- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Автобұғаттаудың ақаулықтары кезіндегі темір жол көлігі қызметкерлерінің іс-қимылы
- •§ 4. Автобұғаттаудың жұмысын тоқтату
- •§ 5. Автобұғаттау бойынша қозғалысты қалпына келтіру
- •§ 6. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезіндегі поездардың қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Маневрлер жүргізу
- •§ 4. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулығы кезіндегі іс-қимылдары
- •§ 1. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 2. Поездардың жол постылары (бұғатпостылары) бар аралықтар бойынша жүруі
- •§ 3. Жартылай автоматты автобұғаттаудың ақаулығы кезіндегі поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және өткізу
- •§ 3. Аралықта түйісулер болған кездегі поездар қозғалысы
- •§ 4. Электр жезлдық жүйесінің ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы және жезлдық аппараттарда жезлдардың санын реттеу
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ду-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналын жүргізу
- •§ 3. Дара жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 4. Қос жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 2. Дара жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 3. Қос жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездың аралықтан жөнелту станциясына қайтуы
- •§ 3. Аралықта тоқтап тұрған поезға арттан келе жатқан поезд локомотивінің көмек көрсетуі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы талаптар
- •§ 2. Поездарды қабылдау
- •§ 3. Поездарды жөнелту
- •§ 4. Поездарды кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға қабылдау
- •10. Поездық диспетчердің жұмысы
- •11. Станциялардағы маневрлік жұмыс § 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Маневрлік жұмысты басқару
- •§ 3. Маневрлер жүргізу кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •§ 4. Вагондарды бекіту
- •§ 5. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
- •§ 6. Сұрыптау дөңестері мен тартымдық жолдардағы маневрлер
- •§ 7. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
- •§ 8. Бағыттау посттарының кезекшілері қызмет көрсетпейтін станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ескертулер бланкілерін толтыруға түсіндірмелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды құрастыру
- •§ 3. Жарылғыш материалдар бар поездардың жүруі
- •§ 4. Апаттық жағдайлардағы іс-қимылдар
- •Ду - 52 бланкі
- •Поезды жөнелтуге және жүруге рұқсат беру туралы бұйрық
- •Дара жолды телімдерде поездарды қабылдау және жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездың аралықтан кері қайтуы кезіндегі телефонограмма
- •Ду-55 бланкі
- •Поездардың әрі қарай қозғалысы туралы телефонограмма
- •Барлық поездардың қозғалысы үшін аралықты жабу туралы телефонограмма
- •Шаруашылық поезын жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездардың қозғалысын телефондық байланыс бойынша орнату туралы телефонограмма
§ 3. Аралықта түйісулер болған кездегі поездар қозғалысы
