- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Автобұғаттаудың ақаулықтары кезіндегі темір жол көлігі қызметкерлерінің іс-қимылы
- •§ 4. Автобұғаттаудың жұмысын тоқтату
- •§ 5. Автобұғаттау бойынша қозғалысты қалпына келтіру
- •§ 6. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезіндегі поездардың қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Маневрлер жүргізу
- •§ 4. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулығы кезіндегі іс-қимылдары
- •§ 1. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 2. Поездардың жол постылары (бұғатпостылары) бар аралықтар бойынша жүруі
- •§ 3. Жартылай автоматты автобұғаттаудың ақаулығы кезіндегі поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және өткізу
- •§ 3. Аралықта түйісулер болған кездегі поездар қозғалысы
- •§ 4. Электр жезлдық жүйесінің ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы және жезлдық аппараттарда жезлдардың санын реттеу
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ду-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналын жүргізу
- •§ 3. Дара жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 4. Қос жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 2. Дара жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 3. Қос жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездың аралықтан жөнелту станциясына қайтуы
- •§ 3. Аралықта тоқтап тұрған поезға арттан келе жатқан поезд локомотивінің көмек көрсетуі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы талаптар
- •§ 2. Поездарды қабылдау
- •§ 3. Поездарды жөнелту
- •§ 4. Поездарды кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға қабылдау
- •10. Поездық диспетчердің жұмысы
- •11. Станциялардағы маневрлік жұмыс § 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Маневрлік жұмысты басқару
- •§ 3. Маневрлер жүргізу кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •§ 4. Вагондарды бекіту
- •§ 5. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
- •§ 6. Сұрыптау дөңестері мен тартымдық жолдардағы маневрлер
- •§ 7. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
- •§ 8. Бағыттау посттарының кезекшілері қызмет көрсетпейтін станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ескертулер бланкілерін толтыруға түсіндірмелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды құрастыру
- •§ 3. Жарылғыш материалдар бар поездардың жүруі
- •§ 4. Апаттық жағдайлардағы іс-қимылдар
- •Ду - 52 бланкі
- •Поезды жөнелтуге және жүруге рұқсат беру туралы бұйрық
- •Дара жолды телімдерде поездарды қабылдау және жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездың аралықтан кері қайтуы кезіндегі телефонограмма
- •Ду-55 бланкі
- •Поездардың әрі қарай қозғалысы туралы телефонограмма
- •Барлық поездардың қозғалысы үшін аралықты жабу туралы телефонограмма
- •Шаруашылық поезын жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездардың қозғалысын телефондық байланыс бойынша орнату туралы телефонограмма
§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
29. Поезды қабылдау және жөнелту алдында станция бойынша кезекші қабылдау немесе жөнелту маршрутын әзірлейді және кіру (шығу) бағдаршамын ашады. Дара жолды аралықтарда, сондай-ақ екі жақты автобұғаттауы бар қос жолды аралықтарда дұрыс емес жолмен немесе дара жолды қозғалыс ережелері бар автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды (көп жолды) аралық жолдарының бір жолымен поезды жөнелту қажеттілігі немесе дұрыс емес жол бойынша локомотивтік бағдаршамның қозғалысы кезінде станция бойынша кезекші бұдан басқа поездық диспетчермен (поездық диспетчерлік байланыстың ақаулығы кезінде көрші станция бойынша кезекшімен) аралықты иелену құқығын алдын ала келіседі. Поезд өткен кезде кіру (шығу) бағдаршамы автоматты түрде жабылады. Егер бағдаршамды басқару сигналдық тұтқамен жүзеге асырылса, станция бойынша кезекші оны рұқсат беруші бағдаршамның отын жабуын жүзеге асырады. Қос жолды учаскелерде станцияның бас жолдарында дұрыс бағытта орналасқан кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдары автоәрекетке ауыстырылады. Бұл жағдайда бағдаршамдар автоматты режимде жұмыс істейді. 30. Топтық шығу (маршруттық) бағдаршамдары болған кезде поездарды жөнелту, егер жөнелту жолдары қайталаушы жабдықтармен жабдықталмаса бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткіші және жасыл түсті цифрмен поезды жөнелтуге рұқсат етілетін жол нөмірін көрсететін маршруттық нұсқағыш бойынша жүргізіледі. Егер жөнелту жолында топтық бағдаршамның қайталаушы бағдаршамы болса, онда осы жолдан (топтық бағдаршамнан) поезды жөнелту қайталаушы бағдаршамның көрсеткіші бойынша жүргізіледі. Маршруттық нұсқағыштар мен топтық бағдаршамдардың қайталаушы бағдаршамдары ақаулы болған немесе поездың басы қайталаушы бағдаршамдардан ары орналасқан жағдайда ашық шығу топтық бағдаршам кезінде поезды жөнелтуге рұқсат локомотив машинисіне радиобайланыс арқылы осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелетін