- •Тіл төңірегіндегі толғамдар
- •Замана талабы
- •Мәселе қайда жатыр...
- •Елбасы айтады
- •«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігін
- •Өткен ғасыр сабағы – бүгінге сын Мемлекеттік тілдер («Дала уалаяты», №13, 1891 жыл)
- •(Қазақ тілін мәһкәмаларда жүргізу туралы) Қазақстанның губірналық һәм ояздық сәуәт комитеттерінің төрағаларына
- •Жүз жыл бұрын жазылған құзырхат
- •1905 Жылғы 26 маусым,
- •Ұлылардан – ұлағат
- •Қазақ тілі жоғалмас
- •Міржақып Дулатұлы:
- •Мектеп қай тілде болуы керек?
- •Мұсадан хат келді
- •Олай емес «казахский язык!»
- •Перевод
- •Тіл үшін күрескен қайраткерлер
- •С.Оспанов, Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайының директоры. Сәкен сынды ұл қайда?
- •Қазақ Мырзажан атаған жанашыр
- •Қазақша хатқа орысша жауап бергені үшін жауапкершілікке тарту керек
- •Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің басшыларына хат
- •Үкімет тілге шындап бет бұра ма?
- •Пікір. Ұсыныс. Тілек. Ортақ тіл ортақ рухты қалыптастырады
- •2002 Жылғы 1 қазан. Тіл саясаты – ішкі саясатымыздың негізгі өзегі
- •2002 Жылғы қыркүйек пен 2003 жылғы маусым айларындағы өсу үрдісі
- •Інжу-маржан тіл туралы мақал-мәтелдер
- •Ұлы ойшылдар – тіл туралы
- •Р.Эмерсон.
- •С.Малов.
- •Қазақ тілінің қалыптасу тарихы
- •Құжаттар сөйлейді
- •Деректер мен дәйектер
- •Тіл туралы:дұрыс сөздер мен бұрыс сөздер
- •Қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек.
- •Ахмет Байтұрсынұлы.
- •Мұхтар Әуезов.
- •Ғабит Мүсірепов.
- •Халел Досмұхамедов.
- •Ілияс Омаров.
- •Темірбек Жүргенов.
- •Бауыржан Момышұлы.
- •Ескертпе сөз
- •Гейдар Әлиев.
- •... Оларды таптап кетеді
- •Тәуелсіздіктің екі түрі немесе Рух пен Қарын егемендігі
- •Иманғали Тасмағамбетов,
- •Хасен Оралтай,
- •Нәмет Келімбетов,
- •Мұхтар Мағауин,
- •Амангелді Айталы,
- •Бекет Тұрғараев,
- •Владимир Козлов,
- •Ойлы оқиға
- •Тіл: іс-тәжірибе, ұсыныс, пікірлер
- •Елбасының Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті
- •Өткеннен үлгі
- •Бос сөзге орын қалмайды
- •Адымен мемлекеттік тілді дамытайық...
- •Таза қазақ мектептері көбейді
- •Менімен қазақша сөйлес...
- •Қазақ кодексі
- •Тілдің аяғына тұсау болған себептер
- •Бағдарлама ұсынамын
- •Сот үкімін орындауға «Комсомольская правда-Казахстан» мен «Известия-Казахстан» басылымдары да
- •Ахмет Байтұрсынұлы.
- •Оралхан Бөкей,
- •Алтын сөз:
- •Тіл тұтастығы туралы
- •Сұлтан Оразалинов,
- •Мемлекеттік тілдің мәселесін партизандық тәсілмен шешуге болмайды
- •Темірхан Медетбек,
- •Ұрымтал сөз:
- •Өзгені ғайбаттауды доғарып, істі ширатайық
- •Сенат селт етті...
- •Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты...
- •Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі...
- •Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі...
- •Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
- •Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
- •Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бағдарлама ұсынамын
Қазақ тіліне көшкен мекемелердің жұмыстарымен таныса, тындырған жұмыстарын зердеден өткізе келе, қазақ тілін толыққанды, мемлекеттік дәрежеге көтеру үшін біраз жұмыстар жасалынуы қажет. Олар:
тілді тазарту жұмыстарын жүргізу;
адамдар санасын бағыттау жұмыстары;
қазақ тіліне көшуге орыстілді мекемелерді даярлау;
қазақ тіліне көшуге қазақтілді мекемелерді даярлау болып табылады.
Қазақшаға көшу үшін жалпы мемлекеттік дәрежеде дайындық шаралары жүргізілмегендіктен қазақ тіліне көшкісі келетін жеке мекемелер түрлі кедергілерге кездеседі. Содан барып жоғары орындар алдында ақталу үшін «пәлен мекеме іс қағаздарын қазақша жүргізеді» деген жалған ақпарлар жол алады. Қоғамымыз үшін ең маңызды мәселелердің бірі ретінде нақты шешімі әлі табыла қоймаған бұл аса күрделі мәселені шешу және іске асыру мақсатында мен мынадай бағдарлама, яғни «Қазақ тілін толық меңгеру және пайдалану аясын кеңіту бағдарламасын» ұсынамын.
