Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
елаРГР.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
624.64 Кб
Скачать

3. Механикалық - құрастыру цехының электрлік жүктемелерін есептеу

Электрлік жүктемені есептеу 2-ші кестеде жүргізіледі. Бұл кесте қорек көзінің жекелеген түйіндерінің күштік және де ТҚ шиналары жүктемелерін есептеу үшін  қолданылады. Паспорттық қуаты киловаттпен ПВ 100% деп көрсетілген электрқабылдағыштар үшін

Pн=Pуст·, кВт (1.1)

  1. Кран с ПВ=25% үшін;

кВт;

  1. Машина шовной сварки с ПВ 25% үшін;

кВт;

Есептеуді жүргізу мен 2-ші кестені толтыру реті:

  1. 1-інші бағанаға  цех жоспарына сәйкес технологиялық құрылғылардың рет саны жазылады;

  2. 2-нші бағанаға электрқабылдағыштар топтары және қорек түйіндерінің атаулары жазылады;

  3. 3-інші бағанаға электрқабылдағыштар саны жазылады;

  4. 4-інші бағанаға электрқабылдағыштардың сәйкес тобы үшін жазылады: электрқабылдағыштардың қуаты тең болғанда – бір электрқабылдағыштың номиналды орнатылған қуаты киловаттпен, әртүрлі қуатты электрқабылдағыштар болғанда – топтағы электрқабылдағыштардың ең төменгі және сызықша арқылы ең  жоғарғы номиналды қуаты жазылады;

  5. 5-інші бағанаға  берілген топтың  электрқабылдағыштарының ПВ=100% – ға келтірілген қосынды орнатылған қуаты киловаттпен жазылады.

  6. 6-ншы бағанаға қолданылу коэффициенті жазылады [Ә. 1];

  7. 7-нші бағананың алымына қуат коэффициенті (), бөліміне соған сәйкес  жазылады [Ә. 1];

  8. 8-інші бағанда электроқабылдағыштың әрбір топшаға арналған ең көп жүктелген аусымдағы орташа активті жүктемесі төмендегі формула бойынша есептеледі:

Рсм = КИ · РН,  кВт (1.2)

  1. 9-ыншы бағанаға электроқабылдағыштың әрбір топшаға арналған ең көп жүктелген аусымдағы орташа реактивті жүктемесі төмендегі формула бойынша есептеледі:

Qсмсм·tgφ, кВар (1.3)

  1. 12-нші бағанада бір топқа тән мәнін есептейміз.

  2. 13-нші бағанада созылмалы есептелінетін ток (Iдл) төмендегі формула бойынша есептелінеді:

, А (1.4)

  1. Қоректендіргіштің түйіндегі қорытынды жүктемесін анықтау үшін, есептелінген түйіндегі А тобындағы электроқабылдағыштың қолдану коэффициентіннің орташа мәнін есептеу керек. Ол үшін:

а) 2-бағанада “қорытынды” сөзін ерекше көрсетіп, 3, 6, 8-12 және 14-17 бағаналар бойынша қорытынды жүргізілгеді;

б) алынған мәліметтерден есептелінген түйін бойынша пайдаланылатын коэффициентінің орташа өлшемді мәні анықталады. Мысалы: ШРА-1 үшін

(1.5)

Алынған нәтижені 6-ншы бағанадағы қорытынды қатарына жазып қояды.

  1. Сонан соң электроқабылдағыштың тиімді санын nэ санап алу қажет, берілген қоректендіргіштің есептелінетін түйін үшін 10-ыншы бағана (5 және 12 бағаналар nэ анықтау үшін көмекші болып табылады). Бұл тәсіл nэ анықтаудағы келесі ықшамдалған қолдануға ұсынады:

– n≤3 болған кезде, электроқабылдағыштың эффективтілік саны олардың фактілік санына тең етіп алынады: nэ=n;

– n>3 және топтық коэффициенті Ки>0,2 болған кезде, электроқабылдағыштың эффектілік саны мына формула бойынша анықталады. Мысалы: ШРА-1 үшін

(1.6)

  1. 11-інші бағана Км максимальды коэффициент электроқабылдағыштың nэ және орта өлшенген Ки, эффектілік санына байланысты кестемен анықталады [Ә. 1];

  2. 14-інші бағана түйіннің күштік электроқабылдағышынан максимальды активті жарты сағаттың жүктемесі:

Рм = Км ∙ Рсм , кВт (1.7)

  1. 15-інші бағана түйіннің күштік электроқабылдағышының максимальды реактивті жарты сағатты жүктемесі мынаған тең етіп қабылданады:

–  n ≤ 10 болғанда, Qм =1,1∙∑Qсм,                (1.8)

–  n >10 болғанда,  Qм =∑Qсм,                            (1.9)

  1. 16-ншы бағана максимальды толық жүктемесі төмендегі формула бойынша анықталады:

, кВА (1.10)

  1. 17-інші бағана үш фазалық ток үшін, есептелінетін максималды ток:

, А (1.11)