Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ref_1357 / policy_ref_24.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
108.54 Кб
Скачать

1.2. Гитлердің билік жолындағы алғашқы қадамдары мен күресі

Гитлер ауруханадан жазылып шыққаннан кейін Мюнхенге қайтты. Соғыстан кейінгі саяси оқиға – Германиядағы революция және Веймарск мемлекетінің құрылуы – оның тітіркенушілік және жеккөрушілік сезімін оятты. Сондықтан ол әскери басшыларының саяси одақтарға тыңшы болу ұсыныстарына қуана келісті. Жақын арада көптеген жеке көзқарастарымен сәйкес келетін кішкентай неміс жұмысшылар партиясынан құрылған топқа оның көңілі ауды. 1919 жылдың аяғында осы топтың толық мүшесі болды, кейінірек атқару комитетіне кірді. Оның үгіттеушілік қабілеті тез арада қолданылды және алға жылжуға көмектесті. Болашақ фюрердің бастамашылығы бойынша партия жаңа атқа ие болды – Германиядағы ұлттық-социалистік жұмысшылар партиясы (НСДАП). Оның мүшелері ұлтшыл социалистер немесе ұлтшылдар деп аталды. Олардың көсемдері партиялық символ ретінде ежелгі солярлық белгі – свастиканы қолдануды ұсынды. Гитлердің түсінігі бойынша, бұл шығармашылық қозғалыстың және ариялық тектің керемет белгісі болды.

Гитлер ойыншы болды, ол немістердің өмірімен және өз өмірімен ойнады. Ол билікті көксеп, соған жетуге бар күш-қайратын жұмсады. Бұған НСДАП ерекше жағдай жасады.

Гитлердің абсолютті билікке ұмтылу жолы партиядағы билікке күрестен басталды. Партияға Гитлер 1919 жылы мүше болып, оның болашақта басшыларының біріне айналды.

Гитлердің НСДАП-тағы билік үшін күресі 1919 жылдан 1934 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Ол үш кезеңнен тұрды. Күрестің хронологиялық кезеңін былайша көрсетуге болады:

1-кезең. 1919-1921 жж. – НСДАП негізін қалаушылармен қарсы тұру;

2-кезең. 1921-1932 жж. – сол оппозициямен күрес;

3-кезең. СА отрядын басып алып, 1934 жылғы билік басына келумен аяқталу.

1920 жылы 24 ақпанда симетизсге карсы ұлтшылық ариялық тектің кереметтігі либералдық демократиялық жеккөрушілік және фюрер принципі мәселелерін көтерген 25 тармақтан тұратын бағдарламаны жариялады. Жақын арада ұлттық акцияны және жиналыстарды қорғау үшін қарулы отрядтар құрылды СА-қоңыр көйлектілер. Гитлерді қорғауға гвардия құрыла бастады – СС, қара көйлектілер, ол фюрерге шын берілу арқылы таңдап алынған адамдардан құрылды.

1923 жылы 8 қараша күні ұлтшылдардың көсемі мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға тырысты және ұлттық қозғалысты басқарды, бірақ, күйзеліске ұшырады. Бұл акция тарихқа «сырахана бүлігі» атымен енді. Осы оқиғаның арқасында ұлттық қозғалыс мемлекет бойынша және шетелдерде кең танымал болды. Гитлер Германияның көпшілігі үшін ұлттық батырға айналды.

Мемлекетті сатқаны үшін ұлтшыл көсем тоғыз ай ғана түрмеде болды. Желтоқсан айында амнистия бойынша ол босатылды. Гитлер бос уақытын жай жіберген жоқ: қамауда ол «Маин Кампф» кітабының бірінші томын жазды, бұл кітап тез арада керемет атаққа ие болды. Бұл кітап автобиографиялық мағлұматтан, философиялық пікір және ұлтшылдар үшін бағдарлама іс-әрекеттен тұрды. Гитлер үкіметті басқару ашық формалық жұмыстардан тұрады деген қорытындыға келді.

20-шы жылдары фашистердің жағдайы адам қызығарлық емес еді. Олардың ыкпалы 1929-1933 жылдарғы экономикалық дағдарыс жылдарында тез өсе бастады. Экономикалык дағдарыс Веймар Республикасының дағдарысын да көрсетті. Сан мыңдаған жұмыссыздық, шаруалар мен қолөнершілердін жаппай қайыршылануы үкіметтін халықтың жағдайын жеңілдететін төтенше шаралар жүргізуін талап етті. Алайда бірінен соң бірі ауысқан үкімет ескірген басқару аясынан шыға алмай, онсыз да аз әлеуметтік шығындарды қысқартқан экономикалық саясатты жүргізе берді. Осындай саясат үкімет басында отырғандарды, демократияны сынаушыларға жол ашты. Веймар Республикасы беделінің құлдырауына оны масқара Версаль бітімшартының туындысы деп сипаттау әсерін тигізді. Осылайша дағдарыс жылдарында демократияға қарсы партиялар, әсіресе елді дағдарыстан шығаруға және мықты билік орнатуға уәде берген нацистер күшейді. Веймар Республикасын қолдаған партиялар азайды. Нацистер Германияда ец мықты саяси партияға айналды.