Бағдарлама кәсіпорындар мен өндірісте, шаруашылық пен экономикада, мемлекеттік басқару мен ісжүргізу барысында қазақ тілін толық меңгеру және пайдалану аясын кеңейту жолындағы жүзеге асырылуға тиісті басты шараларды қамтиды.
Осы мақсатта автор Республика Президентіне тікелей бағынатын «Тіл комитеті» және оның құрамында бірнеше комиссиялар құрылуға тиіс деп санайды.
Тіл комитеті:
Тіл комитеті Қазақстан республикасының қазақ тілін толық меңгеру жолындағы және қазақ тілін пайдалану аясын кеңейту бағытындағы тындырылатын жұмыстарын ұйымдастырады.
Тіл комитетінде тілімізде пайдаланылып жүрген шетел сөздері мен техникалық және басқа терминдердің қазақша аудармалары және қазақшаға аударылмай пайдаланылғаны дұрыс деп табылған шетел сөздері мен техникалық және басқа терминдердің тізімі бекітіледі.
Сөздік қор жасақтау комиссиясы:
Сөздік қор жасақтау комиссиясының саны жұмыстарының бағыты және мөлшеріне байланысты бірнеше болуы да мүмкін. Өндіріс және басқа да мамандық иелерінен жасақталатын бұл комиссия мамандықтары бойынша іріктелген топтарды біріктіріп:
зерттеліп, сөздік дайындалып жатқан сала бойынша сол салада жиі пайдаланылатын қазақ сөздік қорын;
өндіріс пен шаруашылық салалары бойынша пайдаланылып жүрген шетелдік сөздік қорын;
өндіріс пен шаруашылық салалары бойынша пайдаланылып жүрген қазақша аудармалар қорын дайындайды.
Комиссия дайындаған сөздік қорларды, аудармаларды қазақ тілін жетілдіру, пайдалану аясын кеңейту комиссиясына тапсырып отырады.
Қазақ тілін жетілдіру, пайдалану аясын кеңейту комиссиясы:
Тіл мамандарынан жасақталған бұл комиссия өздеріне түскен сөздіктерді салыстыру, зерделеу арқылы:
зерттеліп, сөздік дайындалып жатқан сала бойынша сол салада жиі пайдаланылатын қазақ сөздік қорын;
дайын аудармалардың;
аударылуға жататын шетелдік сөздердің;
аударылмай пайдаланылатын шетелдік сөздердің сөздік қорларын анықтайды.
Білім министрлігі:
Қазақ тілін жетілдіру, пайдалану аясын кеңейту комиссиясы қабылдаған құжаттар негізінде:
Барлық мектептерде «Қазақша ісқағаздарын жүргізу» атты сабақ кіргізеді. Бұл сабақтарда балалар ісқағаздарын жүргізу мәселесімен қоса «қазақ тілінде аударусыз пайдаланылатын шетел сөздері» таныстырылады.
Кейбір жоғары және орта оқу орындарында «Қазақша ісқағаздарын жүргізу» мамандығы ашылады.
«Қазақша ісқағаздарын жүргізу» атты мектепаралық, ауданаралық жарыстар ұйымдастырылады. Оны облыс және одан да басқа дәрежелерде өткізеді.
Министрліктер мен өндірістік бірлестіктер:
Қазақ тілін жетілдіру, пайдалану аясын кеңейту комиссиясының дайындаған ресми құжаттары негізінде өндіріс және шаруашылық мекемелері «қазақша ісқағаздарын жүргізу» атты қысқаша курстар ұйымдастырады. Министрлікке қарасты оқу орындарында білім министрлігіне жүктелген міндеттер жүктеледі.
Қазақ тілін жетілдіру, пайдалану аясын кеңейту комиссиясының дайындаған ресми құжаттары негізінде «Ісқағаздарын жүргізу» атты мекемеаралық, ауданаралық жарыстар ұйымдастырылады. Оны облыс және одан да басқа дәрежелерде өткізеді.
Тіл комитеті:
Тіл мәселесіне байланысты соңғы шешімдерді академиялық ғылыми-зерттеу институттары жұмыстарының қорытындыларын пайдалана отырып, жоғары, орта оқу орындарының және орта мектептің жетекші мамандарының пікірлерін есепке ала отырып, керек жағдайда арнайы комиссиялар талқысынан өткізе отырып қабылдайды.
(«Ана тілі», 19.01.06).
____________________
Нәтиже