Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 3. Аралықта тоқтап тұрған поезға арттан келе жатқан поезд локомотивінің көмек көрсетуі

      237. Автобұғаттаумен және поезд радио байланысымен жабдықталған учаскелерде жақсы көрінетін жағдайда аралықта тоқтап тұрған поезға көмек көрсету үшін мыналарды пайдалануға болады:       1) тоқтаған поездың соңынан аралық бойынша жүретін дара локомотив;       2) тоқтаған поездың соңынан аралық бойынша жүретін жүк поезы құрамынан ағытылған локомотив;       3) жетекші локомотивті одан ағытпастан артта келе жатқан жүк поезы. Көмек көрсетудің қандай да бір тәсілі қалыптасқан жағдайды жан жақты бағалаудан кейін екі локомотивтің машинисіне берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.       Көмек көрсету үшін адамдарға арналған поездан және 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар поездан локомотивті ағытуға тыйым салынады. Мұндай поездарды локомотивті құрамнан ажыратпай көмек көрсету үшін де пайдалануға болмайды.       238. Егер көмек тоқтаған поездың соңынан аралық бойынша жүріп келе жатқан дара локомотивпен көрсетілсе бұйрық осы Нұсқаулықтың 57-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.       Арттан келе жатқан поезд құрамынан ағытылатын дара локомотивпен көмек көрсету кезінде бұйрық осы Нұсқаулықтың 58-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.       Мұндай бұйрықты бергенге дейін поездық диспетчер одан локомотив ағытылуы тиіс поезд құрамы қолайлы бейінде орналасқанына, оны осы Нұсқаулықтың 217-тармағында көзделген тәртіппен бекітуге болатындығына көз жеткізуі керек. Локомотив машинисіне поезд құрамынан вагондарды шегінуден бекітпей ағытуға тыйым салынады.       239. Көмек көрсету үшін пайдаланылатын локомотив машинистеріне поездық диспетчердің бұйрығын алғаннан кейін бос емес бұғат-учаскеде жүруге және алдыңғы тұрған поездың аялдауын қамтамасыз ететін жылдамдықпен қозғалысты жалғастыруға рұқсат етіледі. Осы поезд құрамына жетпей, машинист тоқтайды, артқы вагонның автотіркемесін қарап тексереді, локомотив автотіркемесін «буфер» жағдайына бекітеді және осыдан кейін ғана құрамға сақтықпен жақындайды. Итеру бірінші поезд машинисі беретін сигнал (нұсқаулық) бойынша басталады, ал әрі қарай екі локомотивтің машинистері радио бойынша бір бірімен байланысты ұстап тұрады және өз әрекеттерін келіседі. Екінші локомотив көмек көрсетіліп болған соң, жетекші локомотивтің сигнал беруімен (нұсқауымен) итеруді тоқтатады. Егер көмек тоқтаған поездың соңынан келе жатқан дара локомотивпен көрсетілсе, онда итеру тоқтаған соң ол автобұғаттау сигналдарын дербес басшылыққа ала отырып қозғалысты жалғастырады.       240. Арттан келе жатқан поездан ағытылған локомотивпен көмек көрсету кезінде бұл локомотив итеру тоқтаған соң қалдырылған құрамға қайтып келеді, егер бұл локомотив көмек көрсету процесінде поезбен бірге алдыңғы станцияға келетін болса, аралықта қалған құрамға оның қайтып келуі аралықтың бос емес болуына қосымша рұқсат етусіз станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша жүргізіледі. Машинист қалдырылған құрамға жетпей локомотивті тоқтатады және автотіркегіштің тіркеуге дайындығына жеке көз жеткізеді. Құрамға тіркеу үшін локомотивтің одан арғы қозғалысы аса мұқият сақтықпен жүргізіледі.       Локомотивті тіркеуден және тежегіш ауа магистралін белгіленген қысымға дейін зарядтау автотежегіштердің қысқаша сыннан өткізу арқылы жүргізіледі, сосын локомотив бригадасының қызметкерлері немесе бас кондукторы вагон доңғалақтары астындағы тежегіш табандықтарын алады және қолмен тежегіштер төмен түсіріледі.       241. Аралықта тоқтаған поезға артта келе жатқан поездың одан жетекші локомотивті ағытусыз көмек көрсеткіші ерекше жағдайларда ғана, Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен белгілейтін учаскелерде және көмек көрсету үшін пайдаланылатын поездың салмағы мен ұзындығы белгіленген нормалардан аспаған жағдайда ғана жүргізіледі. Көмек көрсетудің мұндай тәсілі рұқсат етілетін учаскелер мен аралықтарды белгілеумен қатар Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы олардың аталған және де басқа операцияларды орындау кезіндегі қызметкерлердің (поездық диспетчерлердің, поездық локомотивтер машинистерінің, станциялар бойынша кезекшілердің) іс-қимылын анықтайды.       