Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораторные работы Beibit.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
4.27 Mб
Скачать

3. Дешифраторды демультиплексор ретінде пайдалану.

Дешифратор демультиплексор ретінде де қолданылады – кіріс сигналын шығыс сигналының біріне жалғайтын логикалық коммутатор. Бұл жағдайда ақпараттық кірістің функциясын рұқсат беру кірістері орындайды, ал С, В және А кірістерінің күйі рұқсат беру кірісінен сигнал берілетін шығысының нөмірін береді.

Тәжірибені жүргізу тәртібі

Тәжірибе 1. 3x8 дешифраторының негізгі режимдегі жұмыс жасау принципін зерттеу.

13.3. суретіндегі схемасын жинаңыз. Схеманы қосыңыз. G кірісіне логикалық бірлік деңгейін беріңіз. Ол үшін G пернесі арқылы G кілтін жоғарғы күйге көтеріп қойыңыз. Y0...Y7 шығыстарындағы сигналдардың G = 1 болғандағы деңгейін анықтап және ақиқат кестесіне жазып алыңдар ("Тәжірибе нәтижесі" бөліміндегі 13.1кестесі).

G кірісіне логикалық нөл деңейін беріңіз (G кілтін төменгі күйге түсіріңіз). Дешифратор жұмыс режиміне көшкеніне және шығысының бірінде логикалық нөл деңгейі орнағанына көз жеткізіңіз. А, В, С кірістеріне аттас кілттердің көмегімен логикалық сигнал деңгейінің барлық мүмкін комбинацияларын бере отырып және схеманың шығысындағы логикалық сигналдардың деңгейін логикалық сынамалардың көмегімен анықтап G=0 болғандағы дешифратордың ақиқат кестесін толтырыңыз ("Тәжірибе нәтижесі" бөліміндегі 13.1.кестесі).

Тәжірибе 2. 3x8 дешифраторының 2x4 режимінде жұмыс жасау принципін зерттеу.

а). 13.3 суретіндегі схемадағы С кірісін ортақ сымға (жерге) жалғаңыз, задав С=0 деп беріп (13.4.сурет). В және А кірістеріндегі сигналдардың деңгейін өзгерте отырып және сынамалардың көмегімен схеманың шығысындағы сигналдардың деңгейін бақылай отырып дешифратордың ақиқат кестесін толтырыңыз ("Тәжірибе нәтижесі" бөліміндегі 13.2.кесте). Сигналдың деңгейі өзгеретін шығысын көрсетіңіз.

б). С=1 болғандағы а) пунктін қайта жасаңдар, С кірісін логикалық бірлік көзіне қосыңыз. Дешифратордың ақиқат кестесін толтырыңыз ("Тәжірибе нәтижесі" бөліміндегі 13.3.кесте).

в). В (В=0) кірісін жерге жалғап а) пунктін қайта жасаңыз, ал А және С кірістеріне логикалық деңгейдің барлық мүмкін комбинацияларын бере отырып ақиқат кестесін толтырыңыз ("Тәжірибе нәтижесі" бөліміндегі 13.4.кесте), сол жерде логикалық сигналының деңгейі өзгермейтін шығысының нөмірін көрсетіңіз.

Тәжірибе 3. Демультиплексор ретінде дешифратордың жұмысын зертеу.

13.5.суретіндегі схеманы жинаңыз. Схеманы қосыңыз. Қадамдық режимде жұмыс жасап тұрған сөздік генераторы арқылы демультиплексордың С, В, А кірістеріне сөздер беріңдер, 0 ден 7-ге дейінгі эквивалентті сандар. Шығыстарындағы сигналдардың деңгейін логикалық сынамалар арқылы бақылап функциялау кестесін толтырыңыз ("Тәжірибе нәтижесі" бөліміндегі 13.5. кестесі). G кірісінде өзгеріп отырған сигналдың дешифратордың шығысында кезекпен көрініп отыратына көз жеткізіңіз.

