Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 3. Маневрлер жүргізу

      75. Маневрлар кезінде бағыттамаларды бұруды:       1) поездық диспетчер орталық пульттен радиобайланыс немесе диспетчерлік байланыс бойынша станциялардың алқымдарында орнатылатын телефондар бойынша маршруттың маневрлік орын ауыстырулар үшін дайындығы туралы тиісті қызметкерлерге нұсқаулар берумен;       2) станция бастығы немесе станцияны резервтік басқаруға тапсыру кезінде поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операциялар жүктелген басқа қызметкер;       3) поездарды құрастырушы немесе станцияның басқа қызметкері станцияның жекелеген бағыттамаларын жергілікті басқаруға тапсыру кезінде Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.       Станциялық жолдар бойынша дара локомотивтер мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның орын ауыстырулары кезінде жергілікті басқаруға берілген бағыттамаларды бұруды локомотив бригадасының бір қызметкері (дрезина жүргізушісі) жүргізеді.       Бағыттамаларды бұрушы қызметкер әрбір бұрудан кейін үшкірлер жағдайының дұрыстығына жергілікті басқару пультіндегі бақылау аспаптары бойынша немесе үшкірлердің жағдайы бойынша көз жеткізеді.       76. Бағыттамалық оқшауланған учаске босағанға дейін бағыттаманы жергілікті басқару пультінен немесе жергілікті басқару кілтімен, ал бағыттама оқшаулағышы тәуелділікке қосылмаған жерде – бағыттама жылжымалы құрамнан босағанға дейін ауыстыруға тыйым салынады.       77. Маневрлер аяқталған соң бағыттамалық және маневрлік тұтқалар, сондай-ақ жергілікті басқару кілті қойылады, маневрлердің басшысы жұмыстың аяқталғаны туралы поездық диспетчерге баяндайды, ал соңғысы тиісті бастырмаларды маневрлік қозғалыстарды болдырмау үшін қойылады.       78. Жергілікті басқару пульттері үнемі құлыптаулы болуы қажет. Жергілікті басқару пультіне пайдалану немесе қарап тексеру үшін қол жеткізу рұқсат етілетін қызметкерлер тізбесін, сондай-ақ пульттердің кілттерін беру мен сақтау тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітеді.

§ 4. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулығы кезіндегі іс-қимылдары