139. Аралықта қосалқы пост қызмет көрсетпейтін түйісулер болған кезде түйісу бағыттамасының жағдайын бақылау жезлмен немесе кілт-жезлмен тұйық жалғанатын түйісу бағыттамасының бақылау құлпы кілтінің көмегімен жүзеге асырылады. 140. Локомотивті жөнелту станциясына қайтарумен немесе одан әрі көрші станцияға дейін жүрумен вагондарды қосалқы пост қызмет көрсетпейтін түйісуге беру (алу) қажеттігі кезінде машинистке түйісу бағыттамасының бақылау құлпының кілтімен бірге жезл беріледі. Көрші станция бойынша кезекші вагондарды түйісуге беру (алу) үшін локомотивтің жөнелтілгені туралы және станцияға оралуы туралы да хабардар етіледі. 141. Аралықта қосалқы пост қызмет көрсететін түйісулер болған кезде бұл пост аралықтың бір станциясымен қосымша жезлдық байланыспен қосылады. Қосымша байланыстың аппараттары мен жезлдарының аралық аппараттарымен бірдей сериясы мен жазбалары болады. Аралық станцияларын байланыстырушы аппараттар жұбында онда поездар болмаған кезде жезлдардың жұп саны, ал станцияны постымен жалғастырушы аппараттарда – тақ саны болады. Қосалқы пост станциялар арасында тікелей жүруші поездар қозғалысына қатыспайды. Түйісу бағыттамалары: 1) посты бойынша кезекшіде алынған жезлдың болмауы кезінде бағыттамалардың ауыстырылуы; 2) жезлды бас жол бойынша орнатқанға дейін постыда орналастырылған аппаратқа салу мүмкіндігін болдырмайтын тиісті тәуелділікпен жабдықталады. 142. Поезды қосалқы пост қызмет көрсететін түйісуге жөнелту кезінде станция бойынша кезекші постымен оған поездың жөнелтілуін келісіп, көрші станциядан, осы станция бойынша кезекшінің келісімімен жезлды алуға сауал беруі тиіс, ол түйісуге жөнелтілетін поездың машинисіне беріледі. Поездың жөнелтілуі туралы телефон арқылы посты және көрші станция бойынша кезекшілерге хабарланады. 143. Поезд қосалқы жолға келген соң және оны түйісуге әкеткен соң бағыттама орнатылады, посты бойынша кезекші аппаратқа түйісуге келген поездың жезлын салады және екі станция бойынша да кезекшілерге поездың келу уақытын және бас жолдың босағаны туралы хабарлайды. Бұдан соң онымен посты жезлдық байланысымен жалғасқан станция бойынша кезекшіге жезлды қосымша аппараттан негізгісіне ауыстырып салу үшін алуға рұқсат береді. 144. Поезды постыдан станцияның біріне жөнелту посты жезлдық байланыс бойынша қосылған станция бойынша кезекшінің рұқсатымен алынған жезл бойынша жүргізіледі. Осы станция бойынша кезекші көрші станция бойынша кезекшімен жөнелту мүмкіндігі туралы алдын ала келіседі, жезлды алады және оны негізгі аппараттан қосалқыға ауыстырып қояды. 145. Олар үшін өткізу қабілетін ұлғайту үшін жол постылары ашылатын аралықтар бойынша жезлдық жүйе кезіндегі поездар қозғалысы Ұлттық темір жол компаниясы «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.
§ 4. Электр жезлдық жүйесінің ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы және жезлдық аппараттарда жезлдардың санын реттеу
146. Электр жезлдық жүйе: 1) жезлды аппаратқа салу мүмкін емес немесе аралықтың бос болуы кезінде жезлды алу мүмкін емес; 2) аралыққа тиесілі жезлдың жоғалуы салдарынан болмауы; 3) жезл аппаратында немесе индукторда пломбының болмауы; 4) индуктор тұтқасын кері жаққа айналдыру мүмкін емес (зәкірмен бірге); 5) жезл аппаратының амперметр бағыттамасы ауытқыған немесе көрші станция ток жібермеген кезде қоңырау соғылған жағдайда ақаулы деп саналады. 147. Аталған барлық жағдайларда, сондай-ақ жезл аппаратын жөндеу, тасымалдау және айырбастау кезінде электр жезл жүйесін пайдалану тоқтатылады және поездар қозғалысы телефон байланысы бойынша ұйымдастырылады. Поездардың қозғалысы кезінде байланыстың басқа түріне ауысу, сондай-ақ байланыстың негізгі түрін қалпына келтіру станция бойынша кезекшінің аралықтың бос болуы мен аппаратта жезлдың болуын алдын ала тексергеннен кейін поездық диспетчердің бұйрығымен жүзеге асырылады. Жезлды телефон байланысының ақаулығы, алайда жезл аппаратының ақаусыз әрекеті кезінде поездар қозғалысы электр жезл жүйесі бойынша жүргізіледі, ал келіссөздер поездық диспетчерлік байланыс бойынша жүргізіледі. Жезл аппаратын СОБ электрмеханигінің қарап тексеруі кезінде электр жезл жүйесінің әрекетін тоқтату талап етілмейді. 