
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Автобұғаттаудың ақаулықтары кезіндегі темір жол көлігі қызметкерлерінің іс-қимылы
- •§ 4. Автобұғаттаудың жұмысын тоқтату
- •§ 5. Автобұғаттау бойынша қозғалысты қалпына келтіру
- •§ 6. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезіндегі поездардың қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Маневрлер жүргізу
- •§ 4. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулығы кезіндегі іс-қимылдары
- •§ 1. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 2. Поездардың жол постылары (бұғатпостылары) бар аралықтар бойынша жүруі
- •§ 3. Жартылай автоматты автобұғаттаудың ақаулығы кезіндегі поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және өткізу
- •§ 3. Аралықта түйісулер болған кездегі поездар қозғалысы
- •§ 4. Электр жезлдық жүйесінің ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы және жезлдық аппараттарда жезлдардың санын реттеу
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ду-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналын жүргізу
- •§ 3. Дара жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 4. Қос жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 2. Дара жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 3. Қос жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездың аралықтан жөнелту станциясына қайтуы
- •§ 3. Аралықта тоқтап тұрған поезға арттан келе жатқан поезд локомотивінің көмек көрсетуі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы талаптар
- •§ 2. Поездарды қабылдау
- •§ 3. Поездарды жөнелту
- •§ 4. Поездарды кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға қабылдау
- •10. Поездық диспетчердің жұмысы
- •11. Станциялардағы маневрлік жұмыс § 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Маневрлік жұмысты басқару
- •§ 3. Маневрлер жүргізу кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •§ 4. Вагондарды бекіту
- •§ 5. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
- •§ 6. Сұрыптау дөңестері мен тартымдық жолдардағы маневрлер
- •§ 7. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
- •§ 8. Бағыттау посттарының кезекшілері қызмет көрсетпейтін станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ескертулер бланкілерін толтыруға түсіндірмелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды құрастыру
- •§ 3. Жарылғыш материалдар бар поездардың жүруі
- •§ 4. Апаттық жағдайлардағы іс-қимылдар
- •Ду - 52 бланкі
- •Поезды жөнелтуге және жүруге рұқсат беру туралы бұйрық
- •Дара жолды телімдерде поездарды қабылдау және жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездың аралықтан кері қайтуы кезіндегі телефонограмма
- •Ду-55 бланкі
- •Поездардың әрі қарай қозғалысы туралы телефонограмма
- •Барлық поездардың қозғалысы үшін аралықты жабу туралы телефонограмма
- •Шаруашылық поезын жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездардың қозғалысын телефондық байланыс бойынша орнату туралы телефонограмма
§ 4. Автобұғаттаудың жұмысын тоқтату
57. Поездар қозғалысы кезінде поездық диспетчерлік байланыс жұмысындағы үзіліс кезінде байланыстың телефондық құралдарына көшумен автобұғаттаудың ақаулығы салдарынан оның жұмысын тоқтату мынадай тәртіппен жүргізіледі: 1) дара жолды аралықтарда: Автобұғаттаудың ақаулығын анықтаған станция бойынша кезекші көрші станциямен сөйлесу жолымен және ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысының журналындағы жазбалар бойынша аралықтың бостығына көз жеткізіп, көрші станцияға осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша поездық телефонограмма береді. Осындай поездық телефонограммалармен көп жолды аралықтардағы станциялар бойынша кезекшілер дара жолды қозғалыс ережелері бойынша қозғалыс кезінде алмасады. 2) қос жолды аралықтарда: Ол үшін осы бағыттың жолы дұрыс болып табылатын станция бойынша кезекші автобұғаттаудың ақаулығын анықтаған соң көрші станция бойынша кезекшіден автоматты бұғаттау бойынша соңғы жөнелтілген поездың келуі туралы хабарлама беруін талап етеді және хабарламаны алған соң осы станцияға осы Нұсқаулықтың 14-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша телефонограмма береді. Автобұғаттаудың жұмысы қос жолды аралықтың басқа жолы бойынша да автобұғаттаудың жұмысы тоқтатылған жағдайда телефондық байланысқа көшу осылай ресімделеді.
§ 5. Автобұғаттау бойынша қозғалысты қалпына келтіру
58. Поездық диспетчерлік байланыстың жұмысы үзілген кезде қозғалысты автоматты бұғаттау бойынша қалпына келтіру келесі тәртіппен жүргізіледі: 1) дара жолды аралықтарда автобұғаттаудың ақаулығын жойған соң және бұл туралы ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында жазба болған кезде станция бойынша кезекші көрші станцияға осы Нұсқаулықтың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телефонограмма береді: Көрші станция бойынша кезекші де аралықтың бостығын тексеріп, осы Нұсқаулықтың 15-қосымшасына сәйкес нысанда жауап береді. Осындай поездық телефонограммалармен көп жолды аралықтардағы станциялар бойынша кезекшілер дара жолды қозғалыс ережелері бойынша қозғалыс кезінде алмасады. 2) қос жолды аралықтарда ол үшін осы бағыттың жолы дұрыс болып табылатын станция бойынша кезекші ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналындағы автобұғаттау ақаулығының жойылғандығы туралы жазбаның немесе көрші станция бойынша кезекшіден алынған тиісті хабарламаның негізінде, жолда қарсы бағыт поездары болмаған кезде осы Нұсқаулықтың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телефонограмма береді. 59. Егер қос жолды аралық әрбір жол бойынша екі жақты қозғалыс үшін, соның ішінде дұрыс емес бағытта локомотивтік сигналдар бойынша автобұғаттаумен жабдықталмаса, онда поезды дұрыс емес жол бойынша жөнелту алдында осы жол бойынша автобұғаттаудың жұмысы тоқтатылады және қозғалыс машинистерге жол жазбаларын берумен байланыстың телефондық құралдары бойынша белгіленеді.
