- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Автобұғаттаудың ақаулықтары кезіндегі темір жол көлігі қызметкерлерінің іс-қимылы
- •§ 4. Автобұғаттаудың жұмысын тоқтату
- •§ 5. Автобұғаттау бойынша қозғалысты қалпына келтіру
- •§ 6. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезіндегі поездардың қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Маневрлер жүргізу
- •§ 4. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулығы кезіндегі іс-қимылдары
- •§ 1. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 2. Поездардың жол постылары (бұғатпостылары) бар аралықтар бойынша жүруі
- •§ 3. Жартылай автоматты автобұғаттаудың ақаулығы кезіндегі поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және өткізу
- •§ 3. Аралықта түйісулер болған кездегі поездар қозғалысы
- •§ 4. Электр жезлдық жүйесінің ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы және жезлдық аппараттарда жезлдардың санын реттеу
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ду-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналын жүргізу
- •§ 3. Дара жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 4. Қос жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 2. Дара жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 3. Қос жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездың аралықтан жөнелту станциясына қайтуы
- •§ 3. Аралықта тоқтап тұрған поезға арттан келе жатқан поезд локомотивінің көмек көрсетуі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы талаптар
- •§ 2. Поездарды қабылдау
- •§ 3. Поездарды жөнелту
- •§ 4. Поездарды кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға қабылдау
- •10. Поездық диспетчердің жұмысы
- •11. Станциялардағы маневрлік жұмыс § 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Маневрлік жұмысты басқару
- •§ 3. Маневрлер жүргізу кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •§ 4. Вагондарды бекіту
- •§ 5. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
- •§ 6. Сұрыптау дөңестері мен тартымдық жолдардағы маневрлер
- •§ 7. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
- •§ 8. Бағыттау посттарының кезекшілері қызмет көрсетпейтін станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ескертулер бланкілерін толтыруға түсіндірмелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды құрастыру
- •§ 3. Жарылғыш материалдар бар поездардың жүруі
- •§ 4. Апаттық жағдайлардағы іс-қимылдар
- •Ду - 52 бланкі
- •Поезды жөнелтуге және жүруге рұқсат беру туралы бұйрық
- •Дара жолды телімдерде поездарды қабылдау және жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездың аралықтан кері қайтуы кезіндегі телефонограмма
- •Ду-55 бланкі
- •Поездардың әрі қарай қозғалысы туралы телефонограмма
- •Барлық поездардың қозғалысы үшін аралықты жабу туралы телефонограмма
- •Шаруашылық поезын жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездардың қозғалысын телефондық байланыс бойынша орнату туралы телефонограмма
§ 1. Жалпы ережелер
521. Поездардың уақыттары шектеулі (ізінше) қозғалысын Ұлттық темір жол компаниясының, ерекше жағдайларда қозғалыс көлемдері күрт ұлғайған кезде – Уәкілетті органның рұқсатымен белгіленеді. 522. Поездарды уақытты шектеумен жөнелту тек жекелеген, тежегіш жолынан кем емес қашықтықта көрінуді қамтамасыз ететін жол жоспары мен бейіні бар, автобұғаттаумен жабдықталмаған өткізу қабілетін шектеуші аралықтарда, сондай-ақ автобұғаттаумен жабдықталған аралықтарда, бұғаттау құрылғылары ұзақ уақыт зақымданған жағдайларда, поездар қозғалысын байланыстың телефондық құралдары арқылы орнатқаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін. 523. Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен оларда уақытты шектеумен поездарды жөнелтуге, артынан жіберілетін поездар қозғалысының максималды жылдамдықтары және жөнелтілетін поездар арасындағы уақыттың минималды аралықтары рұқсат етілетін аралықтар белгіленуі мүмкін. 524. Вагондарды аралыққа жанасатын кірме жолдарға берген жағдайда, сондай-ақ жөнелтілген поездың артынан шаруашылық поездарының кейіннен жөнелту станциясына қайта оралуымен қозғалысы кезіндегі уақытты шектеумен қозғалыс тәртібін темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығы Уәкілетті органның рұқсатынсыз белгілейді. 525. Уақытты шектеумен поездар қозғалысы тиісті аралықты шектеуші станцияларға берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығымен белгіленеді. 