Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ref_1357 / policy_ref_24.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
108.54 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе 2

1. А. Гитлердің өмірінің алғашқы кезеңі және партиядағы билік жолындағы күресі 3

1.1. Гитлердің жастық шағы 3

1.2. Гитлердің билік жолындағы алғашқы қадамдары мен күресі 5

2. А. Гитлердің Германиядағы билікті толықтай қолына алуы және жаңа режим орнатуы 8

2.1. Гитлердің Германиядағы билігінің ұлғаюы 8

Қорытынды 9

Пайдаланылған әдебиеттер 10

Кіріспе

Фашизм тарихи құбылыс ретінде осы күнге дейін пікірталастар мен қызығушылықтар өзегіне айналуда. Мұны жан-жақты зерттеу фашизмнің табиғатын терең түсінуге және оның алдын алуға мүмкіндік береді. Германиядағы национал-социализмнің қалыптасуын зерттеу отырып, біз фашистік тоталитарлық диктатураның қалыптасу жолдары мен тәсілдерін көктей шолуға мүмкіндік аламыз. Бұл қазіргі кезде шовинизм, диктатура және күш көрсету бас көтеріп отырған кезеңде айрықша өзекті.

ХХ ғасырдың 30-40 жылдары Германияда орын алған фашизмнің қанқұйлы сипаты туралы адамдардың есіне үнемі салып отыру керек. Бұл әлгіндегідей құбылыстардан бойды аулақ салу үшін керек.

Неміс фашизмінің басты тұлғасы – Адольф Гитлер болды.

Өмірінің алғашқы 30 жылында ол өзін көрсете алмады, ал қалған 26 жылында бүкіл адамзат баласын өзінің қанқұйлы істерімен тітірентті.

Гитлердің саяси мансабы алғашқы кезеңінен бастап соңғы сәтіне дейін – бұл фашизмнің әрекетінің бірден бір классикалық үлгісі. Гтилер, «Мен билікті қалаймын», - деп жазды “Mein Kampf”1 кітабында.

Осы мақсатқа жету жолындағы оның мансапқа ұмтылу бағытының үш кезеңін бөліп көрсетуге болады:

1-кезең – НСДАП-қа абсолюттік билікті жеңіп алуы (1919-34 жж.)

2-кезең – Германияға абсолюттік билікті алуы (1933-39 жж.)

3-кезең - Әлемге үстемдік етуді қолға түсіруге ұмтылу.

Гитлер алғашқы екі кезеңді табысты жүріп өтіп, жеңімпаз болды, алайда үшіншісіне келгенде ол күйреуге ұшырады.

1. А. Гитлердің өмірінің алғашқы кезеңі және партиядағы билік жолындағы күресі

1.1. Гитлердің жастық шағы

Гитлер кім деген сұраққа жауап іздеп көрелік. А. Гитлер – Германиядағы фашисттік Ұлттық-социалистік жұмысшылар партиясының көсемі (1921 ж. бастап). Германдық фашисттік мемлекеттің басшысы (1933 ж. бастап). Екінші дүниежүзілік соғыстың өртін тұтандырушы. Нюрнберг процесінде басты ұлтшыл соғыс қылмыскері болып табылды.

ХХ ғасыр адамдарының санасына Гитлер толық жауыздықтың жүзеге асырушысы ретінде кірді. Адамға қарсы ең қорқынышты қылмыстар оның есімімен байланысты. Ол екінші дүниежүзілік соғыс өртін тұтандырды, адамзат тарихында қанқұйлы геноцидке жол берді.

Неміс фашистерінің болашақ фюрері Австрия мен Германияның шекарасында 1889 жылы 20-сәуір күні Браунауда туған. Оның әкесі Алоис Шикльгрубер австриялық кеден қызметкері болған. Туғанда алған фамилиясында 1876 жылға дейін болған, одан кейін ағасы Иоганн Гитлердің отбасында тәрбиеленгендіктен Гитлер фамиялиясына ауысқан.