бұйрықпен беріледі. Ашық шығу (маршруттық) топтық бағдаршам бойынша жөнелту сондай-ақ локомотив машинисіне тапсырылатын жасыл түсті бланкте ДУ-54 нысанындағы бланктің 2-тармағын толтырумен рұқсат ету бойынша осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады. 31. Шығу бағдаршамдары жоқ жолдардан поездарды жөнелтуге негізінен жол берілмейді. Ерекше жағдайларда поездарды осындай жолдардан жөнелту осы Нұсқаулықтың 38, 39-тармақтарында белгіленген тәртіппен шығу бағдаршамының ақаулығы кезіндегідей жүргізіледі. Поездың басы шығу бағдаршамынан тыс орналасқан, соның ішінде поезд бағдаршамның өздігінен жабылуы салдарынан оның артына тоқтағаннан кейін, егер локомотив машинисі жабуды қабылдап поезды сигналдан өтіп кеткеннен кейін тоқтатса, станциялардан поездарды жөнелту де осындай тәртіппен жүргізіледі. 32. Егер поездың жетекші локомотиві рұқсат етуші көрсеткіші бар шығу (маршруттық) сигналдан кейін орналасса, онда машинистке осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркелетін радиобайланыс арқылы тіркелетін бұйрық беріледі. Бұл жағдайда поезды жөнелту сондай-ақ локомотив машинисіне тапсырылатын жасыл түсті бланкте ДУ-54 нысанындағы бланктің 2-тармағын толтырумен тіркелетін рұқсат ету бойынша да осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Жетекші локомотив кері жағынан қайталағыш бастиекпен жабдықталған шығу бағдаршамының артында орналасқан жағдайларда поезды жөнелту қайталау бастиектегіндегі рұқсат ету көрсеткіші бойынша жүргізіледі. 33. Шығу (маршруттық) бағдаршамын рұқсат ету көрсеткіші кезінде қайталаушы бағдаршамда жасыл от жанбаса, қайталаушы бағдаршам алдында жөнелтуге дайын тұрған жолаушылар поезы локомотивінің машинисіне станция бойынша кезекші (жеке немесе поездық радиобайланыс бойынша немесе жолаушылар қозғалысымен байланысты станциялық қызметкерлердің біреуі арқылы) қайталау бағдаршамын ақаулығы, поезды қозғалысқа келтіру мүмкіндігі, шығу (маршруттық) бағдаршамға дейін жүруі, ал сонан соң оның көрсеткіштерін басшылыққа алуы туралы хабарлайды. Қайталау бағдаршамы алдында тұрған жолаушылар поезын шығу (маршруттық) бағдаршамын тыйым салушы көрсеткіші кезінде жөнелткенде машинистке тапсырылатын немесе радиобайланыс бойынша берілетін станциядан жөнелтуге арналған рұқсат сонымен қатар жанбай тұрған қайталау бағдаршамынан өтуге де рұқсат болып табылады. Поезд станцияға тоқтамай өткен жағдайда станция бойынша кезекші поезд бірінші (станцияға ең жақын) учаскеге кірген кезде радиобайланыс бойынша қайталау бағдаршамын (маршруттық немесе шығу бағдаршамы алдындағы) ақаулығы туралы ескертеді. Мұндай хабарламаны алған соң машинист қозғалысты локомотивтік және шығу немесе маршруттық бағдаршамның көрсеткіші бойынша жалғастырады. 34. Бүкіл аралықта итергіш локомотиві бар поезды аралық бойынша жөнелту және қозғалысы автоматты бұғаттау сигналдары бойынша жүргізіледі. Итергіш локомотиві бар поезд соңғысы аралықтан кері қайтқанда жөнелту мен жол жүру автоматты бұғаттау сигналдары бойынша жүргізіледі, ал аралықтан жөнелту станциясына қайтару үшін итергіш локомотивтің машинисіне кілт-жезл беріледі. 35. Шаруашылық поезын жөнелту станциясына қайтарумен аралықта жұмыс істеу үшін (аралық жабылмайтын кезде) жөнелту автоматты бұғаттау сигналдары бойынша (ашық шығу бағдаршамы бойынша) жүргізіледі. Поезд кері қарай кілт-жезл бойынша жүреді, ол машинистке поезды аралықтан кері қайтару алдында тапсыруы үшін станциядан жөнелту алдында жұмыстардың басшысына (бас кондукторға) беріледі. Кілт-жезл сондай-ақ аралықтардағы қызмет көрсетілмейтін қосымша түйісу посттарынан вагондарды беру және шығару кезінде де қолданылады. 36. Поездардың дұрыс емес жолы бойынша локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштері бойынша қозғалысының мүмкіндігі үшін құрылғылармен жабдықталған қос жолды аралықтарда поезды кілт-жезлмен жөнелтуге тек дұрыс жол бойынша жол беріледі. Екі және одан көп арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам бірлігінен тұратын шаруашылық поездарын кілт-жезлмен жөнелтуге оларды аралықтарда ажыратпайтын жағдайда ғана жол беріледі. 37. Ерекше жағдайларда кілт-жезл ақаулы болған немесе жоқ кезде аралықтан қайтатын итергіш локомотиві бар шаруашылық поезы тек байланыстың телефондық құралдарына көшкеннен кейін ғана жөнелтіледі. Мұндай жағдайларда жетекші локомотивтің машинисіне және итергіш локомотивтің машинисіне осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес ДУ-50 нысанындағы бланк жол жазбалары беріледі. Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды аралыққа жөнелту автобұғаттау сигналдары бойынша жүргізіледі, бұл ретте арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам автобұғаттауы бар учаскелерде рельс тізбегін сенімді шунттауды қамтамасыз етеді. Бұл дрезинаның төлқұжатында көрсетіледі. Алынып-салынатын жылжымалы бірліктердің (дрезиналар, жөндеу мұнаралары, жол вагоншалары) доңғалақтар жұптарының оқшаулағышы болады.
