Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МИ_каз_все.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.13 Mб
Скачать

5.4 Өлшеу құралдардың негізгі және қосымша қателіктерін есептеу

5.4.1 Пайдаланудың нормалды шарттарында өлшеу құралдардың негізгі және қосымша қателіктерін есептеу

[3] әдебиетте айтылғандай бірінші ретті түрлендіргіштің бөліктенуінің рұқсат етілген ауытқуы (қателігі) оның типінен тәуелді болып, бірінші ретті түрлендіргіштің техникалық сипаттамаларында беріледі (5.1 суретті қараңыз).

Екінші ретті аспаптың рұқсат етілген негізгі абсолютты қателігінің шегі келесі формуламен анықталады

, (5.1)

мұндағы - екінші ретті аспаптың дәлдік класы;

- екінші ретті аспаптың өлшеу диапазонының жоғарғы және төменгі шектері, мВ (милливольтметр немесе потенциометр үшін) немесе Ом (көпір немесе логометр үшін).

Нормалды шарттарда өлшеу каналының көрсеткіштерінің шегіне жеткен абсолютты негізгі қателігі келесі формуламен анықталады

. (5.2)

Осы қателіктің мәндерін Цельсий градустарымен алу үшін () сәйкес бірінші ретті түрлендіргіштің бөліктендіру кестесін (түрлендіру функциясын) [3, П4-7-1,2,3,4,5,6 кестелері] немесе «Выбор средств измерения»:«Справочный материал» бетіндегі кестелерді қолдану керек

5.4.2 Жұмыс шарттарында (пайдалану шарттарында) өлшеу құралдардың негізгі және қосымша қателіктерін есептеу.

Екінші ретті аспаптардың техникалық сипаттамаларына сәйкес бірінші ретті түрлендіргішпен бірге қолданылатын аспаптың көрсетулерінің өзгеруі келесі жағдайдармен байланысты:

а) қоршаған ортаның ауа температурасының нормалды шарттардан өзгеруінен. Егер де бұл өзгеру кеңейтілген мәндер аймағының (КМА) шектерінен шықпаса, онда аспаптың көрсетулері әр үшін келесіден үлкен болмайды

; (5.3)

б) аспаптың күштік электр тізбегінің көректендіру кернеуінің өзгеруінен. Егер де бұл өзгеру номиналды мәннің +10 және –15% шектерінде болса, аспап көрсетулері келесіден үлкен болмайды

; (5.4)

в) сыртқы электрмагнит өрістің әсерінің себебінен. Егер де жиілігі 50 Гц болатын ауытпалы токпен өндірілген сыртқы электрмагнит өрістің кернеуі 400 А/м аспаса, аспап көрсетулері келесіден үлкен болмайды

(5.5)

Осы қателіктерді () Цельсий градустарымен алу үшін сәйкес бірінші ретті түрлендіргіштің бөліктендіру кестесін қолдану керек [3, П4-7-1,2,3,4,5,6 кестелері].

Екінші ретті аспаптың көрсетулерінің қосынды өзгеруінің шегін жуықтап келесі формуламен бағалауға болады

,% (5.6)

мұндағы - i – ші ықпал ететін шаманың шегіне жеткен қатынасты қателік, келесі формуламен есептеледі

,% (5.7)

мұндағы - Цельсий градустарымен көрсетілген i – ші ықпал ететін шаманың әсерінен пайда болған қосымша қателіктер;

- өлшенетін температурың мәні.

Екінші ретті аспаптың көрсетулерінің қосымша өзгеруінің қосымша абсолютты қателігі келесі формуламен анықталады

, (5.8)

Пайдалану жағдайларда өлшеу каналының шегіне жеткен қателігі келесі шамадан артпайды

, 53.9)