148. Поездық диспетчерлік байланысының ақаулығы кезінде станция бойынша кезекші жезл жүйесін анықтағанда, бұл туралы ДУ-46 нысанындағы тексеру журналына жазады және көрші станция бойынша кезекшіге осы Нұсқаулықтың 28-қосымшасына сәйкес нысан бойынша поездық телефонограмма жібереді. Көрші станция бойынша кезекші хабарламалар және өзінің деректері бойынша жезлдар санын тексереді, егер екі аппаратта да жиынтығы жұп болса осы Нұсқаулықтың 29-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жауап береді. 149. Электр жезл байланысын түзеткеннен, электрмеханик бұл туралы ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазғаннан кейін, алайда диспетчерлік поездық байланыстың ақаулығы кезінде станция бойынша кезекші көрші станция бойынша кезекшіге осы Нұсқаулықтың 30-қосымшасына сәйкес нысан бойынша поездық телефонограмма жібереді. Көрші станция бойынша кезекші аралықтың бос болуына көз жеткізіп, осы Нұсқаулықтың 31-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жауап береді. 150. Жезл жоғалған кезде, соның ішінде келген немесе жүріп келе жатқан поездан жезл алынбаған жағдайда станция бойынша кезекші ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазба жасайды және поездық диспетчерге баяндайды. Аралықтың бос екенін және оны шектейтін станциялар аппараттарында жезлдың нақты болуын тексеріп, соңғысы телефон байланысына көшу туралы бұйрық береді. Электр жезл жүйесінің әрекетін қалпына келтіру үшін станция бойынша кезекші СОБ электрмеханигінен аппараттан тағы бір жезлды алуды талап етеді. Аппараттан алынған жезл электрмеханикте сақталады. Электрмеханик және станция бойынша кезекші жезлды алу туралы ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазады және поездық диспетчерге хабарлайды, содан кейін электр жезл жүйесі қалпына келтіріледі. 151. Егер жоғалған жезл табылатын болса, станция бойынша кезекші электрмеханикке хабарлайды, ал жезлды электрмеханик оны жезл аппаратында бұрын алынған жезлмен бірге салмайынша өзінде сақтайды, бұл туралы ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазады. Егер станциялардың біріндегі аппараттағы жезлдар саны аралықтың екі аппаратындағы да жалпы санының төрттен бірінен аз болса, станция бойынша кезекші электрмеханикті жезлдар санын реттеудің қажеттілігі туралы хабардар етеді. 152. Электрмеханик аралықты шектейтін көрші станция бойынша кезекшіге келеді, оның қатысуымен жезл аппаратын ашады және жезлдардың жұп санын алады, бұл туралы станция бойынша кезекшімен бірге алынған жезлдардың санын көрсетіп, ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазады. Электрмеханик алынған жезлдарды жезлдар санын реттеу қажеттілігі туралы хабарлаған станция бойынша кезекшіге жеткізеді. Станция бойынша кезекшінің болуымен жезлдар жезл аппаратына салынады, электрмеханик бұл туралы жезлдардың санын көрсетумен ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазады. Жезлдарды реттеу туралы СОБ электрмеханигінің жазбасы станция бойынша кезекшінің қолымен расталады. 153. Жол бұғаттауымен жабдықталған жекелеген дара жолды аралықтарда оны пайдалануды тоқтату мерзімінде электр жезл бойынша поездар қозғалысын орнатуға рұқсат етіледі. Мұндай аралықтар Ұлттық темір жол компаниясының нұсқауы бойынша электр жезл байланысымен резервтік ретінде жабдықталады. Негізгі байланыс құралдарынан резервтікке ауысу және керісінше белгіленген тәртіппен - поездық диспетчердің бұйрығымен жүргізіледі.
5. Байланыстың телефон құралдары кезіндегі поездар қозғалысы