Тәжірибе 4. Шығысында логикалық схемасы бар 3x8 дешифраторды зерттеу.

13.6.суретіндегі схеманы жинаңыз. Схеманы қосыңыз. Сөздік генераторын қадамдық жұмыс режиміне қойыңыз. Схеманың кірісіне сөздік генераторынан тізбектей сөз бере отырып және схеманың шығысындағы логикалық сигналдың деңгейін логикалық сынамалар арқылы бақылай отырып схеманың шығысында болатын F функциясының ақиқат кестесін құрыңыз("Тәжірибе нәтижесі" бөліміндегі 13.6.кестесі). Кестеге анатитикалық өрнекті жазып шығыңыз және алынған өрнекті ("Тәжірибе нәтижесі" бөліміне енгізіңіз.

Тәжірибе 5. 74138 микросхемасын зерттеу.

а). 13.7.суретінде бейнеленген схеманы жинаңыз. Сөздік генераторын қадамдық режимге қойыңыз. Схеманы қосыңыз. Сәйкес кілттердің көмегімен басқарушы кірістерінің күйін орнатыңыз Gl=0, G2A=G2B=1.

А, В, С кірістеріне сөздік генераторынан сөз бере отырып және логикалық сынамалар көмегімен шығысындағы күйлерін бақылап 74138 дешифраторының функциялау кестесін толтырыңыз ("Тәжірибе нәтижесі" бөліміндегі 13.7.кетесі).

б). G1=G2A=1, G2B=0 а) пунктіндегі операцияларды. 74138 дешифраторының функциялау кестесін толтырыңыз ("Тәжірибе нәтижесі" бөліміндегі 13.8.кестесі).

в). Gl=l, G2A=G2B=0 болғандығы а) пунктін операциясын қайталаңыз. 74138 дешифраторының функциялау кестесін толтырыңыз ("Тәжірибе нәтижесі" бөліміндегі 13.9.кестесі).

Тәжірибе 6. Логикалық анализатор көмегімен 74138 микросхемасын зерттеу.

13.8.суретінде бейнеленген схеманы жинаңыз. Сөздік генераторын қадамдық режимге қойыңыз. Схеманы қосыңыз. Сәйкес кілттердің көмегімен басқарушы кірістерінің күйін орнатыңыз Gl=l, G2A=G2B=0. Сөздік генераторынан сөз бере отырып логикалық анализатордың экранында дешифратор жұмысының уақытша диаграммасын аласыз және "Тәжірибе нәтижесі" бөліміне суретін салыңыз. Диаграмманы 13.9.кестесімен салыстырыңыз.

Тәжірибе нәтижесі

Тәжірибе 1. 3x8 дешифраторының негізгі режимдегі жұмыс жасау принципін зерттеу.

13.1. кесте

Г) Ақиқат кестесін толтыруға ыңғайлы болу үшін қорытындыларды £ сигналдың төменгі деңгейімен белгілеуге болады.

Тәжірибе 2. 3x8 дешифраторының 2x4 режимінде жұмыс жасау принципін зерттеу.

а) 13.2.кестесі

Өлшеу

Сигнал деңгейі өзгермейтін шықпалары

б) 13.2.кестесі

Өлшеу

Сигнал деңгейі өзгермейтін шықпалары

в) 13.4.кестесі

Өлшеу

Сигнал деңгейі өзгермейтін шықпалары

Тәжірибе 3. Дешифратордың жұмысын демультиплексор ретінде қарастырып.

13.5.кестесі

Сигналы өзгеретін шықпаларды кестеге G әрпімен белгілеңіз.

Тәжірибе 4. Шығысында логикалық схемасы бар 3x8 дешифраторды зерттеу.

13.6.кестесі

Функция үшін аналитикалық өрнек:

Тәжірибе 5. 74138 микросхемасын зерттеу.

а) 13.7.кестесі

б) 13.8.кестесі

в) 13.9.кестесі

Тәжірибе 6. 74138 микросхемасын логикалық анализатордың көмегімен зерттеу.