Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

саясаттану срс

.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.04.2015
Размер:
53.62 Кб
Скачать

Саяси партия –Партия әдетте бағдарламалық құжаттарда көрсетілген ортақ саяси бағытты, көзқарастарды ұстанған азаматтардың белгілібір тобын біріктіретін ұйым. Нақты әлеуметтік-таптық мүддені білдіретін идеология мен саяси бағытты басшылыққа ала отырып оны іске асыру үшін партиялар мемлекеттік билікке келуге ұмтылады.Партия жеке адам қоғамдық немесе жергілікті көлемдегі белгілі бір саяси әлеуметтік мәселені нәтижелі шешу жолдарын қарастырады. Бұл туралы оның тұрақты көзқарасы қалыптасады. Ол көзқарас, яғни, идеясы кейін мақсатқа айналады Сонымен, партия деп — қоғамдағы әлеуметтік-саяси мүдделерді шешу үшін өздеріне ортақ көзқарастарды іске асыру жолында мемлекеттік билікке келуге ұмтылатын азаматтардың ерікті ұйымын айтады. “Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, “бөлу”, “бөлшек” деген мағынаны білдіреді. “Мен бүтіннің бөлшегімін”, “мен осы топтың пікірін қолдаймын”, “мен біреулермен пікірлеспін” деген түсініктері. Тарихта XVIII-XIX ғасырларда саяси партиялар клуб, әдебиеттік бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар түрінде пайда бола бастады. Саяси партиялардың пайда болуы — демократияның дамуымен байланысты. XVIII ғасырға дейін билік сайланбайтын патша, король, шах, хандардың қолдарында тұрған кезде саяси партияларды ұйымдастыруға ешбір мүмкіндік болған жоқ, себебі оны құруға билік рұқсат берген жоқ. Саяси партиялардың ұйымдастырылуы XVIII ғасырдан басталып, XIX ғасырда дүние жүзінде көптеген ірі, беделді партиялар өмір сүре бастады. Мысалы, 1828 жылы АҚШ-та демократиялық партия өмірге келсе, 1867 жылы Англияда Консервативтік партия, ал 1869 жылы Германияда социал-демократиялық жұмысшылар партиясы пайда болды. XIX ғасырдың 80-шы жылдары дүние жүзінің 100-дей елдерінде 500-денастам саяси партиялар қалыптасты.

Саяси партиялардың ортақ белгілері:

1. Әлеуметтік бірлестік. Қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтарға басшылық жасап, олардың саяси-әлеуметтік мүдделерін шешу үшін бірігіп іс-қимылдар жасауға басшы болу.

2. Азаматтардың саяси санасын жоғарылату.

3. Саяси билікке келу үшін күрес жүргізу.

4. Саяси мамандар, саясатшылар дайындау мәселесін шешу.

5. Қоғам дамуына бағытталған саяси бағдарламалар дайындап оны іске асыру.

Саяси идеология бағыты бойынша партиялар 4 түрге бөлінеді:

1) Социал-демократиялық партиялар (социалистік, демократиялық, либералдық, христиан-демократиялық т.с.с.). Олар еңбекші халықтың мүддесіне сай реформалар жүргізіп, жалпы кедейшілікке қарсы күрес жүргізу бағдарламасын ұстанады. (Мысалы, Германия, Австрия, Швеция, Ұлыбритания елдеріндегі социалистік, демократиялық, лейбористік т.с.с. партиялар);

2) Консервативтік партиялар. Негізгі саясаты (идеологиясы) бұрыннан қалыптасып келе жатқан мемлекет, қоғам, экономика және рухани негіздерді, жүйелерді сақтау. Мысалы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, Германияның христиандық-әлеуметтік одағы мен христиандық-демократиялық бірлестігі, АҚШ-тың республикалық партиясы.

3) Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы Кеңес Одағының коммунистік партиясы, Ресей Федерациясының коммунистік партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы және т.б.

4) Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқарудағы қатаң орталықтандыруды, адам құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Ал қазіргі кезде кейбір елдердегі жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы жалпы адамзатты қатты алаңдатады.