      79. Егер дұрыс белгіленген маршрут және бос қабылдау жолы (басқару аспаптарының көрсеткіштері бойынша) кезінде кіру бағдаршамы ашылмаса, поезд станцияға оның тыйым салу көрсеткіші кезінде локомотив машинисіне осы Нұсқаулықтың 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша кіргізіледі.       Станцияға поездық диспетчердің бұйрығы бойынша жүргенде машинист поезды 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен ерекше сақтықпен және одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе тоқтауға дайындықпен жүргізеді.       Егер станция резервтік басқаруда болса, ақаулы кіру бағдаршамы кезінде поезды қабылдау осы Нұсқаулықтың 325-тармағынасәйкес жүргізіледі.       80. Шығу бағдаршамының ақаулығы кезінде поезды жөнелту тек қарсы поездардан бос аралықта және жөнелтілетін поезд үшін машинистке берілетін поездық диспетчердің осы Нұсқаулықтың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркелетін бұйрығы бойынша белгіленген қозғалыс бағыты кезінде ғана жүргізіледі.       Мұндай бұйрық болған кезде машинист станциядан жөнелуге және поезды бірінші бағдаршамға дейін 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен ерекше сақтықпен және одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе - тоқтауға дайындықпен, ал одан әрі автобұғаттаудың сигналдары бойынша жүргізеді.       Автоматты локомотивтік сигнал берумен жабдықталған учаскелерде поезд аралыққа кірген соң машинист осы Нұсқаулықтың 44-тармағында көзделген тәртіппен әрекет жасайды.       Егер станция резервтік басқаруда тұрса, ақаулы шығу бағдаршамы кезінде поезды жөнелту осы Нұсқаулықтың 3839-тармақтарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.       81. Егер бағыттаманы орталық пульттен ауыстыру мүмкін болмаса, поездық диспетчер бағыттамаларды тазалауды жүргізетін қызметкерді немесе станцияның басқа қызметкерін шақырады және бағыттаманы қарап тексеруді және мүмкіндігінше бағыттаманың бұрылмау себебін жоюды (мысалы, үшкір мен рамалық рельс арасына құлаған бөтен затты алып тастау) талап етеді. Егер тиісті қызметкер сырттай қарап тексерумен бағыттаманы бұрудың мүмкін еместігінің себебін анықтай және оны жоя алмаса, поездық диспетчер тиісті маршруттар бойынша поездарды өткізуді тоқтатады, оны қарап тексеру мен жөндеу үшін электр механикті шақырады және өз бұйрығымен станцияны резервтік басқаруға береді.       Бағыттаманы жергілікті басқару пультінен немесе резервтік басқару пультінен бұру мүмкін болмаған кезде бағыттама осы Нұсқаулықтың 13-тармағында белгіленген тәртіппен қолмен басқаруға беріледі.       Кезекші қызметкерлер болмаған бөлек пункттерде бағыттамаларды қарап тексеру, ал қажет жағдайда бұру үшін, өтіп бара жатқан поездардың локомотив бригадалары тартылады.       82. Бағыттамалық оқшауланған учаскенің ақаулығы кезінде, соңғысы жалған бос еместікті көрсеткенде бағыттамалардың тиісті тобы жергілікті басқару пультінен ауыстырылады немесе станция резервтік басқаруға беріледі.       83. Табло қабылдау жолының жалған бос еместігін көрсеткенде, поездық диспетчер негізінен зақымдануды түзеткенге дейін бұл жолға поезды қабылдамайды. Қажет жағдайда поезды аталған жолға қабылдау жабық кіру бағдаршамы кезінде поездық диспетчер станция бастығы немесе оған поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операцияларды орындау жүктелген басқа қызметкер арқылы қабылдау жолының бостығын тексерген соң тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге асырылады немесе станция резервтік басқаруға беріледі.       Тасымалдау қызметінің кезекші қызметкерлері қызмет көрсетпейтін бөлек пункттерде поезды қабылдау жолының бостығын тексеру локомотив бригадасына жүктеледі.       84. Бір немесе бірнеше станцияны кодтық басқарудың ақаулығы кезінде поездық диспетчер бұл станцияларды резервтік басқаруға көшіруі тиіс. Бұл жағдайларда диспетчерге осы станциялардың жолдарының, бұрмалары мен бағдаршамдарының жағдайын бақылайтын аспаптардың көрсеткіштерін басшылыққа алуға тыйым салынады.       85. Автобұғаттаудың ақаулығы кезінде аралықты шектеуші станциялардағы поездық диспетчердің нұсқауы бойынша кезекшілікке станциялар бастықтары немесе оларға поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операцияларды орындау жүктелген басқа қызметкерлер кіреді.       Поездық диспетчердің бұйрығымен автобұғаттаудың жұмысы жабылады және поездардың қозғалысы байланыстың телефондық құралдары бойынша белгіленеді. Телефондық байланысқа көшуді ресімдегенге дейін поездық диспетчер станциялар арасындағы аралықтың бостығын белгілейді, ал станцияларды резервтік басқаруға береді.       Егер автобұғаттауы ақаулы аралықтар онда поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операцияларды орындайтын кезекші қызметкерлер штаты жоқ бөлек пункттермен шектелсе, станцияға тиісті қызметкерлерді шақырғанға дейін жекелеген поездар поездық диспетчерде жолдар мен бағыттамалардың жағдайын бақылау болған кезде осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасында көзделген нысан бойынша локомотив машинисіне тікелей берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша бос аралыққа жөнелтіледі. Мұндай тәртіпті қолдануға рұқсат етілген аралықтар мен поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықтың талаптарында көрінеді.       86. Автобұғаттауды басқару аспаптары қосалқы режим тұтқаларымен немесе бастырмаларымен жабдықталған дара жолды аралықтарда, егер поездық диспетчер аралық нақты бос болғанда оның бос еместігін көрсетудің салдарынан қозғалыс бағытын өзгертпесе және шығу бағдаршамын ашпаса, онда автобұғаттаудың жұмысын жабуды талап етпейді. Бұл жағдайда поездық диспетчер аралықтың бостығын белгілеген соң шектеуші бөлек пункттерге станциялар бастықтарын немесе оларға поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операцияларды орындау жүктелген басқа қызметкерлерді шақырады және оларға автобұғаттаудың бағытын арнайы тұтқалардың (бастырмалардың) көмегімен өзгертуге нұсқау береді. Шақыртылған қызметкерлер пломбаны шешеді және бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша бағытты өзгерту болғанына көз жеткізіп, қосалқы тұтқаларды (бастырмаларды) қалыпты жағдайға орнатады. Бұдан соң поездарды жөнелтуді поездық диспетчер автобұғаттау бойынша жүргізеді.       Онда қозғалыс бағытын өзгертумен байланысты операцияларды орындау үшін станцияға шақыртылуы мүмкін қызметкерлер штаты жоқ бөлек пункттермен шектелген жекелеген аралықтарда автобұғаттау бойынша қозғалыс бағытын өзгерту үшін қосалқы тұтқалар (бастырмалар) тікелей поездық диспетчердің пультінде орнатылуы мүмкін. Мұндай аралықтардың тізбесі мен қозғалыс бағытын өзгерту жөніндегі операцияларды поездық диспетчердің орындауына Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықта көрсетілген.       Автобұғаттау бағытын өзгерту мүмкін болмаған кезде оны пайдалану тоқтатылады.       87. Әрбір учаске (бағыт) үшін нақты жағдайларды ескере отырып, Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен диспетчерлік орталықтандыру кезіндегі поездардың қозғалысын және маневрлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жергілікті нұсқаулықтар әзірленеді.

3. Жартылай автоматты бұғаттау кезіндегі поездар қозғалысы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]