Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 2. Маневрлік жұмысты басқару

      384. Станциялық жолдарда маневрлер тек бір қызметкердің - станция бойынша кезекшінің, маневрлік диспетчердің, сұрыптау дөңесі немесе парк бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде – поездық диспетчердің нұсқауы бойынша ғана жүргізілуі тиіс. Маневрлерге басшылық ету бойынша міндеттерді бөлісу станцияның техникалық - өкімдік актісінде көрсетіледі.       385. Маневрлер жүргізуші локомотивтің қозғалысына бір қызметкер – маневрлердің дұрыс орындалуы үшін жауапты маневрлер басшысы (поездарды құрастырушы немесе бас кондуктор) басшылық етеді.       Сұрыптау дөңестерінде маневрлік локомотивтің қозғалысына дөңес бойынша дөңес кезекшісі басшылық етеді.       Аралық станцияларда маневрлік жұмыс бас кондуктордың басшылығымен жүргізіледі. Құрастыру бригадасы немесе бас кондуктор қызмет көрсетпейтін локомотивтің, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның маневрлік орын ауыстыруларына осы ауданда маневрлер жүргізуге басшылық ету құқығы бар қызметкер немесе оның нұсқауы бойынша сигнал беруші (бағыттау постысының кезекшісі) басшылық етеді. Бұл жағдайларда маневрлік орын ауыстыруларға басшылық ету үшін сондай-ақ станциялар бастықтары, олардың орынбасарлары белгілейтін тәртіппен тартылуы мүмкін.       386. Маневрлік жұмысты құрастырушы немесе құрастыру бригадасы (құрастырушы және оның көмекшісі), сондай-ақ бас кондуктор немесе кондукторлық бригада жүргізеді. Жергілікті жағдайларға қарай маневрлерді жүргізу үшін құрастыру бригадасын немесе бір құрастырушыны тағайындауды Ұлттық темір жол компаниясы – «Жол бөлімшесі» филиалы белгілейді.       Маневрмен айналысушы қызметкерлерді орналастыруды маневрлердің басшысы жүргізеді (станция бойынша кезекшісі, маневрлік диспетчері, сұрыптау дөңесі немесе парк бойынша кезекшісі).       Маневрлік локомотивке бір машинистің қызмет көрсеткіші локомотив үлгісіне және жергілікті жағдайға қарай Ұлттық темір жол компаниясының рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін.       387. Поездарды құрастырушы немесе бас кондуктор маневрлік жұмысқа тапсырманы маневрлерге басшылық жасаушы бір адамнан ғана алады.       Маневрлік жұмысқа арналған тапсырманы маневрдің басшысы әрбір қатысты қызметкерге жеткізуі тиіс.       Егер маневрлер жүргізу процесінде көзделген жұмыс жоспарын өзгерту қажеттігі пайда болса, онда осы өзгерістердің сипатымен маневрге қатысушы барлық қызметкерлер алдын ала таныстырылады.       388. Маневрлік локомотивтің (вагондармен немесе вагондарсыз) бір маневрлік ауданнан екіншісіне орын ауыстыруына оның ауданына орын ауыстыру болатын тиісті посты (парк) бойынша кезекшімен немесе осы ауданда жұмыс істеуші поездарды құрастырушымен алдын ала келісу бойынша тек станция бойынша кезекшінің (дөңес бойынша кезекшінің) немесе маневрлік диспетчердің рұқсаты бойынша ғана жол беріледі.

