Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика отчет.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
720.38 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті

Политехникалық факультет

Энергетика кафедрасы

«Келісілді» «Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі Ғылыми жетекші

____________ Н.С. Жексембиева ______________ К.К. Тулегенов

«____» _____________ 2015 ж. «____» _____________ 2015 ж.

Өндірістік практиканың есебі

(01.06- 04.07.15ж)

Магистранттың аты-жөні: Байниязов Нұрсұлтан Серікұлы

Мамандығы: 6М071800 – Электр энергетикасы

Білім беру бағдарламасы: Өнеркәсіп кәсіпорнын электрмен жабдықтау

Дайындау бағыты: бейіндік (оқу мерзімі - 1,5 жыл)

Магистратурада оқу мерзімі: 2014 - 2016 жж.

Ғылыми жетекші: Тулегенов К.К, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

«Энергетика» кафедрасының доценті, т.ғ.к.

Магистрлік диссертация тақырыбы: «Өндірістік кәсіпорында тиімді энергия сақтаушы трансформаторларды қолдану арқылы энергияны үнемдеу»

Магистрлік диссертацияны аяқтау мерзімі: ақпан 2016 ж.

Мазмұны

Кіріспе

3

1

Өндірістік кәсіпорында турбогенератордың конструкциясын анықтайтын негізгі факторлар

6

2

Турбогенератордың изоляциясы

9

3

Жаңа жоғары вольтты изоляция

14

Қолданылған әдебиеттер

16

Кіріспе

Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны үнемдеу мәселелері жоғары қарқынмен шешілу үстінде. Соңғы ширек ғасырдың ішінде энергия үнемдейтін мақсатты саясатты іске асыру есебінен осы Европалық дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің энергияны пайдалану көрсеткішін 30 пайызға дейін азайтуға қол жеткізіледі.

Біздің елімізде де, дамушы немесе дамыған елдердегідей стационарлы энергожүйе элементтерін дәлірек айтқанда, озімнің тақырыбыма келетін болсақ, турбогенераторлардың технико- экономикалық мінездемесін зерттеу арқылы оны өндіріске үнемді түрде енгізу. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында электр қуатын үнемдеуге ерекше назар аударатын кездің келгенін айтып өтті. Энергияның тапшылығы экономикалық өсімді тежейтін факторлардың бірі болуы ықтимал. Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, энергия үнемдеуші технологияларды енгізу, электр энергиясының сараланған тарифтерін енгізу, энергия таратушылардың тұтыну және есепке алу жүйесін дамыту бағытында заңнамалық актілер қабылданды. Әрине, мемлекет еліміздің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Отандық өнеркәсіптің қалыпты жұмыс жасауын, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаралар алатыны, жаңа электр қуатын өндіретін станциялар салуға басымдылық беретіні сөзсіз. Дегенмен бұның барлығы, қомақты қаражатты, жылу, атом электр станцияларын салу экологиялық жағдайға әсер ететіні белгілі. Қолда барды үнемдеп пайдалану, ысырапшылдыққа жол бермеу бүгінгі күннің талабы.

Дамыған индустриалды мемлекеттердегідей біздің елімізде де, стационарлы энергожүйе элементтерін яғни, менің тақырыбыма келетін болсақ, ол электр цехындағы турбогенераторлардың изоляциясының сенімділігін арттырып, мінездемесін одан әрі дамытып, оны барлық жағынан жаңашаландырып қазіргі заман талабына сай қылу. Мамандардың айтуынша біздің елімізде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі бүгінгі күні 30 пайыздан аспайды, яғни, тұтынылатын энергияның үштен екісін ысыраппен пайдаланып отырмыз деген сөз.Энергия қорларын үнемдеу 21-ғасырдың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күнде әлемнің өнеркәсібі дамыған барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу мәселелері қарқынды шешілуде. Көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жаңа ЖЭС салуға инвестициялар тарту экологиялық проблемалардың тереңдеуін білдіреді. Қайта жаңаратын жергілікті энергия көздері, әсіресе электр энергиясынан тапшылық көретін аудандар үшін, орталықтандырылған экономикалық баламалы энергия үнемдеу болып табылады.