Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

28. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 28 қаңтарда орнатылды. Сеулдегі Қазақстан елшілігі 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. 2012 ж. наурызда ҚР елшісі Д.Бақышев Корея Республикасы Президенті Ли Мён Бакқа сенім грамотасын тапсырды.

Алматыдағы Оңтүстік Корея Елшілігі 1993 ж ашылды (2008 ж тамыз айында Астана қаласына көшірілді, ал Алматы қаласында Елшіліктің өкілдігі қызмет атқарады). 2012 ж сәуір айында елші Пэк Чухён Елбасына сенім грамоталарын тапсырды.

2009 ж. 12-14 мамырда Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактың Астанада мемлекеттік іс-сапары өтті. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының қатынастар қорытындысын стратегиялық серіктестік нәтижесінде қамту жөнінде бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Бірнеше документтерге, соның ішінде Қазақстан және Оңтүстік Корея арасында ынтымақтастықты дамыту әрекеттері жөніндегі жоспарға қол қойылды.

Оңтүстік Корея президенті бизнес-форумға қатысты, оның нәтижесінде энергетика, көлік, құрылыс және телекоммуникациялық технологиялар салаларындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.

2010 ж. 21-23 сәуірде ҚР президенті Н.Назарбаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Сапар шеңберінде Корея Республикасындағы Қазақстан жылын және бизнес-форум өткізу ұйымдастырылды.

2011 ж. 24-25 тамызда Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактың Астанада ресми іс-сапары өтті.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ү.ж. 26-27 наурызда өткен екінші Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысуы үшін Оңтүстік Кореяға сапары барысында Елбасының Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бакпен екіжақты кездесу өтті. Тараптар казіргі әлемдегі және өңірдегі ахуалы, Казақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастарының болашағы және халықаралық сахнадағы екі мемлекеттің өзара әрекеттесу туралы мәселелер талқыланды.

2011 ж. екіжақты тауар айналымы 901,2 млн. долл. құрады, соның ішінде экспорт 279,2 млн., импорт 622 млн.

Экспорттың негізгі тауарлары: уран, ферроқұйындылар, таза болат пен темір, алтын, мыс прокаттары; импорт: электр өнімдері, көлікқұрылысы өнімдері мен жабдықтары. Қатынастарды нығайтуда сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия ықпал етеді.

Энергетика саласында ынтымақтастық дамып келеді. 2002 ж. энергетика және минералды ресурстар саласында ынтымақтастық жөнінде қазақстан-корей комитеті құрылды. Комитеттің жетінші отырысы 2011 ж. 20 шілдеде Сеул қаласында өтті.

29. Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 29 қаңтарда орнатылды. Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы (ИИР) Елшілігі 1993 жылдан бері жұмыс істейді. 2011 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанның ИИР- дағы Елшісі қызметін Б.Әміреев атқарады.Иранның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі 1992 жылы ашылды. 2010 жылғы сәуірден бастап ҚР-дағы Иран Елшісі Горбан Сейфи. Қазақстан және Иран Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам конференциясы ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар, сондай-ақ Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындайтын арнайы жұмыс тобының аясында өзара іс-қимыл жасайды. Сонымен қатар, Президент Н.Назарбаевтың 1999 жылы 6 қазанда Тегеранға жасаған ресми сапарында “Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы Декларация” қабылданды. Қазақстан және Иран сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссиясының отырыстары тұрақты түрде өткізіледі. Мәселен, осы жылдың бірінші жартыжылдығында елдер арасындағы тауар айналымы 509,7 миллион долларды құраған, бұл былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда 1,9 есеге артық. Алдағы уақытта мұндай көрсеткішті екі есеге, жақын келешекте бес есеге арттыру көзделеді.Осы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Иран басшысының елімізге Орталық Азия елдері ішінде алғашқы болып мемлекеттік сапармен келуі, Хасан Руханидің елімізбен тығыз қарым- қатынас орнатуға мүдделі екендігін айқындады. Кездесу барысында Қазақстан мен Иран Президенттерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданып, екі елдің Сыртқы істер министрлері арасында ынтымақтастық туралы бесжылдық бағдарламаға қол қойылды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалы туралы келісім жасалып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасы рәсімделді. Осының арқасында 3 желтоқсанда “Қазақстан- Түркіменстан- Иран” темір жолы ашылды. Бұл жоба Қазақстан, Түркіменстан және Иран Президенттері қол қойған бірлескен декларацияға орай жүзеге асырылды. Бұл істің тарихи мәні бар. Біріншіден, үш елдің халқы үшін жолдың бойында неше түрлі елді мекендер пайда болып, халық жұмыспен қамтылады, қарым-қатынас жанданады. Екіншіден, үш мемлекеттің арасындағы сауда-саттық ұлғаяды.Үшіншіден, бұл жол біздің төңірегіміздегі барлық көршілерімізге өз ықпалын тигізеді. Темір жол арқылы елімізден Иранға азық-түлік, бидай саудалау мүмкіндігі бес есеге артады. Яғни, қазіргі кездегі 500.000 тоннадан кейін 2,5 миллион тоннаға дейін өседі деп сарапталуда. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Иран арасында инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселесі жетілдірілуде. Мысалы, қыркүйек айындағы кездесуде Қызылорда облысында әйнек-шыны зауытының құрылысы, Қостанай облысында глиназем өндіру, Қарағандыда гидрометаллургия зауыттарын салу жобалары қарастырылған. Иранның 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы, сондай-ақ “Қазақстан- 2050” стратегиясы екі елдің экономикалық өсімге деген ерік-жігерін, мемлекеттеріміздің прогресін аңғартады. Жалпы, осындай мақсаттар аясында екі ел арасындағы мұнай мен газды өзара алмаса тасымалдау, көліктік-транзиттік даму, телекоммуникация, туризм, ауыл шаруашылығы секілді салалардағы ынтымақтастықты кеңейте аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]