Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

26.Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы трансшекара өзендерін реттеу мәселесін ашып көрсетіңіз

Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің маңызды құраушысы болып табылады. Тараптар осы бағытта трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану және қорғау, олардың ластануы мен сарқылуын болдырмау мәселелері бойынша жалпы ұстанымды қалыптастыруға ұмтылуда.

2013 жылғы 19-20 тамыздағы Қазақстанға ресми сапары барысында ҚХР Сыртқы министрі Ван И былай деп мәлімдеді: «Егер трансшекаралық сулар туралы айтар болсақ, Қытай Қазақстан мүддесіне нұқсан келтіретін ештеңе жасап жатқан жоқ. Біз, екі тараптың күш салуымен осы мәселені міндетті түрде абыроймен реттеу жолын табамыз және екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер біздің екі халықты тығыз байланыстыратын түйін болады деген сенімдемін».

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарының (2013 ж. 6-8 қыркүйек) барысында екі ел басшылары қол қойған Жанжақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларацияда трансшекаралық өзендер мәселесіне ерекше назар аударылған.

Трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы ҚР мен ҚХР өзара қарым-қатынасы 2001-2013 жылдар аралығында Үкіметаралық және ауыл шаруашылық министрліктері аралықі құжаттармен реттеледі.

Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы өзара әрекеттесудің негізгі органы Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстан-қытай Бірлескен комиссиясы (Бірлескен комиссия) болып табылады. 2008 жылы 31 қазанда Бірлескен комиссия ҚР-ҚХР Ынтымақтастық комитетінің құрамына енгізілді. 2003 жылдан бастап 2013 жылды қоса алғанда, тараптар арасында Бірлескен комиссияның 10 отырысы өтті.

Бірлескен комиссияның шеңберінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтермен алмасу жұмыстары келесі су бекеттері бойынша жүргізіледі:

1) Ертіс өз. – Боран (ҚР) – Наньвань (ҚХР) су бекеттері;

2) Іле өз. - Добын (ҚР) – Сандаохэцзы (ҚХР) су бекеттері;

3) Текес өз. - Текес (ҚР) – Цефандацяо (ҚХР) су бекеттері.

Аталған комиссияның тең төрағалары ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі және ҚХР Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары.

Комиссияның аясында екі жұмыс тобы құрылған, олар:

1) Трансшекаралық өзендер суларының сапасына мониторинг жасау, талдау және бағалау жөніндегі жұмыс тобы;

2) Трансшекаралық өзендердің ластануын алдын алу және төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету жөніндегі жұмыс тобы.

27. Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

Жапония Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың 28 желтоқсанында мойындады.Дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 26 қаңтарында орнатылды. 1997 жылдың ақпанынан бастап Токиода Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істейді. 2007 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшісі А.Камалдинов болып табылады. Жапонияның Елшілігі 1993 жылы ашылды. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Жапонияның Қазақстандағы елшісі Юдзо Харада болып табылады.

Екіжақты саяси диалогтың бастамасын 1992 жылдың мамырындағы Жапония Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Ватанабэнің Қазақстанға сапары қалады.

Екі ел арасында жоғарғы деңгейдегі тұрақты саяси диалог орнатылған. Сыртқы саяси ведомстволар арасындағы әрекеттестік саяси консультациялар арқылы жүзеге асырылады.

Жапонияның Сыртқы істер министрі Й.Кавагучидің 2004 жылғы тамыздағы Қазақстанға сапары барысында Астанада жапон тарапының бастамасымен Жапонияның Ораталық Азия өңірімен интеграциялануын табандатуға бағытталған «Орталық Азия + Жапония» диалогы сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуі өтті.

Қазақстандық статистикалық мәліметтерге сәйкес, сауда айналымы 2011 жылы 1,68 млрд. долларды (экспорт – 1,04 млрд., импорт – 554,7 млн.) құрады. 2012 ж. қаңтар-наурыз аралығында сауда айналымы – 460,4 млн.долларды (экспорт – 285,9 млн., импорт – 174,5 млн.) құрады.

Қазақстандық экспортты негізінен металлдар, соның ішінде сирек кездесетін металлдар мен ферросплавтар, импортты машинажасау өнімдері, өндірістік және медициналық құрал жабдықтар, көлік құралдары құрайды.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылға Жапонияның Қазақстанға құйған жалпы жиынтық инвестициялары 4 млрд. доллардан асты. 2011 жылғы Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей жапон инвестициялары 747,3 млн. долларды құрады.

Жапония инвестицияларының негізгі бөлігі энергетика саласына, атап айтқанда, уран, сирек кездесетін металлдарды өндіру және уран өнімдерін шығару салаларына тиесілі.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мақсатында 2009 жылы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке секторларының біріккен коммиссиясы құрылды. Қазақстан тарапынан тең төраға Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.Жақсалиев, жапон тарапынан – Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Х.Окада болып табылады.

Энергетикалық әріптестікті дамыту үшін 2010 жылғы 2 наурызда Токиода Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат осы саладағы ынтымақтастықтың негізгі принциптерін анықтайды.

2008 жылғы 19 желтоқсанда Токиода Қазақстан Республикасы мен Жапония үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қол қойылды (күшіне 2009 жылдың 30 желтоқсанында енді).

Қазіргі уақытта Инвестицияларды ырықтандыру, көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою бойынша келіссөздер жүргізілуде.

2012 жылғы 1-2 мамырда Жапония Экономика, сауда және индустрия министрі Ю.Эданоның Қазақстанға сапары өтті. Cапардың қорытындысы бойынша ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Жапония Экономика, сауда және индустрия министрлігі арасындағы Экономикалық ынтымақтастыр туралы меморандумға, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Жапонияның Жаңа энергетикалық және өндірістік технологияларды дамыту ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ «Қазатомпром» ҰАК» АҚ мен жетекші жапон компаниялары арасындағы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]