Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 3. Жарылғыш материалдар бар поездардың жүруі

      556. Құрамында жарылғыш материалдар бар вагондары бар поездар учаскелер бойынша жүруі кезінде поездық диспетчердің, станциялар бойынша кезекшілердің тұрақты бақылауында болуы тиіс, олар бұл поездардың кедергісіз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асырады.       Уәкілетті орган құрамында жарылғыш материалдар бар вагондар бар транзиттік поездарды айналмалары бар ірі темір жол станцияларынан айналып өткізу тәртібін белгілейді.       Құрамында жарылғыш материалдар бар вагондары бар поездардың болатын жөнелтілуі туралы поезды құрастыру станциясы бойынша кезекші алдын ала поездық диспетчерге хабарлайды.       557. "ВМ" әріптері бар поездың нөмірі поездар қозғалысының журналына, орындалған қозғалыс кестесіне, локомотив машинисіне берілетін жазбаша рұқсаттар мен ескертулерге, анықтама қағаздарында және поездарды қабылдаумен және жөнелтумен байланысты басқа құжаттарға қойылады.       558. Жарылғыш материалдар бар поездың келуі күтілетін туралы станция бойынша кезекші жарылғыш материалдар тиелген вагондармен жұмыс тәртібі туралы жергілікті нұсқаулыққа сәйкес техникалық қызмет көрсету пункттерінің, әскерилендірілген темір жол күзетінің қызметкерлерін және поезды қабылдау мен жарылғыш материалдар бар вагондарды өңдеуді жүзеге асыратын қызметкерлерді хабардар етеді.       559. Жарылғыш материалдар бар поездарды аралық станцияларда локомотивсіз қалдыруға рұқсат етілмейді.       Ерекше жағдайларда (апаттық ахуал пайда болған кезде) жарылғыш материалдар бар поезд құрамы Ұлттық темір жол компаниясы – «Тасымалдау процессінің дирекциясы» филиалының жазбаша бұйрығы бойынша аралық станцияларда локомотивсіз уақытша қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалының басшылары мен қызметкерлері уақытша қалдырылған жарылғыш материалдар бар құрамды тағайындалуы бойынша жөнелтуді жеделдету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Поезда жарылғыш материалдар бар вагондар болған кезде оны аралық станцияда локомотивсіз уақытша қалдыру мүмкіндігі жүктің тиесілігіне қарай:       1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне темір жол учаскесінің және станциясының әскери комендантымен;       2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (ҚР ІІМ), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ басқа Уәкілетті органдарға, ведомстволарға, ұйымдарға ҚР ІІМ ішкі әскерінің күзететін қарауылдарымен, ҚР ІІМ арнайы тасымалдар бөлімімен келісілуі тиіс.       Поезда әскерилендірілген темір жол күзеті күзететін жарылғыш материалдар бар вагондар болған кезде поездық диспетчер бұл туралы учаскесінде станция орналасқан ең жақын әскерилендірілген күзет бөлімшесінің (қарауылының) бастығын хабардар етеді.       560. Әскерилендірілген темір жол күзеті ілесіп жүретін жарылғыш материалдар бар жекелеген вагондардың, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам секциясының (схемасының) құрамына кіретін вагондардың, әскери көліктер мен эшелондардың жүру жолында анықталған техникалық және коммерциялық ақаулықтарды жою техникалық және коммерциялық ақаулықтардың сипатына, жұмыс жағдайлары мен көлеміне қарай кейіннен осы мақсаттар үшін жеке бөлінген жолдарға берумен ағытып та, құрамнан ағытпай да жүргізілуі мүмкін.       561. Станцияларда жарылғыш материалдар бар жекелеген вагондарды әскерилендірілген темір жол күзеті күзететін вагондар тобынан техникалық және коммерциялық ақаулықтар бойынша ағытуға тек ағытылатын вагондарды күзету қамтамасыз етілсе ғана жол беріледі. Керісінше жағдайда әскерилендірілген темір жол күзетінің наряды күзететін вагондар тобының барлығы ағытылады. Станция бастығы әскерилендірілген күзеттің қосымша нарядын шақырады және ол келген соң ағытылған топтың ақаусыз вагондарын тағайындалуы бойынша жөнелтеді.       562. Әскери көліктен, сондай-ақ әскери қарауылдың немесе жүк жөнелтушінің (жүк алушының) ілесуімен келе жатқан вагондар топтарынан вагондарды ағытуға тыйым салынады. Ақаулықты жою және жүктерді ақаусыз вагондарға қайта тиеу үшін барлық көлік (вагондар тобы) кідіртіледі, ол туралы станция бойынша кезекші (станция бастығы) Ұлттық темір жол компаниясы - «Тасымалдау процессінің дирекциясы» филиалының аға диспетчеріне хабарлайды, ол көліктің кідіртілуі туралы белгіленген тәртіппен темір жол учаскесі мен станцияның әскери комендантын және Қазақстан Республикасының ІІМ арнайы тасымалдар бөлімін хабардар етеді. Жөндеу немесе қайта тиеу аяқталған соң вагондар кідіртілген көліктің (вагондар тобының) құрамына енгізілуі және тағайындалуы бойынша жөнелтілуі тиіс.       563. Жарылғыш материалдар тасымалдау үшін арнайы жылжымалы құрам секциясының, сондай-ақ арнайы құрастырылған схемалар құрамына кіретін вагондарды ағытып жөндеу қажеттілігі кезінде мұндай вагондар жүкке ілесіп жүретін маманның, қарауыл бастығының келісімімен және қадағалауымен ғана секциядан (сызбадан) ағытылуы және жөндеу жолдарына берілуі мүмкін.       Бұл жағдайда онда ағытып жөндеуді талап етілетін вагон анықталған секцияның (сызбаның) барлық құрамы кідіртіледі. Жөнделген вагондар секцияның (сызбаның) тиісті орнына енгізілуі тиіс. Егер секцияның (сызбаның) бос вагоны техникалық ақаулыққа байланысты тағайындалу станциясына бара алмайтын болса, жүкке ілесіп жүруші мамандардың немесе қарауыл бастығының өтінімі бойынша ол секциядан (сызбадан) ағытылуы және тасымалдау құжатын тиісінше ресімдеумен жаңа тағайындалу бойынша жөнелтілуі мүмкін.       564. Барлық аталған жағдайларда әскери көліктердің, арнайы жылжымалы құрам секциясының (сызбаның), әскерилендірілген темір жол күзетінің, әскери қарауылдың немесе жүк жөнелтуші (жүк алушының) мамандарының ілесуімен келе жатқан жарылғыш материалдар бар вагондар топтарының кідіртілген вагондары осы Нұсқаулықтың 560 - 564-тармағының талаптарына сәйкес станцияның техникалық-өкімдік актісінде жарылғыш материалдар бар вагондардың тұруы үшін көзделген жолдарға орналастырылады.       Жарылғыш материалдар бар поездар мен вагондарға техникалық қызмет көрсету және коммерциялық тексеріп қарау тәртібі жарылғыш материалдар тиелген вагондармен жұмыс тәртібі туралы жергілікті нұсқаулықпен белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]