Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СПИД.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
161.79 Кб
Скачать

III. Қазақстанда житс-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру

3.1 Бұұ Бас Асемблеясы

БҰҰ Қазақстан үшін СПИД-пен күрес қорынан 22,5 млн АҚШ долларын бөлді. Ол алдағы бес жылда игерілуі тиіс. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бұрнағы күнгі кеңейтілген отырысында "Жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгісі (СПИД) ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Бұған дейін "СПИД ауруының алдын алу туралы" заң 1994 жылы қабылданған. Бұл заңға енгізілетін өзгерістердің мақсаты ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың тегін емделуге мүмкіндігі және ақысыз дәрі-дәрмектік көмек алуы, әрі әлеуметтік қорғалуы, сондай-ақ, ВИЧ инфекциясын жұқтырған адамдардың құқықтарын регламенттеу болмақ.

ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары Анатолий Белоногтың айтуына қарағанда, биылғы жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі мәліметтер бойынша ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар 4001 адамға жеткен. Олардың 153-і СПИД-пен ауыратындар. Қазақстанда 1987 жылдан бері СПИД-тен 123 адам қайтыс болған. Өткен жылы ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар 746 адамды құраған. Бұл 2002 жылға қарағанда 11 адамға көп . Республикамыздың Қарағанды, Павлодар облыстары індетті жұқтырғандар санымен алда келе жатса, Қостанай облысы мен Алматы қаласында да дертке шалдығу жиі кездесуде. Олардың арасында 20 мен 30 жас аралағындағы жастардың үлесі 72,9 пайыз болып отыр. ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың 80 пайыздан астамы нашақорлар. Жалпы әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтеріне келсек, дүниежүзінде ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар 40 миллион адамға жетеді. СПИД-тен және ВИЧ инфекциясынан 20 миллион адам қайтыс болған. Тек өткен жылы 3 миллион адам СПИД-тен өлген. Әлемде бұл аурудан күніне 8 мыңдай адам қайтыс болатын көрінеді.

3.2. Павлодардың 21 жасар тұрғыны кәмелеттік жасқа жетпеген қызға қасақана вич індетін жұқтырды деп айыпталды

Павлодардың 21 жасар тұрғыны кәмелеттік жасқа жетпеген қызға қасақана ВИЧ індетін жұқтырды деп айыпталуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІББ-ның Солтүстік полиция бөлімінен хабарлады.

Күдікті өзінің СПИД жұқтырғанын жасыра отырып 14 жастағы қызбен жыныстық қарым-қатынаста болған. Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық істер Кодексінің "өзінің ВИЧ/СПИД індетін жұқтырғанын біле тұра екі немесе одан да көп адамға індетті жұқтыру, немесе кәмелеттік жасқа жетпеген адамға ауру жұқтыру" жөніндегі 116 бап, 3 тармақ бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті қамауда отыр. Ол 8 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Полициядан хабарлағанындай, күдікті бұған дейін де кісі өлтіргені үшін сотталған. Ал жәбірленуші облыстық СПИД орталығының бақылауына алынды. Алғашқы қан тексеруі кері нәтиже көрсетті.

Бұл Павлодардағы СПИД-ті террор құралы ретінде қолдануға бағытталған осындай алғашқы оқиға емес екенін айта кету керек. Осыдан үш жыл бұрын қала тұрғыны өзінің таныс әйелін зарарлы шприцпен егу арқылы қасақана ВИЧ жұқтыруға әрекет жасаған болатын. Тағы бір оқиғаға келсек, бір кәнігі нашақор басқа да есірткіге тәуелді адамдармен ортақ шприц пайдалана тұра өзінің ВИЧ жұқтырғанын олардан жасырып қалған. Соның салдарынан 10 адам індет жұқтырды.

Қазіргі жағдаймен, жалпы алғанда Павлодар облысында ВИЧ індетінің құрығына іліккен 815 адам ресми тіркеліп отыр. Бұл республика бойынша Теміртаудан кейінгі екінші көрсеткіш. Тек биылғы жыл басынан бері осындай 15 адам тіркелді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 58 сессиясына қатысуға БҰҰ Штаб-пәтеріне келген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясы, ү.ж. 22 қыркүйекте ВИЧ/СПИД мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі БҰҰ БА пленарлы отырысына қатысты.

Аталған форумның жұмысына төмендегілер қатысты: Бас Хатшы Кофи Аннан, Франция Президенті Жак Ширак, Швейцария Конфедерациясының Президенті Паскаль Кушпэн және т.б жоғары лауазымды мемлекет басшылары. Құрама Штаттар делегациясын Мемлекеттік Хатшы Колин Пауэл басқарды.