526. Уақытты шектеумен жөнелту кезінде бірінші поездың машинисі аралықта белгіленген жылдамдықпен жүреді. Екінші поездың машинисі поезды бұл жағдайлар үшін Ұлттық темір жол компаниясы белгіленгеннен артық емес жылдамдықпен, ерекше қырағылықпен және одан әрі қозғалыс үшін кедергілер пайда болған кезде тоқтауға дайындықпен жүргізеді. 527. Уақытты шектеумен (артынан) поездардың жөнелтілуіне: 1) жолаушылар, почта-багаж, жүк-жолаушылар және адамдар, сондай-ақ құрамында 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдар) бар вагондар және сығымдалған газы бар цистерналар бар поездарды. Осы поездардан кейін артынан басқа поездарды жөнелтуге жол берілмейді; 2) вагондарымен алға қозғалыс кезінде; 3) егер алда бара жатқан поезға аралықта тоқтау көзделсе; 4) тұман, боран және сигналдардың көрінуін нашарлататын басқа қолайсыз жағдайларда тыйым салынады. 528. Уақытты шектеумен поездарды жөнелту дара жолды, сондай-ақ қос жолды аралықтарда тек байланыстың телефондық құралдары кезінде дара жолды қозғалыс қағидалары бойынша немесе электр жезлды жүйе бойынша ғана жүргізіледі. Оларда уақытты шектеумен поездар қозғалысы жол берілетін аралықтардың жезлдық аппараттарының бұрап алынатын жезлдары болуы тиіс. 529. Поездық диспетчердің байланыстың телефондық құралдары бойынша қозғалыстың орнатылғандығы және уақытты шектеумен поездардың жөнелтілгені туралы бұйрығын алған соң бұл поездардың дара жолды және қос жолды аралықтардағы қозғалысы туралы телефонограммалар осы Нұсқаулықтың 86-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша беріледі. Әрбір поездың жөнелтілгені және келгені туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасымен көзделген 3 және 4-нысандар бойынша беріледі. 530. Егер байланыстың телефондық құралдары кезінде бірінші поездың артынан аралықтағы жұмыстан кейін жөнелту станциясына қайта оралатын поезд жөнелтілсе телефонограммалар осы Нұсқаулықтың 87-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша ресімделеді. Әрбір поездың жөнелтілгені туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша артынан жөнелтілетін поезға қатысты «___ км-не дейін қайта оралумен» сөздерін қосумен беріледі. Бірінші поездың келуі туралы телефонограмма осы Нұсқаулықтың34-қосымшасында көзделген 4-нысан бойынша, ал екінші поездың қайта оралуы туралы – телефонограмма 7-нысан бойынша осы Нұсқаулықтың 36- қосымшасында көзделген. 531. Бірінші де, екінші де поездардың машинистеріне осы Нұсқаулықтың 154-тармағымен көзделген тәртіппен жол жазбалары, бланктің үстінде: 1) бірінші поезд үшін - "Артынан – бірінші поезд", екінші поезд үшін - "Артынан – екінші поезд" белгісін қоюмен беріледі. Мұндай белгілер болған кезде локомотивтердің машинистері аралық бойынша осы Нұсқаулықтың 523-тармағына сәйкес шығарылатын Ұлттық темір жол компаниясының бұйрығында белгіленген жылдамдықпен жүреді. 532. Электр жезлдық жүйемен жабдықталған аралықтарда поездық диспетчердің бұйрығы бойынша уақытты шектеумен поезды жөнелткен кезде станция бойынша кезекші қабылдау станциясының келісімін алып және жезлды аппараттан алып «Билет» жазуы бар жезлдың бөлігін бірінші жөнелтілетін машинистке, «Жезл» жазуы бар жезлдың екінші бөлігін артынын жүретін поездың машинисіне береді. Бірінші де, екінші де поездың жөнелтілгені туралы станция бойынша кезекші көрші станция бойынша кезекшіні хабардар етеді. Егер екінші поездың жөнелтілуі қандай да бір себеппен болмай қалса, онда жезлдық жүйенің қолданысы тоқтатылады, ал поездар қозғалысы телефон байланысы бойынша орнатылады. Бұл жағдайда жезлдың бөліктерінің бірі бірінші жөнелтілетін поезбен көрші станцияға жіберіледі, онда екінші бөлігіне бұралады, сонан соң жезл аппаратқа салынады және жезлдық жүйенің қолданысы қалпына келтіріледі. 533. Электр жезлды жүйе кезінде уақытты шектеумен поезды жөнелту кезінде, екінші поезд аралықтан жөнелту станциясына қайта оралғанда бірінші поезға жезл, ал екіншісіне – кілт-жезл беріледі. Көрші станция бойынша кезекші бірінші де, екінші де поездың жөнелтілгені, сондай-ақ екінші поездың аралықтан қайта оралуы туралы хабардар етіледі. Бұл жағдайда екі поездың да машинистеріне: бірінші поезға – оның соңынан аралықтан қайта оралумен екінші поездың жөнелтілгені туралы, ал екіншісіне – уақытты шектеумен жөнелту және аралықтан қайта оралу уақыты туралы ескертулер беріледі.
15. Семафорларды қолдану тәртібі
