Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций МИ каз.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Коммерциялық емес

акционерлік қоғам

Инженерлік кибернетика кафедрасы

Метрология және өлшеу

5В070200 – Автоматтандыру және басқару

мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы

Алматы 2012

Құрастырушылар: Н.М.Айтжанов, С.Г. Хан. Метрология және өлшеу. 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы– Алматы: АЭжБУ, 2012. – 66 б.

Осы дәрістер жинағы метрология және өлшеу жөнінде теориялық материалдарды оқыған кезде студенттерге көмек ретінде жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған және он екі тақырыптан тұрады. Пәнді терең меңгеру үшін әр тақырыптың соңында қосымша әдебиетке сілтемелер келтірілген. Дәрістер жинағының электрондық нұсқасын АЭжБУ электрондық кітаханасында (aipet.kz) табуға болады.

Дәрістер жинағы 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттеріне арналған.

Без.25, кесте.7, әдеб.көрсеткіші – 16 атау.

Пікір беруші: АЭжБУ доц.,т.ғ.к Тузелбаев Б.И.

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2012 ж.

Мазмұны

Кіріспе 4

1 дәріс. Метрология – өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің

Мемлекеттік жүйесінің ғылыми негізі (МӨЖ) 5

2 дәріс. Өлшеудің негізгі түрлері мен әдістері 9

3 дәріс. Өлшеулер қателігі 13

4 дәріс. Өлшеулер қателігі (жалғасы) 17

5 дәріс. Өлшеу құралдары туралы негізгі мәліметтер 21

6 дәріс. Өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық сипаттамалары 25

7 дәріс. Токтар күштерін және кернеулерді өлшеу 29

8 дәріс. Токтар күшін және кернеулерді өлшеу құралдары 33

9 дәріс. Қуат, энергия және электр мөлшерін өлшеу 37

10 дәріс. Жиілік, уақыт интервалдарын және фазаны өлшеу 41

11 дәріс. Тұрақты ток тізбектерінің параметрлерін өлшеу 45

12 дәріс. Өлшеу ақпараттық жүйелер 49

А қосымшасы 53

Б қосымшасы 54

В қосымшасы 55

Г қосымшасы 56

Д қосымшасы 57

Е қосымшасы 58

Ж қосымшасы 62

К қосымшасы 63

И қосымшасы 64

Әдебиеттер тізімі 65

Кіріспе

Өлшеулер табиғатты танудың маңызды жолдарының біреуі болып табылады. Олар бізді қызықтыратын объекттер және құбылыстар туралы сандық ақпаратты береді, тағы да табиғатта әрекет ететін заңдылықтарды тағайындау мүмкін болады.

Өлшеусіз ғылым мен техниканың барлық салалары бар болуы мүмкін емес. Метрология жаратылыс ғылымдардың барлық облыстарының дамуына жағдай жасайды. Сонымен қатар кері жағдайды да белгілеуге болады: жаратылыс ғылымдардағы, техникадағы, технологиялар дамуындағы табыстар метрология прогресіне жағдай жасайды. Ғылым мен техниканың дамуымен өлшеу құралдары жетілдіруленеді, ал мұның мағынасы - өлшеулер дәлдігі көтеріленеді, олардың диапазоны кеңейеді, енді бұл, өз кезегі бойынша, технологиялар дамуына жағдай жасайды, өндіріс құралдарын жетілдіру, жаңа, өте дәл ғылыми білімдерін алу және т.б. Сонымен, метрология және басқа жаратылыс ғылымдар мен техника бір-бірімен байланысқан.

«Метрология және өлшеу» пәнін оқытудың мақсаты жас маманға келешекте толығымен жетілуге, халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейде техникалық шешімдерді өз бетінше қабылдауға, сондай-ақ өлшеу каналдардың қосынды қателіктерін, өлшеу құралдарының қателіктерін есептеген кезде курстың практикалық негіздерін және әдістерін пайдалануды дағдылануға мүмкіндік беретін метрология және өлшеу саласында студенттерге аздаған білім беруге құрылған.

«Метрология және өлшеу» пәнін базалық пәндер пакетінде «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2 курс студенттері оқиды. Біздің ойымызша, өлшеу техникасының құралдарын немесе түрлі жабдықтарын әзірлеу әрі қызмет көрсетумен байланысты техникалық кәсіптің болашақ мамандары (бакалаврлар, магистрлер) үшін осы пән материалдарын оқу міндетті болып табылады. «Метрология және өлшеу» пәнінің жұмыс бағдарламасына үлкен көлемді теориялық және практикалық материалдар кіреді. Бірақ аудиторлық сағаттардың шектеулігі қажетті ақпаратты толығымен баяндауға мүмкіндік бермейді, сондықтан материалдың көп бөлігін студенттер өзіндік жұмыс шеңберінде (СРСП) оқиды.

Ұсынылатын дәрістер жинағы пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған және он екі тақырыпты құрайды. Ұсынылатын басылым тек қысқаша дәрістер жинағы болып табылатынына және мұнда барлық қажетті мәліметтер жоқтығына назар аударған жөн. Мәтіндегі негізгі анықтамалар жартылай майлы әріппен және курсивпен белгіленген. Дәрістер жинағының электрондық нұсқасын АЭжБУ электрондық кітаханасында (aipet.kz) табуға болады. Материалды ойдағыдай және жан-жақты меңгеру үшін басқа басылымдарды да пайдалануға болады.