Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика бойынша жаттар Айдана.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
90.11 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Химия және химиялық технология факультетінің

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының

2 курс БЗХТ-201р тобының

2 курс студенті Мерекенова Мадинаға

Мінездеме

Мерекенова Мадина жылы жүзді және сыпайы қыз. Оның ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Мадинаның мінезі біртоға, сабырлы және жолдастарына адал. Берілген тапсырманы уақытылы және тиянақты орындай білді. Жұмысына ынталы студент. Жаңа материалдарды, күрделі тақырыптарды тез меңгереді. Дәрісті мұқият тыңдап, алған білімін тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында қолдана білді. Техникалық қондырғыларда жұмыс істеуді тез меңгерді. Мадина студенттермен ғана емес оқытушылармен де жақсы қарым-қатынаста болды.

Мен Мадинаның болашақта білімді, үлгілі және адал қызмет ететін азаматша болатынына сенемін. Өзінің алған терең білімімен болашақта білікті маман иесі болатынын дәлелдеді.

Мадина болашақта зауытта технолог ретінде жұмысқа орналасатынына сенімді. Алдымен алған білімін шетелде жетілдіріп, толықтырып оқуын жалғастыруды жоспарлайды. Еліміздің ғылымын дамытуға үлес қосқан елеулі тұлғалардың бірі болғысы келеді.

Магистрант 2 курс:

Ерденбекова А.Н.

Психология кафедрасының

оқытушысы:

п.ғ.д.,проф. Ташимова Ф.С.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Химия және химиялық технология факультеті

«Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы» кафедрасының

2 курс магистранты Ерденбекова Айдана Несипбековнаның

«Физическая химия. Часть 1»

пәнінен дәріс сабағын өткізу бойынша педагогикалық практиканың

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Топ: БЗХТ - 201, 2 курс, орыс бөлімі

Түрі: дәріс

Тақырыбы: «Основные определения и понятия предмета химической кинетики»

Уақыты: 50 минут

Сабақтың жүргізілуі

Кезеңі

Уақыты

Қысқаша мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Аудиторияның назарын сабаққа аудару, студенттерді түгелдеу

2

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын түсіндіру

30 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру

4

Тақырыпқа арналған сұрақтар қою

8 мин

Студенттерге сұрақтар қою

5

Қорытынды бөлім

10 мин

Студенттердің сұрақтарына жауап беру

Магистрант 2 курс:

Ерденбекова А.Н.

Кафедраның пән мұғалімі:

х.ғ.к., доцент:

Сыздыкова Л.И.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Химия және химиялық технология факультетінің

«Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы» кафедрасының

2 курс магистранты Ерденбекова Айдана Несипбековнаға

Психологиялық-педагогикалық мінездеме

  1. Жалпы мәліметтер. Ерденбекова Айдана Несипбековна 1992 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Отбасында 2 ұл, 1 қыз бар.

  2. Оқу іс-әрекеті, еңбек етуі және т.б. қабілеттері. 2009 жылы Сарыкемер ауылындағы Н.К.Киікбаев атындағы орта мектепті бітіріп, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің “050606 - Химия” мамандығына грантқа оқуға түсті. Университетті үздік дипломмен бітірді. Алған білімін жетілдіріп, толықтыру үшін ары қарай магистратурада оқуын жалғастырып жатыр.

  3. Қоғамдық іс-әрекеті, бос уақыты, басқа да әлеуметтік қабілеттері. Айдана факультетте өткізілетін мәдени, спорттық іс-шараларға, ғылымға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Мемлекетіміздегі және шет елдегі болып жатқан саяси мәліметтер мен мағлұматтардан әрқашан хабардар болып жүреді. Сонымен қатар химия мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі жоғары деп есептейді. Бос уақытында кітап оқығанды және теннис ойнағанды ұнатады.

4. Тұлғаның бағыты. Алған терең білімінің арқасында болашақта білікті маман иесі болып, еліміздің мәртебесін көтеретін үлгілі азаматша болатындығына сенімді. Химия ғылымының дамуына үлес қосқысы келеді.

5. Ұжымдағы қарым-қатынас. Айдана - қарапайым, өзінен жасы үлкен және кішілерді сыйлай біледі. Ол барлығына кез-келген уақытта барынша көмектесуге дайын. Оқытушылармен де студенттермен де жақсы қарым-қатынаста болды.

6. Мінез-құлқының ерекшеліктері. Әдепті, сыпайы, сабырлы.

    1. Жалпы қорытынды. Ерденбекова Айдана Несипбековна өзінің жан-жақтылығымен, өзіне сенімділігімен ерекшеленді. Ол сабақ барысында тек бағдарламалық материалдармен шектеліп қоймай, тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра білді.