- •9.2 Тұрақты және айнымалы бірфазалы токтың қуатын және энергиясын өлшеу құралдары
- •9.3 Электр мөлшерін өлшеу құралдары
- •10 Дәріс. Жиілік, уақыт интервалдарын және фазаны өлшеу
- •11 Дәріс. Тұрақты ток тізбектерінің параметрлерін өлшеу
- •12 Дәріс. Өлшеу ақпараттық жүйелер
- •12.2 Сурет – Тізбектелген (а), радиалды (б) және магистралды (в) өаж құрылымы
- •А қосымшасы
- •Б қосымшасы
- •Б.1 сурет–Өлшеулер классификациясы
- •Б.2 сурет–Өлшеулер әдістерінің классификациясы в қосымшасы
5.1 Өлшеу құрылғыларының статикалық сипаттамалары
Өлшеу құралдарының кіріс Х және шығыс У сигналдар мәні өзгермейтін жұмыс режимі статикалық (стационарлық) деп аталады.
Өлшеу құрылғыларының статикалық сипаттамасы деп аталған құрылғының статикалық жұмыс режиміндегі шығыс сигналдың кіріс сигналға қызметтік тәуелділігі аталады (5.1 суретті қара). Жалпы жағдайда бұл сызықтық емес тәуелділік У = f(x).
Өлшенетін шаманың бірліктер мен ерекше бірліктерде өлшемделген атаусыз шәкілі немесе шәкілі бар өлшеу құрылғылары үшін статикалық сипаттаманы түрлендіру функциясы деп атау қабылданған. Өлшеу аспаптары үшін статикалық сипаттаманы бұдан басқа тағы да шәкіл сипаттамасы деп атайды. Статикалық сипаттаманы анықтау өлшемдеуді орындаумен байланысты, сондықтан барлық ӨҚ үшін өлшемдеу сипаттамасы пайдаланады, бұл кесте, кескіндеме немесе формула түрінде жасалған ӨҚ шығыс және кіріс шамалары мәндері арасындағы тәуелділік ұғынылады.
Өлшеу құрылғыларының статикалық сипаттамасына қойылатын негізгі талап арнаулы жағдайлардан басқа, шығыс және кіріс шамалары арасындағы сызықтық тәуелділікті алуға тіреледі. Тәжірибеде бұл талап алдын ала қабылданған кейбір қателікпен іске асады.
Көрсетулер диапазоны шкаланың соңғы және бастапқы мәндерімен шектелген шәкіл көрсеткіші.
Өлшеулер ауқымы (шкаланың жұмыс бөлігі) – ол үшін өлшеу құралдарының жіберілетін қателіктері нормаланған
(Хв – Хн; Ув – Ун),
мұнда, Ун , Хн – өлшеу ауқымының төменгі шегі;
Ув, Хв –– өлшеу ауқымының жоғарғы шегі.
Статикалық сипаттаманың ерікті нүктесінде ӨҚ кіріс сигналдың шығыс сигналына әсерін сандық бағалау үшін Х кіріс сигналының өсімшесіне У шығыс сигналының өсімшесінің қатынасының шегі көрсетеді, яғни мұнда Х 0 болу керек, демек шығынды таңдалған нүктеге тең
S = = . ( 5.1)
S – өлшеуіш түрлендіргіштің ӨТ сезімталдығы, оның өзгеруін туғызған өлшенетін шаманың ӨТ шығысындағы сигналының өзгеру қатынасы ретінде анықталады.
5.1 Сурет - Өлшеу құрылғысының статикалық сипаттамасы
Кескіндемелік сезімталдық – бұл статикалық сипаттамаға қатысты ойысу бұрышының тангенсі.
Егер статикалық сипаттама сызықтық емес болса, онда оның сезімталдығы шкаланың әртүрлі нүктелерінде әртүрлі болады. Сызыктық шкаласы бар ӨҚ тең өлшемді шкаласы және тұрақты сезімталдық мәні болады. Өлшеуіш түрлендіргіштерде статикалық сипаттама әдетте, сызықтық: У= кХ, мұнда к- түрлендіру коэффициенті.
Таралу бағасы – көрші екі шәкіл арасындағы белгі айырымы.
Сезімталдық табалдырығы – түрлендіргіштің шығыс сигналындағы немесе өлшеу аспабының у көрсетуінің сенімді бекітілген өзгеруін тудыруға қабілетті өлшенетін х шамасының мәнінің ең аз өзгеруі.
Жоғарыда қарастырылған барлық ӨҚ сипаттамаларын метрологиялық деп атайды, себебі олар осы құрылғылардың қызметінің дәлдігіне әсер етеді.
Егер ӨҚ нормаланған метрологиялық сипаттамалары (НМС) - метрологиялық сипаттамаларының нормалары белгіленген жағдайда, ӨҚ қолдануға жіберіледі. НМС туралы мәліметтер ӨҚ техникалық құжаттамасында келтірілген.
Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [5,8,9] әдебиеттен алуға болады.