§ 3. Маневрлер жүргізу кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптар

      389. Маневрлер басшысы:       1) маневрлік жұмысқа арналған тапсырманы нақты және уақтылы орындайды;       2) маневрлерге қатысушы қызметкерлерді алда болатын маневрлік жұмыстың жоспарымен және орындау тәсілдерімен таныстыру негізінде олардың дұрыс орналастырылуы мен іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз етеді;       3) поездарды Техникалық пайдалану қағидасына және Ұлттық темір жол компаниясының тиісті нұсқаулықтары мен нұсқауларының талаптарына дәл сәйкестікпен құрастырады;       4) маневрлік жұмысты қозғалыс қауіпсіздігі, маневрлермен айналысушы қызметкерлердің жеке қауіпсіздігі, жылжымалы құрам мен жүктің сақталуы қамтамасыз етілетіндей ұйымдастырады. Адамдары, габаритті емес және 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш заттары) бар вагондармен маневрлер ерекше сақтықпен жүргізіледі.       Кезекшілікке кірген кезде құрастырушы (бас кондуктор) өзінің ауданындағы жолдарда жылжымалы құрамның болуы мен орналасуымен танысады, оның бекітілуінің сенімділігін тексереді, аудан үшін белгіленген бекіту құралдарының бар екендігіне көз жеткізеді. Тексеру нәтижелері туралы станция бойынша кезекшіге баяндайды.       390. Маневрлік жұмыс басталар алдында маневрлердің басшысы:       1) маневрлерге қатысушы барлық қызметкерлердің, соның ішінде локомотив бригадасының толық құрамда өз орындарында орналасқандығына көз жеткізеді;       2) маневрлерге қатысушы машинист пен станцияның қызметкерлерін алда болатын маневрлер жоспары мен оның орындалу тәртібімен таныстырады;       3) вагондардың орын ауыстыруы үшін кедергілердің жоқтығын (мысалы, доңғалақтар астарындағы табандықтар) тексереді.       391. Бағыттамалық пост кезекшісіне немесе орталықтандыру постысының операторына қандай да бір жолда маневрлік маршрутты дайындау туралы тапсырманы маневрлер басшысы станцияның техникалық жарақтандырылуына қарай станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс, локомотивтің ысқырығы, қол ысқырығы немесе басқа құралдар арқылы бере алады.       392. Жұмыс процесінде маневрлер басшысы:       1) сигналдарды және маневрлік орын ауыстыруларға қатысты нұсқауларды нақты және уақтылы береді;       2) маневрлік орын ауыстырулар үшін бағыттамалардың уақтылы дайындалуын, орталықтандыру постылары операторларының, бағыттамалық постылар кезекшілерінің және локомотив машинисінің сигналдарды уақтылы және дұрыс берулерін қадағалайды;       3) одан маневр жасаушы құрамның сигналдары мен оның орын ауыстыру маршрутының ең жақсы көрілуі қамтамасыз етілетін жерде орналасады; локомотив машинисімен радиобайланыс болмаған жағдайда (ақаулығына немесе локомотив маневрлік радиобайланыспен жабдықталмаған болса) ол жерден қолмен беретін сигналдарды машинистің немесе оның көмекшісінің көруі қамтамасыз етілетін жерде орналасады;       4) станциялық жолдар бойынша вагондармен алға қозғалған кезде негізінен қозғалыс бойынша бірінші арнайы баспалдақта (өту алаңында, тамбурда) болады, ал мүмкін емес кезде – жол аралығымен немесе жолдың шетімен шегіндірілетін вагондардың алдында жүреді, маневрлік бағдаршамдардың көрсеткіштерін, берілетін сигналдарды, маршрут бойынша бағыттамалардың жағдайын, жолда кедергілер мен адамдардың болмауын қадағалайды; қажет жағдайда – маневрлік құрамды тоқтатуға шаралар қабылдайды. Қажетті жағдайларда, радиобайланыс болмаған кезде сигналдар беру үшін орталықтандыру постыларының операторларын, бағыттамалық постылар кезекшілерін және станцияның басқа қызметкерлерін тартады;       5) үлкен құрамдармен жолдың қисық учаскелерінде немесе көрініс нашар жағдайларда (тұман, боран, қар жауу) маневрлер жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдайды – машинистке сигналдар мен радиобайланыс немесе екі жақты парктік байланыс бойынша нұсқауларды жиі береді;       6) жылжымалы құрамның қиылған бағыттама бойынша оны қарап тексеру мен жөндегенге дейін өткізілуіне жол бермейді;       7) құрамға келмес бұрын қоршау сигналдарының жоқтығына көз жеткізеді;       8) вагондардың аялдауының болжамды уақытына қарамастан осы вагондардың бекітілусіз немесе станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген нормадан кем бекітілумен қалдырылуына жол бермейді;        9) барлық вагондардың