Жоғары деңгейдегі пленарлы отырысқа сондай-ақ БҰҰ мүше-мемлекеттердің сыртқысаяси ведомство басшылары, БҰҰ маманданған мекемелерінің жетекшілері және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

ВИЧ/СПИД мәселелесі шекараларды танымай, шын мәнінде жаһандық сипат алып барады. ВИЧ/СПИД эпидемиясының таралуына байланысты жағдайдың күрт төмендеуі барлық өңірлерде, әсіресе африкалық континентте байқалады. Тек өткен жылы осы аурудан екі миллионнан астам адам өлді. Әлемдік жетекшілер, жаңа қатердің аумағын түсіне отырып, 2015 жылға шейін осы қауіпті жұқпалы аурудың таралуын тоқтату міндеттемелерін алып отыр. Бұл Мыңжылдық Декларациясында бекітілді.

Мәселені түбегейлі шешу үшін ұлттық және халықаралық деңгейде күш біріктіру қажеттігі айқын. Сонымен қатар күресті жүргізу барысында әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, гендерлік сипаттарды ескеру керек. СПИД пен күрестің ғылыми негізделген стратегиялық міндеттерін анықтап, ол күресті халықаралық қолдауды белсенді ету мақсатында барлық елдердің басым іс-қимыл бағытына айналуы тиіс.

Осы мәселелердің барлығы БҰҰ БА жоғары деңгейдегі пленарлы отырысында қызу талқыланды. Елдер жоғары деңгейдің 26-шы арнайы сессиясында қабылданған ВИЧ/СПИД пен күрес Декларациясын жан-жақты жүзеге асыру - осы зұлматпен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі екендігін бірауыздан мақұлдайды.

Қазақстан делегациясының басшысы Қ.Тоқаев өз сөзінде былай деп атап өтті: Қазақстан, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі басқа да елдер сияқты, ВИЧ/СПИД мәселелерімен тоқсаныншы жылдардың басында бірінші рет кездесті. Елдің жоғары басшылығы осы үлкен қатерді дер кезінде байқауы ВИЧ/СПИД-пен күрестің стратегиясын алдынала анықтады. «СПИД ауруларын емдеу” туралы Заң қабылдау, ВИЧ/СПИД-пен күрес бойынша мемлекеттік саясат концепциясын жасау, ВИЧ/СПИД-ке қарсы іс-әрекеттің комплексті шараларын көздейтін ҚР 2010 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарын және ұлттық бағдарламасын даярлау - тұтас алғанда Қазақстанда СПИД эпидемиясының тарауына қарсы тұруға тиімді болды.

Қ.Тоқаев ВИЧ/СПИД-тің барлық елдерге бірдей қатерлі екендігін атап өте отырып, осы мәселені жаһандық тұрғыдан қараудың, саяси ерік білдіріп, мемлекеттердің бірауыздылығын және оны шешуге үйлескен комплексті түрде келуді қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқтады. Қазақстан Сыртқы істер министрі ВИЧ/СПИД-пен күрес мәселесіне нәрлендіруші елдердің одан әрі белсенді қатысуының маңызына назар аударды, өйткені олардың дамушы елдерге қаржылық көмегінсіз эпидемия жаһандық сипат алып, болашақ ұрпақтың денсаулығына үлкен қатер әкелу мүмкін. Бұл контексте халықаралық қауымдастықтың күн тәртібінде осы мәселе халықаралық қауіпсіздік және қарусызданумен тең қойылу қажеттігі айтылды.

Қазақстан делегациясының басшысы СПИД-пен, туберкулезбен және маляриямен күрестің Жаһандық қоры қысқа мерзім ішінде осы үш жойқын жұқпалы аурулармен, жинақтай алғанда мемлекеттер тұрлаулылығының қатері болатындай, тіпті жаппай қырып жою қаруларының таралуы мен терроризмнен де асып түсетін қатермен күресу әрекетінің өзектілігін атап өтті. Жаһандық қор 92 елде, соның ішінде Қазақстанда, 153 бағдарламаны қаржыландырады.

Пікірталас нәтижелері бойынша БҰҰ БА жоғары деңгейдегі пленарлы отырысының қатысушылары халықаралық қауымдастықтың ВИЧ/СПИД-тің таралуына қарсы одан арғы стратегиясын белгілейтін резолюцияны қабылдады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]