Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 2. Ду-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналын жүргізу

      163. Телефон байланысы бойынша поездар қозғалысы кезінде әрбір станцияда ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналы жүргізіледі.       ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналынан әрбір сәтте тиісті аралық (немесе аралық жолы) бос немесе бос еместігі анық көрініп тұруы тиіс.       164. Дара жолды аралықтарды шектейтін станцияларда бір ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналы жүргізіледі. ДУ-47 нысанындағы журналдың сол жақ беттеріне бір аралыққа қатысты телефонограммалар жазылады, ал оң жақта - басқа аралыққа қатысты телефонограммалар жазылады.       Дара жолды аралықты шектейтін тұйық станцияларда поездық телефонограммалар бірізділікті тәртіпте беттерді бөлмей жазылады.       165. Қос жолды аралықтарда шектейтін станцияларда әрбір аралық үшін жеке ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалардың екі журналы жүргізіледі: әрбір журналдың сол жақ бетіне тақ күндері жүретін поездар үшін, ал оң жақта – жұп күндері жүретін поездар үшін телефонограммалар жазылады.       Қос жолды аралықта дұрыс емес жол бойынша поезды жөнелту кезінде тақ күндері жүретін поездар үшін, ал оң жақта – жұп күндері жүретін поездар үшін телефонограммалар жазылады.       Егер станцияға үш және одан артық бағыт түйіссе, онда осы бағыттардың әрбір түйісуші аралығы үшін ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалардың жеке журналы жүргізіледі.       166. Қос жолды аралықтың негізгі жолдарының бірімен жүретін поездар туралы барлық телефонограммалар барлық жағдайда аралықтың аталған бас жолына қатысты журналдың бір бетіне жазылады.       Барлық поездық телефонограммалар ДУ-47 нысанындағы журналда станция бойынша кезекші немесе оператор жазбаша толтырады.       Шығу телефонограммаларға станция бойынша кезекшінің өзі қол қояды.       Оператор кіру телефонограммаларын жазғаннан кейін оны дереу станция бойынша кезекшісінің оқуына және қол қоюына ұсынады.       167. ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналына жазуға кететін уақытты қысқарту үшін, поездық телефонограммалар мәтіні бар арнайы мөртабан қолданылуы мүмкін.       Шығу поездық телефонограммаларды жүргізуді нөмірлеу тәулік бойынша (бірінші нөмірден бастап), әрбір аралық бойынша жеке Астана уақытымен нөл сағаттан бастап жүргізіледі. Сигнал беру және байланыстың негізгі құралдары әрекетінің үзілістері салдарынан телефон байланысына ауысу кезінде шығу телефонограммаларын нөмірлеу телефон байланысы құралдарына ауысу сәтінде ең бірінші нөмірден бастап жүргізіледі. Бір тәулік ішінде сигнал беру және байланыстың негізгі құралдарының қайталанған үзілістері және телефон байланысына ауысу кезінде бірінші аралық уақытынан бастап шығу телефонограммаларын бірізділікті жүргізу сақталады.       Кіру телефонограммалары оларды беру станциясында берілген нөмір бойынша ДУ-47 нысанындағы журналға жазылады.       168. Поездық телефонограммаларда ешқандай түзетулерге, толықтыруларға немесе қолмен түзетулерге жол берілмейді. Дұрыс жазылмаған шығу поездық телефонограммалар кесе-көлденең белгісімен сызылады, сол белгінің астына «Жарамсыз» деген жазу жазылады. Бұл телефонограмма нөмірленбейді және көрші станцияға жіберілмейді.       169. Станция бойынша кезекші немесе оператор кезекшілікті қабылдау және тапсыру кезінде ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналына осы Нұсқаулықтың 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қол қояды.       170. Сигнал беру және байланыстың негізгі құралдарының әрекеті бұзылған жағдайда телефон байланысына ауысу кезінде және кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы журналға олардың жазбасын қалпына келтіру кезінде осы туралы поезд диспетчерінің бұйрығын алғаннан кейін осы Нұсқаулықтың 33-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.       Кезекшілікке кірген станция бойынша кезекшінің және оператордың аты-жөні көрші станцияға хабарланады, оларды кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы жазбадан төменірек ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналына жазады.       171. Егер телефон байланысына ауысу бір жағы онда станция бойынша кезекшісі жоқ бөлек пунктпен шектелген аралықта жүзеге асса, онда басқа станция бойынша кезекшісі бар станцияның поездық телефонограммалары журналында осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасында көзделген 2-нысаннан басқа поездық телефонограммалар үшін белгіленген нысан бойынша жүзеге асырылатын поездық диспетчер поездардың қозғалысы туралы келіссөздерді тіркейді, ол осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасында көзделген поездық диспетчер бұйрығының мәтінімен бұйрық мәтініндегі «Автобұғаттау» деген сөзді «Бұғаттау» деген сөзбен ауыстыру арқылы ауыстырылады.       172. Станция бойынша кезекші немесе оператор поездық телефонограммаларды жіберер алдында бір-біріне өзінің лауазымы мен  аты-жөнін хабарлайды.       Поездық телефонограммаларды қабылдау мен жіберуді ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналына кезекшілікке кірер алдында бұрын жазылған аты-жөндердің сәйкестігі кезінде ғана жүргізуге рұқсат етіледі.       173. ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограмманы жібергеннен кейін телефонограмманы қабылдаған қызметкердің мәтінді сөзбе-сөз қайталауы жолымен тексеру жүргізіледі. Егер мәтінді қайталап беру берілген телефонограммаға сәйкес келсе, онда телефонограмманы жіберген станция бойынша кезекші немесе оператор «Дұрыс» деген сөзбен растайды, содан кейін екі станцияның поездық телефонограммалар журналында телефонограмманы қабылдау және беру уақыты белгіленеді және станция бойынша кезекшінің немесе оператордың қолымен расталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]