өзара және локомотивпен біріктірілгендігіне көз жеткізбей маневрлік құрамдардың орын ауыстыруына (локомотивпен алдында немесе вагондармен алдында) жол бермейді;       10) итергішпен маневрлер кезінде ағытпалардың кері бағытта қозғалуының немесе вагондардың жолдың қарама-қарсы шетіндегі шекті бағаншалардан тыс шығуының мүмкіндігін болдырмайтын шараларды уақтылы қабылдайды;       11) егер итергішпен маневрлер кезінде немесе құрамдарды дөңеске жылжыту кезінде ағыту тұтқалары жұмыс шарттары бойынша «буферге» жағдайына қойылады, және ағытпа құрамнан бөлінгеннен кейін тұтқаларды дұрыс қосылу мен вагондарды тіркеуді қамтамасыз ететін жағдайға келтіреді;       12) маневрлік локомотив (жалғыз немесе вагондармен) вагондар тұрған қандай да бір жолға осы вагондарды ағыту немесе тіркеу үшін кірген кезде, сондай-ақ тұрған вагондарды ағыту үшін қысқан кезде вагондардың маневрлік локомотив жағына қарама-қарсы жағында сенімді бекітілгендігіне көз жеткізбей, осы операциялардың орындалуына жол бермейді;       13) егер қандай да бір жолда тұрған, соның ішінде белгіленген норма бойынша бекітілген вагондар тобына вагондар қосымша тіркелсе, оның нәтижесінде бұрын орнатылған табандықтардың орналасуының дұрыстығы бұзылған жоқ па, сондай-ақ осы табандықтар ұлғайған вагондар санына жеткілікті екендігін тексереді;       14) жүктерді тиеу және түсіру орындарында маневрлік құрамның қозғалысының алдында қозғалыс үшін кедергілердің жоқтығына көз жеткізеді;       15) тиеу мен түсіру аяқталмаған вагондар мен маневрлерді тек тиеу-түсіру операцияларына басшылық етуші қызметкермен келісілген соң ғана жүргізеді;       16) маневрлер жүргізу кезінде құрастыру және кондукторлық бригадалардың қызметкерлеріне тізбесі еңбекті қорғау жөніндегі жергілікті нұсқаулықта белгіленетін габаритсіз және қауіпті жерлерде вагонның арнайы баспалдақтарында тұруға жол берілмейді.       393. Маневрлердің басшысы жұмысты жылжымалы құрамның жолдың қарама-қарсы шетінде орналасқан шекті бағандардан (оқшаулағыш түйіспелер немесе бағдаршамдардан) тыс шығуына жол бермейтіндей ұйымдастырады.       Маневрлер басшысының парктің (жолдың) қарама-қарсы шетіндегі аталған талаптардың орындалуын қамтамасыз етуші қызметкерлермен іс-қимылды келісу тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді.       394. Станция бойынша кезекші, маневрлік диспетчер немесе дөңес бойынша кезекші адамдары бар немесе 1-класты жүк (жарылғыш заттар), сондай-ақ тасымалдау құжаттарында «Дөңестен түсірілмесін» және «Дөңестен абайлап түсірілсін» штемпельдері бар басқа класты жүк тиелген вагондармен маневрлер жүргізу қажеттігі кезінде бұл туралы поездарды құрастырушыны, ал соңғысы - өзінің көмекшісі мен маневрлік локомотивтің машинисін хабардар етеді.       395. Жөндеу бригадалары (жол, СОБ) жұмыстарының орындарында, өтпелерді қиып өтумен, жолаушылар платформаларының жанында, жүк қоймаларының, жүк аудандарының, отын қоймаларының, вагон және локомотив деполарының, зауыттар, шеберханалар және аймақтарындағы жолдарда маневрлер жүргізу кезінде құрастыру және локомотив бригадалары ерекше қырағылық көрсетуге, құрам жолдың жанындағы немесе платформаларда тұрған адамдарға жақындаған кезде дыбыстық сигналдарды уақтылы беруге, сондай-ақ тиеуде, түсіруде, жол, вагондарды жөндеуде және басқа операцияларда жұмыс істеп жатқан адамдарды құрамның қозғалысы туралы ескертеді.       396. Маневрлер жүргізу кезінде локомотив бригадасы:       1) маневрлік жұмысқа арналған тапсырманы дәл және уақтылы орындайды;       2) берілетін сигналдарды мұқият қадағалайды, орын ауыстырулар туралы сигналдар мен нұсқауларды дәл және уақтылы орындайды;       3) жолда тұрған адамдарды, бағыттамалардың жағдайын және жылжымалы құрамның орналасуын мұқият қадағалайды;       4) маневрлер жүргізу қауіпсіздігі мен жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз етеді.       