Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 1. Жалпы ережелер

      67. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поездар қозғалысы кезінде сигнал беру мен байланыстың негізгі құралы болып автоматты бұғаттау табылады.       Учаскелердегі барлық станциялық бағдаршамдар мен бағыттамаларды басқаруды тікелей поездық диспетчер жүзеге асырады. Электрлік оқшаулағышпен жабдықталған бағыттамалардың, бағдаршамдардың, станциялық жолдардың, бағыттамалық учаскелердің және аралықтардың жағдайын басқару аппараты аспаптары бойынша поездық диспетчер бақылайды.       Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмысқа қатысты барлық өкімдерді поездық диспетчер телефон немесе радиобайланыс бойынша тікелей машинистке немесе оған бөлек пунктте поездарды қабылдау мен жөнелту немесе маневрлер жүргізу жөніндегі барлық операциялар жүктелген қызметкерге береді.       68. Осы Нұсқаулықта көзделген қажетті жағдайларда поездық диспетчер станцияларды резервтік басқаруға береді, сонан соң поездарды қабылдау мен жөнелтуді, сондай-ақ сигналдарды ашу мен жабуды станция бастығы немесе оған бұл бөлек пунктте осы операцияларды орындау жүктелген станцияның басқа қызметкері жүргізеді. Станцияны резервтік басқаруға бергенге дейін поездық диспетчер осы қызметкерді іргелес аралықтарда орналасқан поездар туралы хабардар етеді.       Егер станцияны резервтік басқаруға бергенге дейін поездық диспетчер станциялық жолдарда кернеуді шешумен түйіспе желісінде жұмыстар жүргізуге рұқсат етсе, онда ол бұл туралы кезекшілікке кіретін қызметкерге диспетчерлік бұйрықпен хабарлайды.       Станцияның жекелеген бағыттамалары мен алқымдарын поездық диспетчер жергілікті басқаруға берілген. Бұл жағдайларда бағыттаманы ауыстыруды станцияның осы ауданында маневрлік жұмысқа басшылықты жүзеге асырушы қызметкер жүргізеді. Егер жергілікті басқаруға беру өзінің сипаты бойынша ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында алдын ала жазуды талап етпейтін СОБ құрылғыларын жөндеумен туындаса, онда жергілікті басқаруға берілген бағыттамаларды олардың жұмысының дұрыстығын тексеру үшін ауыстыруға электрмеханикке рұқсат етіледі.

§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту

      69. Поезды станцияға қабылдар алдында поездық диспетчер бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша қабылдау жолы мен бағыттамалық учаскелердің бостығына көз жеткізіп, қабылдау маршрутын белгілейді. Алдын ала маршруттар беруге мүмкіндік беретін диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде қабылдау маршрутын белгілеу жол және бағыттамалық учаскелер бос болмаған кезде де (жолдар мен бағыттамалық учаскелерді арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам иеленгеннен басқада) жүргізіледі.       Бағыттамаларды нақты ауыстыру мен кіру бағдаршамын ашу тиісті бақылау аспаптарының көрсеткіштерімен тексеріледі.       70. Поезды жөнелтер алдында поездық диспетчер орталық аппараттағы бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша бағыттамалық учаскелердің, ал бағытты өзгерткен кезде – аралықтың да бостығына көз жеткізіп жөнелту маршрутын белгілейді.       Алдын ала маршруттар белгілеуге мүмкіндік беретін диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларымен жабдықталған учаскелерде жөнелту маршрутын белгілеу бағыттамалық учаскелер бос болмаған кезде (арнайы өзі жүретін жылжымалы құрам иеленгеннен басқа) жүргізіле алады.       Бағыттамаларды нақты ауыстыру мен шығу бағдаршамын ашу тиісті бақылау аспаптардың көрсеткіштерімен тексеріледі.       71. Егер кіру және шығу бағдаршамын ашқан соң маршрутты өзгерту қажеттігі туындаса, диспетчер тиісті бағдаршамды жауып және бұл туралы машинистке хабарлап жаңа маршрутты дайындауға кіріседі және бағдаршамды екінші рет поездың кіру бағдаршамында немесе жөнелту жолында бөгелгеніне көз жеткізген соң ғана ашады.       72. Шаруашылық поездарын жұмыспен және келесі станцияға келумен аралыққа, сондай-ақ барлық аралық бойынша жүретін итергіш локомотиві бар поездарды жөнелту автобұғаттаудың сигналдары бойынша әдеттегі тәртіппен жүргізіледі.       Шаруашылық поезын кері қайтумен немесе жөнелту станциясына қайтатын итергіш локомотиві бар поезды аралыққа жөнелту жұмыстар басшысына (бас кондукторға) немесе итергіш локомотивтің машинисіне аралық бойынша кері жүру құқығына арналған кілт-жезлді берумен автобұғаттау сигналдары бойынша жүргізіледі.       73. Жұмыстар басшысына немесе итергіш локомотивтің машинисіне кілт-жезлді беру үшін диспетчер станция бастығын немесе станцияны резервтік басқаруға беру кезінде оған осы бөлек пунктте поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі барлық операциялар жүктелген қызметкерді шақырады.       Кілт-жезл ақаулы болған немесе кілт-жезлмен жабдықталмаған станциялық аппараттар болған кезде шаруашылық поезын немесе жөнелту станциясына қайтатын итергіш локомотиві бар поезды жөнелту үшін автобұғаттауды пайдалану тоқтатылады және поездардың қозғалысы байланыстың телефондық құралдарымен белгіленеді.       Бұл жағдайларда байланыстың телефондық құралдарына көшкенге дейін оған шаруашылық поезы жөнелтілетін аралықты шектеуші станциялар резервтік басқаруға көшіріледі.       74. Қалпына келтіру, өрт поездарын және қосалқы локомотивтерді онда қалпына келтіру және басқа осындай жұмыстар жүргізілуі тиіс аралықты шектеуші станцияға жөнелту осы станцияларда станциялар бастықтары немесе оларға поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операцияларды орындау мен аралықты жабу жүктелген қызметкерлер кезекшілікке кірген соң жүзеге асырылады. Бұл жағдайларда машинистерге диагоналы бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті бланктегі рұқсат беріледі. Қосалқы локомотив аралыққа тиісті қызметкерлер кезекшілікке кіргенге дейін локомотив машинисіне осы Нұсқаулықтың 18-қосымшасынасәйкес тікелей берілетін диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша жөнелтіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]