Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СПИД.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
161.79 Кб
Скачать

Мазмұны

1. Кіріспе 2

II. ХХI ғасыр обасы 3

2.1. СПИД және оның қоздырғышының ашылу тарихы 3

2.2. СПИД –тен сақтану жолдары 12

III. Қазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру 22

3.1 БҰҰ Бас Асемблеясы 22

3.2. Павлодардың 21 жасар тұрғыны кәмелеттік жасқа жетпеген қызға қасақана ВИЧ індетін жұқтырды деп айыпталды 23

IV. Ғасыр індетіне қарсы ұлттық бағдарлама қажет 26

Бiз салауатты өмiр салтын таңдаймыз!  30

Қорытынды 35

Әдебиеттер: 36

1. Кіріспе

СПИД иммунитет жетiспеушiлiгiнiң жүре пайда болған синдромы.

СПИД – ағзаның қорғаныс қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам ағзасындағы иммундық жүйені бұзатын арнаулы вирустар болады. Олар барлық ауруларды денеге дарытпай тұратын иммундық жүйені жойып жіберіп отырады. СПИД адамдар арасында кеңінен таралалған дерттер қатарына мына төмендегілер жатады: 1) Кальций саркомасы, тері қатерлі ісігінің бір түрі, 2) пневмококті пневмония.

Бұл ауру ең алғаш 1981 жылы пайда болып, 1985 жылдың аяғына дейiн АҚШ-та СПИД-пен ауыратын 1500-ден астам адам тiркелiп, олардың жартысына жуығы қайтыс болған. Осы уақыт iшiнде Батыс Еуропа елдерiнде де 2000-дей адам ауырып, олардың да жартысы жуығы қайтыс болды. СПИД-тi ”Ғасыр обасы”, ”Болашақтың ауруы”, ”Цивилизацияның қатерi” деп атайды. Бұл - ауруды емдейтiн дәрi-дәрмектердiң әзiрге табылмауынан да осылай аталып жүрген болар.

СПИД-тiң белгiлерi әр түрлі: лимфа түйiндерi үлкейiп, өседi, әдетте денi сау адамдарға зиянсыз микроорганизмдер пневмония қоздырып, ол ұзаққа созылады, антибиотиктермен емдеуге көнбейтiн ұзаққа созылатын, iшек аурулары, апталар бойына созылатын қызба аурулары пайда болады. Кейде iсiктердiң кейбiр түрлерi, солардың iшiнде зиянсыз түрлерi жиi пайда болып, тез асқынады, бiрақ СПИД-ке ұшырағандарда iсiктер бүкiл организмге таралып қатерлi бағыт алады, сөйтiп ақыры адамды өлiмге ұшыратып тынады.

СПИД-ті болдырмайтын оған қарсы тұратын, алдын алатын вакцина осы і күнге дейін табыла қойған жоқ.

II. Ххi ғасыр обасы

2.1. Спид және оның қоздырғышының ашылу тарихы

Дүние жүзiнде сырқатқа шалдыққан бiрнеше мың адамды тексерген кезде СПИД-тiң :

- Осы ауруға шалдыққан немесе СПИД-тiң вирусы қанында бар адам ауырмаған адаммен қатынасқа түскенде, әсiресе, маскүнем, нашақор, жезөкше адамдармен жыныстық қатынас жасаған кезде жұғуы әбден мүмкiн.

- Сау адамға СПИД-пен ауырған адамның қанын құйғанда жұғатыны анықталды.

- Әйел жүкті кезiнде СПИД-пен ауырса, ол нәрестесiне берiледi.

- СПИД-тiң вирусы адаммен сөйлескеде, жөтелгенде, түшкiргкенде және ауа арқылы жұқпайды оған дәлел.

- СПИД-пен ауыратын науқасқа көмек көрсеткен бiрде-бiр медицина қызметкерлерiне бұл дерт жұққан емес.

СПИД адам организмiне енгенде жауап реакция пайда болып, қарсы жинақ тексерген кезде арнаулы тәсiлдермен анықтауға болады. Оң реакция –адамға СПИД-тiң жұққанын көрсетедi. Ал қалғандары сырт көзге сау болып көрiнгенмен ағзаларында аурудың вирусы болады, оларды вирус тасушылар деп атайды. Олар өзгелерге ауру жұқтыратындықтарымен қауiптi.

Донардан қан алған сайын онда СПИД-тiң бар жоғы тексерiледi. Оң реакция берген донор қаны жойылады.

Кездейсоқ адаммен жыныстық қатынасқа түсуден сақ болыңыз. Сондай-ақ гомосексуалистермен, еркекке құштар еркектермен, нашақорлармен жыныстық қатынасқа түспеңiз. Жыныстық қатынас жасайтын адамыңыз қаншалықты көп болса, СПИД-тi жұқтырып алу қаупiнiң де соншалықты артатынын ұмытпаңыз.

