Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Постмодернизм және болмыстың жаңа стратегиясы Әбу Насыр Әл Фараби.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
154.11 Кб
Скачать

Фарабидің философиялық трактаттары

Философияны зерттегісі келетіндер әрекетке және мақсатқа жету жолында талпына беруге тиіс. Әрекетке талпыну білім арқылы жүзеге асады, өйткені білімнің түбі әрекет болып табылады. Ал табиғатты білмейіше білім арқылы мақсатжету мүмкін емес ,өйткені табиғатты білу біздің түсінігімізге біртабан жақын.

Ұстаздың мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауғатиәіс, тым ырыққа да жығылы бермеуі тиіс ,өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа қона беру ұстаздың қадірін кетіреді,оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет, өйткені бұлар,- жұрт айтқандай,-тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді. Сондай-ақ өзініңғ сабақтарын бір ғана ғылымның шеңберінен асырмағаны дұрыс, өйткені түрлі пәндермен сабақты ауырлата беру тәртіпсіздікке және белгілі бір жүйеден айырылыпқалуға апарып соқтырады. Осының бәрі шәкірт өмірін ұзартады, өйткені тәнді емдеу, Гиппократтың сөзімен айтқанда,- өмірді ұзартатын болса, жанды емдеу онанда жақсы нәтижеге жеткізуге тиіс…

Адам пайда болысымен оның бойына ең алдымен бітетін нәрсе күш ,яғни қабілет, ол осы күш арқылы қоректенеді. Сондықтан бұл қоретдіргіш күш болады. Бұдан соң түйсінілетін нәрсені,- мәселен, жылылық пен суықтықты,- аңдауға мүмкіндік беретін және дем, иіс, дыбыс, тур-түс сияқтыларды, сәуле тәрізді көзге көрінетін зат біткенді аңдатқызатын күш пайда болады. Сезімнің пайда болуымен бірге адамда сезімдік аппарат пайда болады. Оның өзінің туйсінген нәрсесін ұнатуға немесе ұнатпауға мәжбүр ететін осы аппарат. Сонан соң оның бойымен екінші күш бітеді, осы күш ол түйсінген, әсер алған нәрсенің сезімдік байқау әсері көзден ғайып болғаннан кейінгі жерде жадында сақтайды; бұл- қиялдау күші. Мұның өзі түйсік біткенді өзара біріктіреді немесе әр алуан үйлесімдер мен жіктерге бөледі, біреулері- жалған, екінші біреулері-ақиқат, сонымен қатар бұл күш қиялдағы нәрсеге ынтыққан талапты демеуші болады. Ақырында, оның бойында ойлау күші болады, осы арқылы ол интеллектің пайымдағыш объектілерін аңғарады, сұлулықты сұмпайылықтан айырады, сөйтіп өнер мен ғылцымға ие болады. Бұл күш те пайымдалатын нәрсеге ынтыққан талапты демеуші болады.

Ойлаушы күшті алатын болсақ, басқа мүшелерде оның өз түріндегі қоректендіруші немесе қызмент етуші күштері жоқ. Бәрінен бұрын ол барлық басқа күштергое үстемдік жүргізеді, ал бұрын қиялдау күштері бола ма, әр түрлі негізгі күштер бола ма, яғни ішіндеүстемдік етүшілері де, бағыныштылары да бар күштер бола ма, бәрі бір. Ойлаушы күш қиялдау күші мен сезімдік күш пен қоректеніргіш күш сияқты үстем күштерді билеп төстейді.әлденендей зат жөніндегі білім не ойлаушы күш арқылы, не қиял арқылы, не түйсік арқылы жинақталмақ.

Егер түйсінілетін затты интеллект күші арқылы танып білсем деген тілегің болса, оны жүзеге асырушы әрекет парасатты жан жүйесіндегі екінші күштің көрінісі болмақ; ал мұның өзі-интеллектіні, елесті, түс көруді, ой толғауын және тұжырымды пікір туғызатын парасатты күш.

Ал егер түйсінілетін нәрсені түйсік арқылы танып білсем деген тілегің болса, осы тілекті жүзеге асыратын нәрсе тән мен психикаәрекеттерінің көрінісі болмақ. Мәселен затты көргіміз келгенде, біз қабағымызды көтеріп,назарымызды өзіміз көргіміз келген сол затқа аударамыз; егер зат қашық жатса, біз соған қарай жақындаймыз; егер оны бізгекөлегейлеп тұрған бөгет болса, біз бұл бөгеттіқолымызбен алып тастаймыз. Бұл қимылдардың бәрі- тәнніңқимылдары, ал түйсік дегеніміз, өзінен-өзі, психикалық ірекет болып табылады. Барлық сезім атаулары да осылай.

Ақырында, әлденендей бір затты түйсінгісі келген адам бұл ниетіне әр түрлі амалмен жетеді. Мәселенқалаған немесе күткен затын әйтеуір бір жолмен ұғынып алу үшін, яки өткен кездегі бір затты түсіну үшін, не болмаса қиялдағыш күш арқылы бейнелеген затты білу үшін ол әуелі қиялдағыш күшін іске қосады, бұдан соң қорқыныш немесе үміт объектісі ретінде әлденендей затты түйсіну арқылы қиялдағыш күшке жеткізілген нәрсе көңілге тоқылады, немесе ойлаушы күш арқылы танылған нәрсе сонан кейін барып тоқылады. Жан жүйесінің күштері немесе қабілеттері міне осындай...

Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғарғы кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етді, осы қауымдағы адамдардың әр қайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби.

Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып фило­софия мен ғылымның барлық тараулары бойынша калам тартып аса ірі жетістіктерге жетті. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің "Категориялар", "Мета­физика". "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика" т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған.

Мен рефератымда Фарабидің ғылыми жетістіктерін баяндауда осы жоспарды басшылыққа аламын. Казіргі қолда бар мағлұматқа қарағанда ұлы бабамыздың ғылымға белгілі (зерттелген-зерттелмегенін қосканда) 70-ке тарта шығармасы бар көрінеді. Олардың толық немесе үзінді түрінде кезінде КСРО халықтары тілдеріне бірсыпырасы аударылған. Олар мыналар: "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап", "Мәселелердің түпкі мазмұны", "Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі тура­лы", "Вакуум туралы" трактат, "Музыканың ұлы кітабы" (кіріспесі қазақтіліне аударылған), "Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме", "Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", Порфирийдің "Философияға кіріспе" атты кітабына түсініктеме, "Химия өнерінің қажеттігі жайлы", "Птолемейдің "Алмагесіне" түсініктеме" және қосымша кітап, "Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы", "Философиялық сұраулар және оған жауаптар", "Бақытқа жету туралы", "Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты", "Ақылдың мәні туралы", "Түсініктемелер", "Философияның дінге қатысы", 'Әріптер туралы кітап", "Логикаға кіріспе трактат", " Геометриялық трактат" т.б.