§ 6. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезіндегі поездардың қозғалысы
60. Жекелеген учаскелерде сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде автоматты локомотивтік сигнал беру қолданылады. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде автоматты локомотивтік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған темір жол учаскелерінде поездардың қозғалысы кезінде локомотивтік бағдаршамдардың сигналдары бойынша поездардың екі жақты қозғалысы (соның ішінде қос жолды аралықтың әрбір жолы бойынша) қамтамасыз етіледі. Аралықтардағы бұғат-учаскелердің шекаралары болып жарық шағылдырғыштары мен бұғат-учаскелердің нөмірлері бар цифрлы литерлі кестелері бар «Бұғат-учаскенің шекарасы» сигналдық белгілері қызмет етеді. Мұндай учаскелерде қозғалысты ұйымдастыру қағидасы автоматты бұғаттау кезіндегі қозғалысқа ұқсас. 61. Поездың бірінші бұғат-учаскені иеленуіне рұқсат болып локомотивтік бағдаршамда тиісті көрсеткіші болған кезде шығу бағдаршамының рұқсат етуші көрсеткіші, ал келесі бұғат-учаскелерде – локомотивтік бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткіші қызмет етеді. 62. Поезды аралық бойынша жүргізу тәртібі осы Нұсқаулықтың 27-тармағында белгіленгенге ұқсас. Оттары сөнген ескерту (кіру алдындағы) бағдаршамынан локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштерін басшылыққа алып тоқтаусыз өтуге рұқсат етіледі. 63. Станциялар бойынша поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу осы тарауда баяндалған тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте осы тармақта көзделген мынадай қосымша шарттар орындалады: 1) негізгі режимде дара жолды аралықта және қос жолды аралықтың әрбір жолы бойынша қозғалыс бағытын өзгерту поездық диспетчердің ауызша нұсқауы бойынша, ал қосалқы режимде – поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша екі станция арқылы да кезекшілер жүргізеді; 2) маршруттық нұсқағыштар немесе шығу топтық бағдаршамдарының қайталағыштары ақаулы болған кезде немесе поездың басы қайталау бағдаршамының артында болған кезде ашық шығу топтық бағдаршамы кезінде поезды жөнелтуге рұқсат локомотив машинисіне осы Нұсқаулықтың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркелетін бұйрықпен радиобайланыс бойынша беріледі; 3) шығу бағдаршамының тыйым салу көрсеткіштері кезінде поезды жөнелту үшін рұқсат локомотив машинисіне осы Нұсқаулықтың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркелетін бұйрықпен радиобайланыс бойынша беріледі. 64. Автоматты локомотивтік сигнал беру жұмысын тоқтату қажет ақаулықтар кезінде,оларға мыналар жатады: 1) қатарынан үш және одан артық бұғат-учаскелердің жалған бос болмауы; 2) бағытты, соның ішінде дара жолды аралықта немесе қос жолды аралықта қозғалыс бағыты дұрыс емес жолмен белгіленсе қосалқы режим тұтқаларының (бастырмаларының) көмегімен ауыстырудың мүмкін еместігі; 3) бұғат-учаскеде нақты поезд болған кезде оның бостығын бақылаудың (локомотивтік бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткіші) болуы. Аталған жағдайларда, сондай-ақ поезды станциядан жөнелту алдында немесе поезды кодталмаған жолдан жөнелту алдында локомотивтік бағдаршамда кез келген ақаулық анықталған жағдайда автоматты локомотивтік сигнал берудің жұмысы жабылады және поездардың қозғалысы байланыстың телефондық құралдары бойынша орнатылады. 65. Байланыстың телефондық құралдарына көшу және автоматты локомотивтік сигнал берудің жұмысын қалпына келтіру тәртібі осы Нұсқаулықтың 54, 59-тармақтарында баяндалған. Бұл ретте диспетчерлік бұйрықтар мен поездық телефонограммалар мәтіндерінде «автобұғаттау», деген сөзі «автоматты локомотивтік сигнал беру» деген сөздермен ауыстырылады. 66. Поездар қозғалысы кезінде сигнал берудің дербес құралы ретінде автоматты локомотивтік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған учаскелердегі қозғалысты ұйымдастырудың нақты тәртібін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітетін жергілікті нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады және станцияның техникалық-өкімдік актіде көрсетіледі.
2. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелердегі поездар қозғалысы