Дәрi салғызу үшiн кездейсоқ шприцтi пайдаланбаңыз. Бойыңызда ауруды жұқтырып алдым деген күдiк пайда болса, дереу дәрiгерге көрiнiңiз.

СПИД-тiң алдын алу, сақтану өзiңiзге тiкелей байланысты екенiн есiңiзде сақтаңыз.

1981 жылдан берi жүргiзiлген дәрiгерлiк мәлiметтер, СПИД-пен ауратындардың 77 % гомосексуалист еркектер немесе еркекпен де, әйелмен де жыныстық қатынасқа бей берекеткiм көрiнгенмен түсетiн еркектер дегендi айтады.

-СПИД-ке шалдыққандардың 15 % наркотиктердi тiкелей шприцпен тамырларына жiберетiн нашақорлар екенi анықталды;

- 1 % өздерiне бiрнеше рет қан құйғызғандар;

- 1 % СПИД-пен ауыратын әйелдермен туған балалар болып шықты.

Әлi де бұл қауiптi дерттiң себеп салдары зерттелiп, одан айығатын жол, шипа болар дәрi-дәрмектер қарастырылуда. Десек те әзiрге СПИД жүген ұстатпай тұр. Оның ең бастысы қорғаушысы жеке бас тәртiбi мен тазалығы. Олай болса, өз-өзiңiзге мықты болғайсыз.

ЖИТС жұқпалы ауруы жөнінде алғашқы хабарлар АҚШ басылымдарында 1981 жылдың ортасында жарық көре бастады. Жуықта белгілі болған бұл ауру, дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша, адамның иммундық жүйесін зақымдап, қорғаныс қабілетінің күрт төмендеуіне әкеліп соқтырады. ЖИТС ауруы пайда болғаннан бері адам баласы қорқынышты жағдайды басынан кешіруде. Өйткені ЖИТС - өте қауіпті індет, оны «ххғасырдың обасы»деп бекер атамаған, онымен науқастанған және вирусты жұқтырған адамдарды емдейтін тиімді дәрі-дәрмек жоқ, жақын арада бұл дертке қарсы қолданылатын вакцина мен дәрілерді шығару мүмкіндігі де белгісіз болып отыр. Сонымен қатар ЖИТС вирусының адамның бойында бірден белгі бермеуі де қорқынышты күшейте түсуде .

Бұл вирус имундықжүйені зақымдап, көптеген басқа жұқпалы аурулардың бас көтеруіне жағдай жасайды. Сондықтан ЖИТС –пен ауырған адамдар, ерте болсын, кеш болсын, түбінде мерт болатыны анық. Бұл ауру пайда болғанна бері 20 жылдай уақыт өтсе де, одан емделіп, мүлдем айығып кеткен бірде – бір адам жоқ.

Қазіргі кезде ЖИТС дертінде шалыққандар мен оның вирусын жұқтырғандар дүние жүзінің бүкіл елдерінде табылып отыр және мұндай науқастардың саны күн сайын арта түсуде. Егер 1981 жылы бүкіл дүние жүзі бойынша ЖИТС –пен науқастанған адамдар саны 300-ге жуық болса, он жылдан кейін ,1991 жылыдың ақпан айында олардың саны 160 елде 323 379-ға жетті. Мұгдай дертке душар болғандар, негізінен, Америка, Африка, Еуропа құрлықтарында кездеседі. Еуропа елдерінде, соның ішінде Францияда ЖИТС –пен ауыратын 13,450, Италияда 7 576, Испанияда 7 047, бұрынғы КСРО-да 1 257 адам тіркелген. Айта кету керек, 10 адамның 9-өздеріне адамдардың иммундытапшылық вирусын жұқтырғанын тіптен білмеген.

1997 жылғы мәліметтер бойынша, ЖИТС ауруын жұқтырғандар саны Африкада 14 млн, Азияда 10 млн, АҚШ-та 800-мың, Ресейде 10 мыңнан асқан. Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда АИВ жұқтырғандар мен ауырғандар саны 497-ге жеткен, олардың 8-і 15 жасқа дейінгі балалар. Сол жылы олардың 19-ы қайтыс болған.

Қазақстанда АИВ инфекциясын жұқтыру бойынша эпидемилогиялық жағдай өте күрделі. ЖИТС ауруымен науқастанғандардың саны жөнінен Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей, Украина, Беларусь Республикасынан кейін төртінші орында

2000 жылғы дерек бойынша, елімезде АИВ жұқтырғандар саны мыңнан асқан. Олар Алматы және астана қаласымен қатар барлық облыстарда тіркелген. Әсіресе, Қарағанды облысында, соның ішінде Теміртау қаласында өте қауіпті жағдай орын алып отыр. Қазақстан бойынша ЖИТС-ке шалдыққандардың 2/3-і облыста тұрады.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Т.Ә Момыновтың мәліметіне қарағанда, ЖИТС туберкулез ауруының асқытуына тікелей әсер етеді екен.