Адольфтың шешесі, қыз кезіндегі фамилиясы Клара Пельцль күйеуінен 23 жас кіші болған, ол шаруалар отбасынан шыққан. Жұбайлар жақын туыстық қарым-қатынаста болған. Кларадан туған жеті баланың төртеуі балалық шақтарында қайтыс болады, қалғандарының біреуі ақылдан алжасқан және тағы біреуі ақымақ болған. Адольфтың психикалық ұшқалақтылығы да белгілі. Оны қатты жақсы көрген шешесі де ұлын «алжыған» деп атаған. Бала жабырқаңқы және ренжігіш болып өсті. Бұның бір себебі әкесінің дөрекілігі мен деспотизмінде жатыр. Әкесі арақ ішкіш болып, балаларын жиі ұрған.

Адольф алғашқы білімді кішкене Фишльхам қаласындағы мектептен алған. Екі жылдан кейін шешесі баласының шіркеу қызметкері болғанын қалап, оны бенедиктинтердің приходской мектебіне жібереді. Алайда Адольфты шіркеу бақшасында шылым тарқаны үшін одан шығарып тастайды. Кішкентай Гитлер одан кейін Леондинга мектебінде оқиды, ол жерге отбасымен көшіп барады. Одан кейін оқуын Линце мен Штейредегі мектептерде жалғасты. Адольф ерекше ұқыптылықпен ерекшеленбеген. Гитлердің өзінің еске түсіруші бойынша, ол өзіне ұнайтындарды ғана оқыған. Пәндердің ішінде Адольфқа тарих ұнаған. Барынша пангерманист оқытушы Леопольда Петчаның әсерімен ол германияның ұлтшылдық идеяларына еліккен.

1907 жылы октябрьде 18 жасында болашақ ұлтшылдықтың идеологы Венаға кетеді. Жасөспірім суретші болуды армандайды, бірақ Веналық суретшілер академияcының емтихандарынан құлап қалады. Өзінің сәтсіздігіне Адольф «топас профессорларды» кінәлады, бір сәт те өзінің қабілеттілігіне күмән келтірмеді.

Венада қалып, Гитлер аянышты халде жартылай аштықта өмір сүрді. Қайыр-садақадан жиренбей, фотографиялардан көшіріп сурет салып, эскиздер сатып, кездейсоқ пайдамен күн көрді. Жас жігіт өзінің барлық сәтсіздіктерін басқалардан көруін қоймай үдете берді. Бұл «басқалар» оның ойынша әлемді жою үшін марксистермен біріккен, еврейлер бет әлпетіндегі адамдар еді. Адольф Ұлы Германияны армандауы жалғасып, енді бұл арманына оккультизмнің едәуір бір үлесі араласты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, Гитлер еңбекке әлсіздігіне байланысты әскери қызметке жарамсыз болып табылды. Бірақ Адольф соғысқа баруға тырысты және соғысқа баруына көмектесуге король Бавариге барды. Үкімет қол үшін беріп, жаңа шақырылған солдатты 16-шы бавар полкіне орналастырды. Оның Бірінші дүниежүзілік соғыстағы фронттар бойынша қиыншылықтары басталды.

Гитлер өзінің әлсіздігіне қарамастан батыл солдат болды. Ол төрт жыл ішінде 47 айқасқа қатысты, екі рет жаралы болды, госпитальда жатып, озат атағын алып және екі құрметке марапатталды. Жай солдат үшін жиі кездесетін жау офицерлерін және он алты солдат өлтіргені үшін, соңғы – бірінші деңгейдегі темір крестін алды.

1916 жылы 7 қазан күні Адольф газдық шабуылға түсті. Осыдан кейін оған үш ай лазаретте жату керек болды. Дәл осы қиналу сәтінде ол Германияны жеңгендерге жеккөрішпен қарап, өзі саясатпен айналысамын деп шешті.