
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Автобұғаттаудың ақаулықтары кезіндегі темір жол көлігі қызметкерлерінің іс-қимылы
- •§ 4. Автобұғаттаудың жұмысын тоқтату
- •§ 5. Автобұғаттау бойынша қозғалысты қалпына келтіру
- •§ 6. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезіндегі поездардың қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Маневрлер жүргізу
- •§ 4. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулығы кезіндегі іс-қимылдары
- •§ 1. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 2. Поездардың жол постылары (бұғатпостылары) бар аралықтар бойынша жүруі
- •§ 3. Жартылай автоматты автобұғаттаудың ақаулығы кезіндегі поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және өткізу
- •§ 3. Аралықта түйісулер болған кездегі поездар қозғалысы
- •§ 4. Электр жезлдық жүйесінің ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы және жезлдық аппараттарда жезлдардың санын реттеу
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ду-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналын жүргізу
- •§ 3. Дара жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 4. Қос жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 2. Дара жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 3. Қос жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездың аралықтан жөнелту станциясына қайтуы
- •§ 3. Аралықта тоқтап тұрған поезға арттан келе жатқан поезд локомотивінің көмек көрсетуі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы талаптар
- •§ 2. Поездарды қабылдау
- •§ 3. Поездарды жөнелту
- •§ 4. Поездарды кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға қабылдау
- •10. Поездық диспетчердің жұмысы
- •11. Станциялардағы маневрлік жұмыс § 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Маневрлік жұмысты басқару
- •§ 3. Маневрлер жүргізу кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •§ 4. Вагондарды бекіту
- •§ 5. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
- •§ 6. Сұрыптау дөңестері мен тартымдық жолдардағы маневрлер
- •§ 7. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
- •§ 8. Бағыттау посттарының кезекшілері қызмет көрсетпейтін станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ескертулер бланкілерін толтыруға түсіндірмелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды құрастыру
- •§ 3. Жарылғыш материалдар бар поездардың жүруі
- •§ 4. Апаттық жағдайлардағы іс-қимылдар
- •Ду - 52 бланкі
- •Поезды жөнелтуге және жүруге рұқсат беру туралы бұйрық
- •Дара жолды телімдерде поездарды қабылдау және жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездың аралықтан кері қайтуы кезіндегі телефонограмма
- •Ду-55 бланкі
- •Поездардың әрі қарай қозғалысы туралы телефонограмма
- •Барлық поездардың қозғалысы үшін аралықты жабу туралы телефонограмма
- •Шаруашылық поезын жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездардың қозғалысын телефондық байланыс бойынша орнату туралы телефонограмма
§ 1. Жалпы ережелер
534. Кіру, шығу, аралық және паналандыру семафорларын тұрақты сигналдар ретінде қолдануға тек автоматты бұғаттандырумен жабдықталмаған учаскелерде және бағыттамаларды электрлік орталықтандыруы жоқ станцияларда ғана жол беріледі. Семафорларды орнату орындарын Техникалық пайдалану қағидаларында тұрақты сигналдар үшін көзделген жалпы талаптардың негізінде анықтайды. 535. Семафор діңгектен және оның жоғарғы бөлігінде бекітілген қанаттан тұрады, ол діңгекке қатысты көлденең немесе 135о бұрышпен жоғары көтерілген жағдайда болуы мүмкін. Қанаттың көлденең жағдайы семафордың тыйым салушы, көтерілген қанат – рұқсат етуші жағдайына сәйкес келеді. Түнде семафор қанатының жағдайы (көлденең немесе көтерілген) тиісті сигналдық оттармен көрсетіледі. 536. Қажетті жағдайларда қос қанатты семафорлар қолданылуы мүмкін. Семафордың екінші қанаты діңгек бойымен орналасады. 537. Бір қанатты семафорлармен: 1) күндіз діңгекке 135о бұрышпен жоғары көтерілген қанатымен, ал түнде бір жасыл отпен – «Жол бос». Поезды бас жолға станцияда тоқтауға дайындығымен қабылдау кезінде кіру семафорлары, сондай-ақ шығу және аралық семафорлары мен паналандыру семафорлары осылай сигнал береді; 2) күндіз семафор қанатының көлденең жағдайымен, ал түнде қызыл отпен – «Тоқта! Сигналдан өтуге тыйым салынады» сигналдары беріледі. 538. Қос қанатты семафорлармен: кірулермен - күндіз діңгекке 135о бұрышпен жоғары көтерілген қос қанатымен және түнде жасыл оттарымен – «Поезға станцияға бүйір жолға станцияда тоқтауға дайындықпен өтуге рұқсат етіледі»; шығулармен - күндіз діңгекке 135о бұрышпен жоғары көтерілген қос қанатымен және түнде жасыл оттарымен - "Поезға тармаққа жөнелуге рұқсат етіледі" сигналдары беріледі. 539. Станция жағынан кіру семафоры қанаттарының жағдайын бақылау үшін түнде бақылаулық оттар қызмет етеді. Семафордың жабық жағдайы кезінде онда станция жағынан қанаттар саны бойынша бақылаулық мөлдір-ақ оттар, ал ашық кезде – ашық қанаттар санына сәйкес жасыл оттар болуы тиіс. Шығу және аралық семафорлардың, негізінен бақылаулық оттары болмайды. Егер семафорды басқару пункті қозғалыс бағыты бойынша онан кейін орналасса, семафорда жабық жағдайдың бақылаулық мөлдір-ақ оттары болуы тиіс. Бұл семафорлардың ашық жағдайының бақылаулық оттары болмайды. 540. Кіру және аралық семафорлар мен паналандыру семафорларының көрсеткіштері күндіз және түнде жақындап келе жатқан локомотивтің кабинасынан осы жер үшін толық қызметтік тежеу және максималды іске асырылатын жылдамдық кезінде анықталған, алайда 1000 метрден кем емес тежеу жолынан кем емес қашықтықта айқын ажыратылуы тиіс. Бас жолдардың шығу семафорларының сигналдары: бас жолдардың – 400 метрден кем емес, бүйірліктер – 200 метрден кем емес қашықтықта айқын ажыратылатын болуы тиіс. 541. Іске қосылмаған семафорлар жабық жағдайға келтірілуі және екі тақтайшамен бейтараптандырылуы тиіс. Жұмыс істемейтін семафорлардың сигналдық оттары жағылмайды. Іске қосылмаған семафорлардың алдарында тұрған хабарлау қалқандары да екі тақтайшамен бейтараптандырылуы немесе алынуы тиіс. Шығу және аралық семафорлар алдына қара жолақтары бар және онда шағылдырғыштары бар ақ түске боялған хабарлау қалқандары орнатылады. Семафорлық тартым үзілген кезде семафордың қанаты автоматты түрде тыйым салушы (көлденең) жағдайға келуі тиіс. Семафорлардағы сигналдық аспаптарды жарықтандыру жүйесін Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен белгіленеді.
16. 1-класты қауіпті жүктер (жарылғыш материалдар) тиелген вагондары бар поездармен маневрлік жұмысты пайдалану, оларды қалыптастыру және өткізу