- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Автобұғаттаудың ақаулықтары кезіндегі темір жол көлігі қызметкерлерінің іс-қимылы
- •§ 4. Автобұғаттаудың жұмысын тоқтату
- •§ 5. Автобұғаттау бойынша қозғалысты қалпына келтіру
- •§ 6. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезіндегі поездардың қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Маневрлер жүргізу
- •§ 4. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулығы кезіндегі іс-қимылдары
- •§ 1. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 2. Поездардың жол постылары (бұғатпостылары) бар аралықтар бойынша жүруі
- •§ 3. Жартылай автоматты автобұғаттаудың ақаулығы кезіндегі поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және өткізу
- •§ 3. Аралықта түйісулер болған кездегі поездар қозғалысы
- •§ 4. Электр жезлдық жүйесінің ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы және жезлдық аппараттарда жезлдардың санын реттеу
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ду-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналын жүргізу
- •§ 3. Дара жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 4. Қос жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 2. Дара жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 3. Қос жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездың аралықтан жөнелту станциясына қайтуы
- •§ 3. Аралықта тоқтап тұрған поезға арттан келе жатқан поезд локомотивінің көмек көрсетуі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы талаптар
- •§ 2. Поездарды қабылдау
- •§ 3. Поездарды жөнелту
- •§ 4. Поездарды кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға қабылдау
- •10. Поездық диспетчердің жұмысы
- •11. Станциялардағы маневрлік жұмыс § 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Маневрлік жұмысты басқару
- •§ 3. Маневрлер жүргізу кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •§ 4. Вагондарды бекіту
- •§ 5. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
- •§ 6. Сұрыптау дөңестері мен тартымдық жолдардағы маневрлер
- •§ 7. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
- •§ 8. Бағыттау посттарының кезекшілері қызмет көрсетпейтін станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ескертулер бланкілерін толтыруға түсіндірмелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды құрастыру
- •§ 3. Жарылғыш материалдар бар поездардың жүруі
- •§ 4. Апаттық жағдайлардағы іс-қимылдар
- •Ду - 52 бланкі
- •Поезды жөнелтуге және жүруге рұқсат беру туралы бұйрық
- •Дара жолды телімдерде поездарды қабылдау және жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездың аралықтан кері қайтуы кезіндегі телефонограмма
- •Ду-55 бланкі
- •Поездардың әрі қарай қозғалысы туралы телефонограмма
- •Барлық поездардың қозғалысы үшін аралықты жабу туралы телефонограмма
- •Шаруашылық поезын жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездардың қозғалысын телефондық байланыс бойынша орнату туралы телефонограмма
§ 2. Поездың аралықтан жөнелту станциясына қайтуы
232. Егер аралықта аялдағаннан кейін поезд әрі қарай қозғала алмаса және поезды жөнелту станциясына қайтару қажет болса машинистің өзі, бас кондуктор немесе локомотив бригадасының қызметкері арқылы бұл туралы станция бойынша кезекшіге немесе поездық диспетчерге хабарлайды (жазбаша, телефон немесе радио байланыс бойынша). Мұндай хабарламаны алған соң, поездық диспетчер аралықты (аралықтың тиісті жолын) жабады және поезды жөнелту станциясына қайтару тәртібін белгілейді. 233. Аралықтан поездың қайтып келуі, негізінен, қосалқы локомотивпен жүргізілуі тиіс. Ерекше жағдайда тоқтап қалған поезд станцияның кіру сигналына дейін немесе "Станция шекарасы" деген сигнал белгісіне дейін кері шегіндірілуі мүмкін. Кері шегіндіру поездық диспетчердің бұйрығымен барлық поездар қозғалысы үшін аралықты (немесе жолды) жапқан соң және осы Нұсқаулықтың 54-қосымшасына сәйкес нысан бойынша станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығын тоқтаған поездың машинисіне берген соң жүргізіледі. Радио байланысы немесе телефон байланысы болмаған кезде барлық поездар қозғалысы үшін поездық диспетчердің аралықты жабу туралы бұйрығынан кейін поездарды кері шегіндіру диагоналы бойынша қызыл жолағы бар түсі ақ бланкіде рұқсат етуді тоқтаған поезд машинисіне бергеннен (қолмен) кейін жүргізіледі. 234. Автобұғаттаумен жабдықталған аралықтарда поезды кері шегіндіру немесе диагональ бойынша қызыл жолағы бар түсі ақ бланкіде рұқсат ету туралы бұйрық тоқтаған поезд және кіру сигналы немесе "Станция шекарасы" сигнал белгісі арасындағы жол учаскелері басқа поездардан бос болған кезде ғана тоқтаған поезд машинисіне берілуі мүмкін. Егер автобұғаттаумен жабдықталған аралықта жөнелтілген поезд бірінші бұғат учаскені босатпай тоқтаса, онда поездарды кіру сигналына дейін немесе "Станция шекарасы" сигнал белгісіне дейін кері шегіндіру станция бойынша кезекшінің осы Нұсқаулықтың 55-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсаты бойынша аралықты жаппай жүргізілуі мүмкін. 235. Аралыққа тоқтаған поезды кіру сигналына дейін (немесе "Станция шекарасы" сигнал белгісіне дейін) кері шегіндіру жылдамдығы 5 км/сағаттан артық болмауы тиіс. Аралық бойынша кері шегіндірілетін поездың алдыңғы жағында (өту алаңында немесе вагонның арнайы басқышында) локомотив бригадасының қызметкері, кондуктор немесе машинистің нұсқауы бойынша басқа қызметкер болуы тиіс. Аралықтан моторвагонды поездарды, арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды және дара локомотивтерді кері шегіндіру жылжымалы құрамды және сигналды көру шегінде аялдауды қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүргізіледі; моторвагонды поезд машинисі басқа басқару кабинасына ауысады (кері шегіндіру жылдамдығы бойынша бас кабина). Егер жөнелтілген поездың артқы жағы станция шекарасынан әлі шықпаса, онда мұндай поезды кері шегіндіру қажет болса станция бойынша кезекшінің ауызша нұсқауы бойынша 5 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен маневрлік тәртіппен жүргізіледі. Өту алаңында немесе вагонның арнайы басқышында вагондар қозғалысы бойынша бірінші шегіндірілетін поезда локомотив бригадасының қызметкері, кондуктор немесе станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша басқа қызметкер болады. 236. Аралықтан станцияға қайтарылатын поездарды қабылдау ашық кіру бағдаршамы бойынша немесе бағдаршамның тыйым салушы көрсеткіші кезінде осы Нұсқаулықтың 325-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі. Станцияға кері шегіндірілген поезды қабылдау үшін маршрут дайын кезде осы Нұсқаулықтың 233-тармағында көзделген аралық бойынша кері шегіндіруге рұқсат ету станцияға поездарды қабылдау туралы бұйрықпен біріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда кіру бағдаршамының болуына және қабылдау жағдайларына қарай рұқсаттың мәтіні осы Нұсқаулықтың 56-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сөздермен толықтырылады.