Басқа елдерде де туберкулез бен ЖИТС індеттерінің қатар дамитыны анықталған. Бұл түсінікті нәрсе, себебі, АИВ инфекциясы адамның иммундық жүйесін күрт әлсіретіп, туберкулез қоздырғышының агрессиясына организмнің қорғанысын төмендетеді. Бас бостандығынан айрылып түрмеде жазасын өтеушілер арасында да ЖИТС пен туберкулез ауруларына шалдығу өзекті мәселеге айналып отыр.

АИВ жұққандардың арасында соз және мерезбен ауырғандардың саны көбейгені белгілі.

ЖИТС-пен нақастану қаупі күннен – күнге арта түсуде және жақын арада бұл індеттің тамырына балта шабылмайтыны анық, себебі, ЖИТС – пен нашақорлық өзара тығыз байланысты. Есірткі қабылдамайтын адамдар санының көбеюі «әлем обасы»- ЖИТС-тің таралуына бірден-бір себепкер екені белгілі болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша жыл сайын 1 желтоқсанда ЖИТС – пен күрес күні аталып өтіледі. Бұл күнді ерекше атап өтудің негізгі себебі дүние жүзінде ЖИТС ауруының етек алып, пандемияға айналып бара жатуымен байланысты.

Бұл адамдардың жасына, жынысына, ұлт-ұлысына, бай-кедейлігіне қарамайтын жұқпалы ауру. Бүгінде дүние жүзінде ЖИТС- ті жұқтырғандардың саны 30 миллионнан асты, ауырған 12 млн адамның 9 миллионы қаза тапты. Қазір жер шарында 200-ге тарта мемлекетте осы қатерлі ауру тіркеліп отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда вирус жұқтырғант 1000-нан астам адам тіркелген, олардың 49-ы өмірмен қоштасты, БҰҰ сарапшыларының болжамына қарағанда, Қазақстан ЖИТС ауруы бойынша жасырын эпидемиялық кезеңнің алдында тұр деп есептелінеді.

Бұл індетті өршітпей, оның алдын- алуға тек өана мемлекет емес, еліміздің әрбір азаматтары жауапкершілікпен ңарау керек. Ауруға қарсы егу немесе оны дәрі-дәрмекпен емдеуде дәрменсіздікке ұрынып отырған қазіргі кезде ЖИТС –тің жолын кесу ішін жалпы халық арасында түсінік жұмыстарын кеңінен жүргізу қажет. Бл орайда телеарналар мен газет-журналдардың атқаратын қызметі өте зор.

Бұл ауру Қазақстан жерінде де аяқ басты. Алғашқы кезде біздің жерде тек шет ел азаматтары ғана ауырған болатын. Қазір Республикамыздың жерг

Дүниеде жүздеген түрлi жұқпалы аурулар бар, олардың көпшiлiгi ерте заманнан белгiлi. Адамдар олардың даму, таралу жолдарын анықтап, емдеу және сақтану тәсiлдерiн үйрендi.

Эволюциялық процестiң нәтижесiнде адамдарда әр түрлi зиянды әсер етушiлерден, соның iшiнде ауру қоздырғыштары-микробтардан организмдi қорғаушы жүйе пайда болды және жетiлдi. Бұл қорғаушы жүйе ерекше ағзалардан, тiннен және жасушалардан тұрады, оны – имундық жүйе, ал қорғаныстық қабiлеттiлiктi-иммунитет деп атайды.

Имунитет арнайы жасушалардың және олар бөлiп шығаратын ерекше белоктық заттардың әрекетiмен қамтамасыз етiледi. Организмге микробтар түскеннен кейiн осы белоктық заттар қан, сiлекей, iшек жолы кiлегейiнде т.б. жерлерiнде жинала бастайды. Мұнымен қатар адам дүниеге келген сәттен бастап қызмет ететiн тұрақты қорғаныс жүйесi бар. Оған терi, шырышты қабаттардың жасушалары, микробтарды бұзып-жоятын ерекше заттар жатады.

Егерде имундық жүйе туа салысымен әлсiз болса немесе оның жекелеген бөлiктерiнiң жұмысы кейбiр зиянды факторлардың әсерiнен зақымдалса, имундық тапшылық дамиды. Соның нәтижесiнде адамның инфекцияға қарсы тұру қабiлеттiлiгi жойылып, өлiмге душар болады. Имундық жүйенiң қызметiн бұзып, ЖИТС қоздыратын осындай фактор- микроб екенi белгiлi болып отыр.

Бастапқы кезде дәрiгерлер “жаңа аурудың” бар екенiн анықтап, сонан соң оның қоздырғышын тауып зерттедi.