397. Маневрлер жүргізуші арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам локомотивінің машинисіне маневрлер басшысының жеке, радиобайланыс, екіжақты парктік радиобайланыс құрылғылары немесе қол сигналдық аспаптарымен берілетін сигналдар бойынша нұсқауларын алусыз арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды, локомотивті қозғалысқа келтіруге тыйым салынады. Машинист маневрлер басшысының нұсқаулары мен сигналдарынан басқа орталықтандырылған маневрлік маршруттардың бағыттамаларына шығарда маневрлік бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткішінің барлығына көз жеткізеді, ал орталықтандырылмаған бағыттамаларға шығарда бағыттамалық постының кезекшісінен (жеке, радиобайланыс, екі жақты парктік радиобайланыс құрылғылары бойынша) бағыттамалардың маневрлік орын ауыстырулар үшін дайындығы туралы сигнал немесе хабарлама алады. Маневрлік бағдаршамдар болмаған кезде орталықтандырылған бағыттамаларға шығар алдында машинист станция бойынша кезекшіден бағыттамалардың маневрлік орын ауыстырулар үшін дайындығы туралы немесе хабарлама (жеке, радиобайланыс, екі жақты парктік радиобайланыс құрылғылары бойынша немесе маневрлер басшысы арқылы берілген) алуы тиіс.       Бағыттамалар мен сигналдарды электрлік орталықтандыруы бар станцияларда бағыттамаларды орталықтандырылғаннан жергілікті басқаруға берген жағдайларда бағыттамаларға шығуға осы бағыттамаларды ауыстыру жүктелген қызметкердің нұсқауы немесе сигналы бойынша рұқсат етіледі.       398. Құрама поездармен жұмыс істейтін локомотив бригадалары, сондай-ақ маневрлік жұмыстар жүргізу үшін бөлінген кондукторлар мен құрастыру бригадалары техникалық - өкімдік актісінде көрсетілген станциядағы маневрлік жұмыс тәртібімен танысады. Техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген маневрлік жұмыс шарттарымен міндетті таныстыруды локомотив және құрастыру бригадаларын, кондукторларды Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы белгілейді.       Маневрлер жүргізуші локомотивтің машинисіне онда вагондар қалатын жолдан шығу үшін локомотивті қозғалысқа келтіруге осы Нұсқаулықтың 415, 416 тармақтарында белгіленген ережелерді орындаумен маневрлер басшысынан радиобайланыс, екі жақты парктік радиобайланыс құрылғылары бойынша, маневрлерге қатысушы басқа қызметкер арқылы немесе жеке олардың бекітілуі туралы хабарлама алмай рұқсат етілмейді.       399. Вагондармен алға қозғалу кезінде маневрлер басшысы машинистке бағыттамаға шығуға болатын қозғалыс туралы сигналды тек бағыттамалық пост кезекшісінен маневрлік орын ауыстырулар үшін бағыттамалардың дайындығы туралы сигналды (хабарламаны) алған соң немесе маневрлік бағдаршамның ашық жағдайда тұрғандығына көз жеткізіп қана береді.       400. Жалғыз локомотивтің машинисі станция жолдары бойынша жүру кезінде маневрлік бағдаршамдардың көрсеткіштерін, станциялар бойынша кезекшілердің, орталықтандыру постылары кезекшілерінің, бағыттамалық постылар кезекшілерінің локомотив машинисіне тікелей берілетін сигналдарды немесе хабарламаларды басшылыққа алады.       401. Берілген сигналдарды немесе радиобайланыс немесе екі жақты парктік байланыстың құрылғылары бойынша берілетін нұсқауларды машинист локомотивтің ысқырығымен немесе берілген нұсқауды қысқаша қайталаумен растайды.       Егер машинист сигналды немесе нұсқауды қабылдаудың дұрыстығына сенімді болмаса немесе маневрлік жұмыс жоспарын білмесе ол тоқтайды және жағдайды анықтайды.       Жолаушылар поезы жөнелтілетін жолдан (поездың артынан) ол осы жолды толық босатқанға дейін локомотивтер мен маневрлік құрамдардың жүруі туралы сигналдар мен нұсқаулар беруге тыйым салынады. Жолаушылар поезы иеленген осы жолда тұрған локомотивтердің машинистеріне жөнелтілген жолаушылар поезының артынан жолдың толық босағаны туралы хабарлама алғанға дейін қозғалуға тыйым салынады.       402. Бағыттамалық постылар кезекшілері, орталықтандыру постыларының операторлары маневрлер жүргізу кезінде:       1) маневрлер басшысы көрсеткен маршрут бойынша бағыттамаларды дұрыс және уақтылы ауыстырады;       2) бағыттаманы ауыстырғаннан кейін бағыттау постысының кезекшісі оны салмаға бекітуі (осы Нұсқаулықтың 367-тармағындакөзделген жағдайлардан басқада) және үшкірдің рамалық рельске тығыз түйісуіне көз жеткізеді;       3) маневрлік құрамның орын ауыстыруы туралы сигнал берердің немесе хабарлама берердің алдында маневрлік маршруттағы бағыттамалар жағдайының дұрыстығын тексереді;       4) машинистке және құрастырушыға сигналдар мен хабарламаларды нақты және уақтылы береді;       5) маневрлік құрамның орын ауыстыруларын, берілетін нұсқаулар мен сигналдарды мұқият қадағалайды, осы нұсқаулар мен сигналдардың талаптарын уақтылы орындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]