Фашистік қозғалысты ұлтшыл көңіл күйдегі қолөнершілер, шаруалар, соғыс ардагерлері, жұмыссыздар қолдады. Нацистерге Германия ірі капиталының ықпалды тобы қолдау көрсетті. Жұмысшылар нацистердің ықпалына бірден түсе қойған жоқ. Дегенмен олардың біраз болігі социалистік революшияны колдағандарды - коммунистерді қолдап, Веймар Республикасына қарсы шықты. Коммунистер мен социал-демократияның арасындағы бітіспес дау солшыл күштердің антифашистік әрекеттерде бірігуіне кедергі келтірді. Нацистер өз жағына демократияға наразы болған жастарды көптеп тарта алды. НСДАП-ныц 1/3 мүшесі 30-ға жетпеген жастар еді. Сайлаушыларға нацистердің сайлау алдындағы тактикасы ұнады.

Эсэсовшылар мен штурмовиктер митингілерде саяси қарсыластарына шабуыл жасады, басқа партиялардың белсенділерін ұрып-соқты, аудандардың халкын қорқытты. Олардың әрекеттері қалаларды тәртіпті қамтамасыз етуге шамасы келмеген заңды биліктің әлсіз екенін әйгіледі.

Гитлер және оның сыбайластары Версаль шартына қарсы күресті желеу етіп, елдегі шовинизм отына май құйып, өршіте түсті. 20 жылдардың 1 аяқ шенінде олардың қолында жұмысшы қозғалысын жаншуға және фашистік партияның басшы тобын қорғауға арналған аса күшті СА және СС отрядтары болды. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс (1929—33) кезінде герман монополистері гитлерлік партияны мейлінше қолдады.

30-жылдардың басына карай оның үкіметін және беделін ешкім даулай алмайтын, белгілі партия көсемі болды. Германияда оның идеялары мыңдаған адамдарды өзіне қаратты.

1930 жылы 14 қыркүйекте ұлтшыл социалистік партиясы 18,3 пайыз дауыс жинап және парламентте екінші орынға ие болды. 1932 жылы 25 ақпанда ұлттық банктің күйрегендіктен экономикалық дағдарыстың күшеюіне байланысты, Гитлер Браунгшвейк өкіметінде министр қызметіне тағайындалды. 1933 жылы 30 қаңтар күні, НСДАП парламент сайлауында көптеген дауыс алып және мемлекеттегі ең күшті партия есебіне жеңгендер ол мемлекеттің рейхканцелері болды. 1934 жылы 2 тамызда, Гиденбургтің өлімінен кейін ол өзінің қызметін рейхпрезидентінің қызметімен қосып Германияның жеке дара басқарушысы болды. 1930 жылдың ақпан айының басында-ақ опозициялық газеттерге және жиналыстарға тыйым салынып рейхстаг таратылған еді. 27 ақпан күні рейхстаг ғимаратына штурмовик топтары басып алып, кілемдер мен перделерге жанармай құйып, ішіне ақылы кем Маринуса Ван дер Любені кіргізіп ол ішін жандырып жіберді. Маринус бір уақыттарда коммунистік клубтың мүшесі болған, сондықтан болгар коммунисі Георгий Демитровқа жала жапқанда, фашистер от салған деп коммунистерді кінәлады. Ұлтшылдық сынға қарсы жалпы репрессия басталды. Коммунистік және социал-демократтық, кейінірек барлық партиялар НСДАП-тан басқалары таратылды.

Веймар Республикасының тағдырына Германияның дәстүрлі соғыс-бюрократиялық элитасының өкілдері шешуші роль атқарды. Дағдарыс аяқталуға жақын еді. Нацизмнің жақтаушылары өкімет басына келу мүмкіндігіне сене қойған жоқ. Дәл осы тұста саяси-бюрократиялық элита өзінің президент Гинденбургке ықпалын пайдаланды. Оны үкіметті қалыптастыру мандатын Адольф Гитлерге беруге көндірді. 20 қаңтар 1933 жылы А.Гитлер үкімет басшысы - рейхсканцлер болып тағайындалды. Германияда фашистік диктатура, террорлық тәртіп орнады. Президент (Гинденбург өлгеннен кейін (1934), Гитлер бар билікті өз қолына алды. Германия қарулы күштердің лагеріне айналды.