1981 жылы жаз айында Лос-Анжелос қаласындағы ауруханардың бiрiне микробтар қоздырған пневмонияның ауыр түрiмен науқастанған бес жас жiгiт түстi. Иммунитетiнiң күрт төмендеуiнiң нәтижесiнде оларда басқа да қосымша инфекциялар бар екенi анықталды. Әр түрлi антибиотиктермен және басқа дәрi-дәрмектермен белсендi түрде емдеуге қарамастан науқастардың бәрi қайтыс болды. Олардың барлығы гомосексуалит және нашақорлар екен.

Екi ай өткеннен кейiн Лос-Анжелос, Сан-Франциско қаларында, Калифорния штаты амағында Капоши саркомасы, кандидоз, ұшықтық инфекциядан асқынған пневмонияның өлiммен аяқталған жаңа оқиғалары тексерiлдi. Мұндай аурулар әдетке жатпайтын жыныстық қатынастармен айналысатын жастардың арасында кездесетiнi белгiлi болған. Науқастардың бәрi де табиғаты белгiсiз иммундық қиыншылыққа дұшар болады.

Дүниежүзiлiк сақтау ұйымы бұл ауруды AIDS деп аталады. Орысша СПИД, қазақша ЖИТС аталатын бұл кесел кезiнде адам организмiнде қорғаныс қабiлетi жетiмсiздiгiнiң кешендi белсендiлiгi пайда болады. Таралу ерекшелiктерiн зерттеу нәтижесiнде оның жұқпалы ауру екенi анықталды. Мiне, сөйтiп 1983 жылы бiр мезгiлде Францияда Люк-Мантанье, АҚШ-та Роберт Галло аурулардан осы кезге дейiн белгiсiз болып келгенвирус тапты.

Белгiлi болған вирустың екi түрi де жан-жақты зерттелген. Олар ортасында орналасқан конус пiшiндi “жүрекшесi” бар, iрi шар тәрiздес бөлшектен тұрады.

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары хх-ғасыр обасы аталған СПИД дертiнде. Қазiрдiң өзiнде ондаған мың адамдардың өмiрiн жойған осы бiр қатерлi ауру жайында жұмыр жердiң түкпiр-түкпiрiнде күн сайын хабар бермей отырған бiрде- бiрде газет, журнал, теледидар және радио торабы жоқ. Бұл дерттiң қара бұлты бүкiл жер жүзiн басып келедi.Сондықтан осы аурудың алғашқы және негiзгi белгiлерi, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емделу тәсiлдерi сияқты мәселелер барлық жұртты мазалап, ойландырып, толғандыруда.

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы 1999 жылы жер бетiнде ВИЧ жұқтырғандар мен СПИД аурулардың саны 6,7 миллионға өсiп, 40 миллионнан асқаны туралы хабар таратты. Күн сайын әлемде ВИЧ жұқтырғандардың 16 мыңы тiркеледi екен. Сонда әрбiр минутқа 11 адамнан келедi. Демек, Вич минут сайын, үздiксiз қасiрет сеуiп тұрады. Ең өкiнiштiсi сол, әр күнде тiркелген 16 мыңның жаратысынан астамын 10-25 –тердегi жастар құрайды.

СПИД-пен ауырған кезде адам денесінде Т-лимфоцит деп аталалатын қан клеткаларының айрықша бір түрінің саны күрт төмендейді. Адамды көптеген жұқпалы аурулардан сақтауда Т-лимфоциттің маңызы зор. Сондықтан, көптеген ауру қоздырғыштар- микробтар мен вирустар, өкпе қабыну, миды зақымдау, қанға тарау, ісік ауруларының пайда болуына мүмкіндік туғызады.

СПИД қоздырғышын немесе адамда имунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялайды.

СПИД вирусы адам организмінде қалай өмір сүреді?

Адам организміне енген вирус қанның лимфоцит клеткаларының ішінекіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабысып өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруінің салдарынан күндердің күнінде организмінде иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айрықша еске алатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп санамайды. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға ауру жұқтырады да, жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді.

Өкінішке орай, СПИД вирусын өлтіретін дәрілік заттар адам клеткаларына да зияндығын тигізеді. СПИД ауруын ауруын емдейтін тиімді дәрілер жасаудың бұл қиындығын ескерген дұрыс.

Сыртқы ортаның физикалық және химиялық әсерлеріне вирус өте төзімсіз. Мысалы, СПИД вирусы бар нәрсені 4 минут қайнатса немесе 6-60 С төңірегінде 30-40 минут қыздырса болғаны – вирустар тез өліп қалады. Спирт, 3 пайыз ерітіндісі 4 пайыз сутегі асқын тотығы және басқа да медицина саласында күнделікті қолданылып жүрген дезенфекциялық дәрілер СПИД вирусын тез құртып жібереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]