Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ref_1357 / policy_ref_24.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
108.54 Кб
Скачать

Қорытынды

Фашистік партияның Германияда билік басына келуі – Гитлердің билікке келіп, диктаторға айналу тарихы.

Әлемде абсолютті билікке жету үшін фюрерге ең алдымен партияда және елде билікке жету керек болды. Бұл үшін ол кез келген қарсыласпен күресуге дайын болды және күресті де. Осы жолда өз жолындағы кедергі болатындардың бәрін жойып, ол партияда да, елде де дара билікке қол жеткізді. Нәтижесінде Гитлер 30-жылдардың орта шенінде НСДАП-тың басында тұрды, оның жалғыз көсемі саналды.

Гитлер партиядағы қарсыластарымен күресте террорға, зұлымдыққа, принципсіздікке негізделген әдістерді жетілдіріп, қолданып бақты. Бұл әдістер барынша жетілдіріліп, НСДАП террористік мемлекеттік биліктің дайын формасына айналды.

1933 жылдан бастап Гитлер билікке келгеннен кейін көсемнен фюрерге айналу үшін күресін бастады.

1933 жылы елде билікке қол жеткізгеннен кейін Гитлер бүкіл билікті өз қолына шоғырландырды. Фюрер мемлекеттің бүкіл саласына жеке дара бақылау орнатып, бүкіл халықты өз соңынан ерте білді. Халық фюрердің ұстанымдарын қолдап, оған барынша сенді.

Террор мен насихаттың арқасында ол қоғамның барлық тобының билігін қолына қаратып, көпшілікті бағынышты етті. Бұл процесті ол әскер мен генералитетті бағындырумен аяқтады. Әскер оның сыртқы саяси жоспарларын жүзеге асыру үшін керек еді.

30-жылдардың соңында Гитлер билігі қоғамда демократияны, мемлекетті ұжымдық басқаруды жойып, Германия мен Еуропада қоғамды бүліншілікке ұшыратты.

Мұның бәрінің басында Гитлер тұрды. Ол аса күрделі, қарама-қайшы тұлға болды. Оның бойында реализм мен тылсым сырларға бой ұру, қарапайымдылық пен асқақтық, іскерлік пен сылбырлық, жалқаулық пен белсенді әрекет алма-кезек ауысып отырды.

Ол өзін партиямен астастырып жіберді. Көсем үні партия үні деп есептелді. Фюрер өзіне қарапайым адамдардың өмір сүру нормалары сәйкес келмейтін тұлға деп қарады.

Ол өзін Германия халқының ұлы тұлғасы деп санады. Шындығында ол елді терең дағдарыстан алып шығып, ұлттың басын бір идея айналасында біріктіре алды. Бүкіл Еуропа бойынша оның жолын қуушылар болды.

Дегенмен Гитлер қол жеткенімен тоқтай қоймады. Оның мақсаты бүкіл әлемге үстемдік орнату еді. Соғыс ашу міндет қана емес, кейінге қалдыруға болмайтын шара болды.

Фюрердің бойында төңкерісшінің қаны тулап жатты. Ол жаңа тұрпатты Герман империясын құрмақ болды. Алайда әлемге үстемдік ету идеясы табысты аяқталмады. Оның бұл жеңілісі неміс халқына аса қымбатқа түсті.

Пайдаланылған әдебиеттер

I. Дереккөздер

1. Геббельс Й. Дневники //Новая и новейшая история.- 1995.

- № 1-3.

2. Геббельс Й. Последние записки. - Смоленск.: Русич 1993.

3. Гитлер А. “Моя Борьба”. - Ростов-на-Дону.: ИТФ “Т-Око”, 1996.

4. Нюрнбергский процесс над главными военными преступниками. сб. материалов. - т.3,7; М.: Наука, 1958-61.

5. Пикер Г. Застольные разговоры Гитлера. - Смоленск.: Русич. 1993.

6. Раушинг Г. Говорит Гитлер. Зверь из бездны. - М.: Миф. 1993.

7. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права., ред. Батыра К.И., Поликарповой Е.В. т.2., М: Юрист, 1996.

8. Шеленберг В. Лабиринт. Мемуары гитлеровского разведчика. Дом Бируни, 1991.

9. Шпеер А. Воспоминания. -Смоленск. -Москва: Русич- Прогресс,1997.

10. Толланд.А Гитлер. - М.: Республика,1993, т.1,2.

11. Фест И. Гитлер. - М.: Республика,1993, т.1.

12. Форбс К. Вождь и призрак. - М.: Логос,1993.

13. Фромм Э. Адольф Гитлер: клинический случай некрофилии. -М.: Высшая школа, 1992.

14. Хлебников Г. Интимная жизнь А. Гитлера. - М.: Миф, 1995.

15. Чёрная Л. Коричневые диктаторы. (Гитлер, Геринг, Гиммлер, Геббельс, Борман, Риббентроп). -М.: Республика, 1992.

1 А.Гитлер. “Mein Kampf” . Ростов-на-Дону.: ИТФ “Т-Око”, 1996.

11