242. Жүк поезд құрамының аралықта ажыратылған бөліктерін қосу үшін көмек көрсету осы Нұсқаулықтың 228-тармағындакөзделген жағдайда, тек онда ажырау болған құрам машинисінің өтініші бойынша жүргізіледі. Көмек ажыратылған поездардың соңынан келе жатқан дара локомотивпен немесе соның соңынан келе жатқан жүк поездарымен одан жетекші локомотивті ағытпай көрсетілуі мүмкін.       Көмек көрсету туралы диспетчердің бұйрығы бұл жағдайда мына осы Нұсқаулықтың 59-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.       Көмектің дара локомотивпен немесе арттан келе жатқан поездың құрамымен бірге локомотивпен көрсетілуіне қарамастан көмек көрсетуші локомотивтің поездың ажыратылған бөлігінің соңғы вагонымен тіркелуі жүргізілуі тиіс. Одан әрі іс-қимыл бірінші локомотив машинисінің ол осы Нұсқаулықтың 226 және 227-тармағында көзделген талаптарды орындаған соң нұсқауы бойынша жүргізіледі, бұл ретте ағытылған вагондар арасындағы ара қашықтық, құрамның бас және ағытылған бөліктеріндегі вагондар саны, жол бейініне байланысты біріктіру бірінші поездың бас бөлігін шегіндіру немесе ағытылған вагондарды біріккенге дейін бірінші поездың бас бөлігіне жылжыту жолымен жүргізіледі. Ағытылған вагондарды біріктірген соң екінші поезд машинисінің көмекшісі локомотивті соңғы вагоннан ағытады және екі поезд да автобұғаттау сигналдарын басшылыққа алып дербес қозғалысты жалғастырады.       243. Автобұғаттаумен жабдықталған аралықта дара локомотив немесе алынбалы емес дрезиналар олардың әрі қарай дербес қозғалысы мүмкін емес тоқтауы кезінде оларды аралықтан жақын станцияға дейін әкету осы поездың локомотивін ағытпай-ақ артта келе жатқан поезбен жүргізілуі мүмкін. Бұл сондай-ақ екі локомотив машинисіне және алдыңғы станция бойынша кезекшіге берілетін поездық диспетчердің бұйрығы бойынша да жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тоқтап тұрған локомотивті (дрезинаны) артта келе жатқан поездың локомотивімен тіркеу жүзеге асырылады. Жақын станцияға дейін әрі қарай жүру жылдамдығы 25 км/сағаттан аспауы тиіс.       Мұндай учаскеде жоғарыда көрсетілген іс-қимылдарды қолдану жол жоспары мен бейініне қарай Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықта көзделеді.       244. Егер автобұғаттаумен жабдықталған аралық бойымен жүріп келе жатқан жүк поезы, тік өрде тоқтап қалса және оның әрі қарай қозғалысы үшін неғұрлым жеңіл кескінге шегіндіру қажет болса, онда бұл поездың артқы жағынан станцияға дейінгі жол учаскесі поездардан бос кезінде арттағы станция бойынша кезекші және локомотив машинисіне берілетін осы Нұсқаулықтың 60-қосымшасына сәйкес поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.       245. Моторвагонды поездың аралықта мәжбүрлі тоқтауы кезінде оның әрі қарай қозғалысы мүмкін емес кезде аралықтан бірінші кездесетін станцияға дейін қосарланған құрамды шығару үшін оған келе жатқан моторвагонды поезды тіркеуге рұқсат етіледі. Екі поездың автотежегіші де жалпы магистральға қосылуы тиіс.       Құрамдарды қосу екі поездың да машинистеріне осы Нұсқаулықтың 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша (осы мақсаттар үшін байланыстың қолдағы құралдарын пайдаланумен) жүзеге асырылады.       246. Бірінші поездың бас кабинасынан қосылған поезды басқару мүмкін емес кезде поезды басқару және тежеу екінші поездың бас кабинасынан жүргізіледі, бұл жағдайда жүру жылдамдығы 25 км/сағаттан артық болмауы тиіс. Бірінші поездың бас кабинасында машинист болады, ол қозғалысты бақылауы және қажет болса шұғыл тежеумен тоқтау шараларын қабылдайды.       Екі поезды қосу және қосарланған құраммен жүру кезінде локомотив бригадасының әрекетін жергілікті жағдайға байланысты темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығы белгілейді.       247. Аралықта жолаушылар поезының мәжбүрлі тоқтауы, оның әрі қарай дербес қозғалуы мүмкін емес кезде осы поезға бас жағынан да артқы жағынан да қосалқы локомотивпен, тиісінше жолаушылар поезын алда немесе артта орналасқан станцияға шығарумен көмек көрсетілуі мүмкін. Қосалқы локомотив машинисі жолаушылар поезының алдыңғы қозғалысының бағыты туралы ескертеді, ол өз кезегінде бұл туралы жолаушылар поезының бастығын (механик - бригадирін) және жолсеріктерді ескертеді.

8. Темір жолдары мен құрылыстарында жұмыстар жүргізу кезіндегі шаруашылық поездарының, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның қозғалысы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]