Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
106
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 2. Поездарды құрастыру

      549. 1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктер жүк поездарында жалғыз вагондармен, вагондар топтарымен барлық жағдайларда поездар қозғалысының кестесімен, сондай-ақ олардың жүру жолдарындағы учаскелердегі қабылдау-жөнелту жолдарының сыйымдылығынан аспайтын маршруттармен көзделген салмағы және ұзындығы бойынша нормалар шектерінде құрастырылған тиісті паналатумен тасымалданады. Жарылғыш материалдар бар вагондарды:       1) жолаушылар және почта-багаж (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, басқа мемлекеттік әскерилендірілген ұйымдардың табельдік қаруы мен оған оқ-дәрілерді, әскери қарауылдар мен командаларды және әскерилендірілген темір жол күзетінің нарядтарын тасымалдаудан басқа);       2) адамдар, сондай-ақ құрамында (әскери эшелондардан басқа) адамдары бар жекелеген вагондар (эшелонның жеке құрамы тиелген вагондардан басқа);       3) біріктірілген;       4) жоғарғы үшінші, төменгі үшінші және артық дәрежелі, бүйірлік төртінші және артық дәрежелі габаритсіз жүктермен;       5) поездар қозғалысының кестесімен белгіленген ұзындықтан артық поездарға қоюға тыйым салынады.       550. Бұдан басқа осы Нұсқаулықтың 543-тармағында көрсетілген шартты нөмірлермен жарылғыш материалдар бар вагондарды өзінің құрамында:       1) сығымдалған және сұйытылған газдары бар (2-класс);       2) тез тұтанғыш сұйықтар (3-класс);       3) тез тұтанғыш қатты заттар, өздігінен тұтанғыш заттар және сумен, сондай-ақ ауаның дымқылымен өзара әрекеттесу кезінде тұтанғыш газдар бөлетін заттар (4-класс);       4) қышқылданушы заттар және органикалық пероксидтер (5-класс);       5) улы заттар (6.1-ішкі класс) бар вагондар бар жүк поездарына қоюға тыйым салынады.       551. Сұрыптау және учаскелік станциялар арасында жарылғыш материалдар бар вагондар барлық жүк поездарымен құрастыру жоспарына сәйкес жүре алады. Мұндай вагондар аралық станциялардан ең жақын учаскелік немесе сұрыптау станцияларына және кері бағытта құрама, шығару поездарымен немесе диспетчерлік локомотивпен, ал торап станциялары мен торап алдылық станциялар арасында – тапсырушы және шығарушы поездармен жүре алады.       552. Құрамына жарылғыш материалдар бар вагондар енгізілген құрама поездарға құрастыру және кондукторлық бригадалардың қызметкерлері, бас кондуктордың міндеттерін атқарушы машинистің көмекшісі қызмет көрсетеді.       Жарылғыш материалдар бар вагондарды, егер құрастыру жоспары бойынша бұл вагондарды неғұрлым алысқа баратын поездар қарастырылса, жақынға тағайындалған поездарға қоюға жол берілмейді.       Аға диспетчер, станциялық және маневрлік диспетчерлер поездық жұмысты жоспарлау кезінде станцияға келген жарылғыш материалдар бар вагондарды поездардың аз санымен бірінші кезекте жөнелту мүмкіндігін арнайы қарастырады.       553. Жарылғыш материалдар бар жүктерге әскерилендірілген темір жол күзетінің ілесіп жүруі үшін осы вагондардан 5 вагоннан алыс емес вагондарда тежегіш алаңшасы бар вагон немесе арнайы бөлінген бос жабық вагон қойылуы тиіс.       Егер әскерилендірілген темір жол күзеті күзететін вагондар тобы поездың бас бөлігінде электровоздан немесе тепловоздан 5 вагон кейіннен алыс еместе орналасса, тежегіш алаңшасы бар вагондар болмаған кезде әскерилендірілген күзет атқыштарының поезд локомотивінде, оларды алдын ала машинистің локомотивте жүру тәртібі туралы нұсқамасымен жүруіне рұқсат етіледі.       554. Оларда жарылғыш материалдар бар әскери көліктер жүретін поездар құрамдарына аталған көлікке жатпайтын жарылғыш материалдар бар вагондар қойылуы мүмкін.       Жарылғыш материалдар бар вагондарға жүк жөнелтушінің (жүк алушының) мамандары немесе әскери қарауылдары, сондай-ақ әскерилендірілген темір жол күзетінің нарядтары ілесіп жүрген кезде олар күзететін вагондар поезға бір топпен қойылады. Бұл вагондар осы Нұсқаулыққа сәйкес поезға бір бірінен вагондардың осы тобына жатпайтын қауіпсіз жүктері бар немесе бос вагондармен жабумен қосылған жағдайда мұндай паналату минималды нормалардан артық болмауы осы Нұсқаулықтың 88-қосымшасынасәйкес болуы тиіс.       Вагондарды арнайы секция (схема) құрамына енетін жарылғыш материалдар бар вагондар мен ілесіп жүру вагондары арасына қою талап етілмейді.       555. Әскери эшелондарда осы эшелонға тиесілі жарылғыш материалдар және басқа қауіпті жүктерді олардың арасына бір вагоннан кем емес паналату қоюмен бірлесіп тасымалдауға жол беріледі.       Атыс жиынтығымен жабдықталған танктер, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар, артиллериялық тартымдар және жабық бронетранспортерлер бар платформалар мен үсті ашық вагондар әскери эшелонның құрамында жабылусыз жүруі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]