Осы партиялық топтардың ішінен бағдарламасының мазмұны, идеологиясы, мақсаты, қоғамдық пайдасы туралы қысқаша сипаттама беретін болсақ, бүкіл дүние жүзіне танылған, халыққа беделді партияларға социал-демократиялық топ жатады. Ең бірінші социал-демократиялық партия 1869 жылы Германияда пайда болды. Бұл партия Германия социал-демократиялық жұмысшылар партиясы деп аталды (ГСДЖП). Бұл партияның мақсаты – жұмысшыларды, шаруаларды, кедейлерді буржуазиялық қанаудан құтқару, олардың еңбек ақысын әділетті түрде төлету, 8-сағаттық жұмыс күнін орнату, шаруаларға жер беру, қоғамның барлық саласында кедейлерге теңдік беру.

Партиялардың құрылуы, өмір сүруі партиялық жүйемен тығыз байланысты. Бұл жүйе елдегі саяси күштердің орналасуы мен өзара қатынастарына сәйкес келеді. Партиялық жүйе партияның мемлекетпен қарым- қатынасын, елдегі саяси тәртіптің мәнін анықтайды. Демек, партиялық жүйе шамасы келгенше мемлекеттік істерге, елдегі басқарушы орындарды құруға, саяси бағыт-бағдар белгілеуге белсене қатысатын саяси күштер тобы.

Партиялық жүйенің үш түрі болады: бірпартиялық, екі партиялық және көппартиялық. Бір партиялық жүйе бұрынғы барлық социалистік елдерде болды. Қазіргі кезде бірпартиялық жүйе саяси қызмет ететін елдер – Солтүстік Корея, Қытай, Куба, Ливия, Алжир, Заир, Мысыр және т.б. Елдегі партиялық жүйе партиялардың санымен анықталмайды. Мысалы, Қытайда бір партиялық жүйе, бірақ саяси партия біреу ғана емес, онда бірнеше партия бар. Сол сияқты, АҚШ-та, Англияда екі партиялық жүйе, бірақ бұл елдерде партиялардың саны тек екі-екіден ғана емес, екеуінде де көптеген партия саяси өмірге қатысады.

“Әрбір саяси партия әр уақытта қоғамның бір бөлшегі. Егер қоғамда жалғыз партия болып ол билікке келсе, онда мемлекеттік биліктің көзі барлық халық емес, билік халықтың бір кішкене ғана бөлшегінің қолында болады. Бөлшек бүтінге жету үшін оның басқа

Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды.[1]

«Бүкiл адамзат үшiн жарқын болашаққа үмiт беретiн бiрден-бiр жол, ол өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұндa барлық қoғaмдық күш-жiгерлер - мемлекеттер, жеке сектор, бiлiм беретiн және зерттеу мекемелерi, барлық нысандағы азаматтық қoғaм - нақты, қол жететiн мaқcaттapғa ұмтылу үшiн өз күштерін бiрiктiредi.» (БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Aннaнның ұйымның қызметi туралы есебi, Бас Ассамблея, Нью-Йорк. 6 қыркүйек 2001 жыл

Азаматтық бастамалар тек елеуciз шамада ғaнa мемлекет арқылы қабылданады: мемлекет мұндай бастамаларды өзiнiң даму үлгiлерiне көшiруге қабiлетсiз. Мемлекет пен азаматтық қoғaм органикалық жүйе элементтерi ретiнде емес, ал тек ресми турде ғaнa өзара iс-қимыл жасайды: олар өзара тiптi белгiлi бiр қарама-қайшылыққа да барады.

Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi тек демократия қажеттiлiктерiмен ғaнa мәжбүрленбейдi, ол сонымен қатар экономикалық сипат та алады: кәсiпкерлiк қызмет бастамалары, әcipece шағын және орта бизнес салалары, тек жеткiлiктi түрде дамыған азаматтық қоғамда берiлетiн мүмкiндiктермен тiкелей байланысты.

Азаматтық қoғaмның қалыптасу және даму процесi үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты.[2]

Үшiншi сектор - бұл өз мақсаттарын мүдделер бойынша клубтарда, кәсiби одақтарда, әлеуметтiк қозғалыстарда, одақтарда icке асыратын epiктi азаматтардан құралатын өзiн-өзi басқаратын сектор (деп анықтама беріледі – Sourcebook on Building Partnerships with Civil Society Organizations. UNDP, 2002)

Азаматтық қoғaмның ажырамас құрамды бөлiгi бола отырып, «үшiншi сектор» елдегi қоғамдық-саяси процестердi ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигiзедi. Мемлекеттiң демократиялық жүйесi әзipше дамымай oтырған жағдайда, дәл осы бейүкiметтiк ұйымдар арқылы азаматтық қoғaм көбiне iлгерi дамып отырады