Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
38.96 Кб
Скачать

Мазмұны

  1. BASIC программалау тілі туралы мағұлматтар

  2. BASIC тілінің алфавиті

  3. Деректер және олардың түрлері

  4. Тұрақтылар

  5. Айнымалылар

  6. BASIC тілінің стандартты функциялары

  7. Қорытынды

BASIC программалау тілі туралы мағұлматтар

ЭЕМ-дер пайда болғаннан кейiн оларға сәйкес келетiн бағдарлама керек болды. ЭЕМ әр түрлi жаңа есептердi шешуiне байланысты бағдарламалық қамсыздандыру да дами түстi.

Бiр мәселенi компьютерде шешу үшiн оның алгоритмiн жасап, бұл алгоритмдердi компьютер түсiнетiн нұсқаулар және заң-ережелер негiзiнде жазуымыз керек болады. ЭЕМ-де есептердi шешу үшiн қарапайым бағдарламаларды құрып бiлудiң өзi компьютерлiк сауаттылықтың бiр бөлiгi болып саналады.

Бағдарлама дегенiмiз –бұл компьютер орындайтын командалар жиынтығы. Басқаша айтқанда, алгоритмдi машина түсiнетiн тiлде жазу.

ЭЕМ көмегімен есептерді шешу үшін бағдарламалық тіл қажет болды. Машиналық кодпен бағдарламалау деп нақты алгоритмді машиналық бұйрық тілінде сипаттауды айтады. Программистер машиналық операциялардың барлық кодтарын, олардың қолдану ерекшеліктерін және оларды сақтайтын жадының нақты ұяшықтарының адресін білу керек. Мұндай бағдарламаларды құру кезінде өте қиын болды. Сондықтан, программистер өздерінің жұмыстарын жеңілдету үшін машиналық кодтарға символдық аттарды аударатын тіл ойлап тапты. Бір сөзге сәйкес келетін екілік кодты есте сақтағаннан көрі, сол сөздің өзін есте сақтаған оңай. Символдық белгілермен жұмыс істейтін бағдарламаларды ассемблер деп атайды. Мұндай машиналық бағдарламалық тілдер төменгі деңгейдегі тілдерге жатады.

1955ж. ең бірінші жоғарғы деңгейдегі тіл пайда болды. Мұндай тілде жазылған бағдарламалар жеке машиналар бұйрықтарының жиынтығынан емес,операторлар деп аталатын ірі элементтерден тұрады. Осындай тілдер алгоритмді сипаттауға бағытталған. Сондықтан, олар алгоритмдік тілдер деп те аталады. ЭЕМ тек машиналық тілді түсінетін болғандықтан алгоритмдік тілде жазылған бағдарлама орындалар алдында транслятор деп аталатын арнайы бағдарлама арқылы машиналық тілге аударылады. Translator ағылшын тілінен аударғанда “аудармашы” дегенді білдіреді. Трансляторда бағдарламадағы алгоритмдік тілдің барлық ережелері және оны машиналық тілге аударатын құрылғы енгізілген. Транслятордың екі түрі бар:

1) Интерпретатор (Interpretation) – бағдарламалау тілінде берілген бағдарламаны аудара отырып орындау әдісі.

2) Компилятор (Compile-собирать) – бағдарламаның барлық мәтіндері аударылып, жинақталғаннан кейін орындалатын әдіс.

Интерпретатор мен компилятордың айырмашылығын қарапайым мысалмен қарастырайық. Мысалы, дәріханада латын тіліндегі рецепт бойынша дәрі дайындау керек. Оның екі жолы бар. Бірінші жолы, рецепті өз тілімізге аударып, содан кейін ғана дәрі дайындайды (к). Екінші жолы, рецепті өз тілімізге аудара отырып, дәрі дайындау (и). 1-ші жағдайда өз тіліміздегі аудармамен дәрі аламыз, ал 2-ші жағдайда өз тіліміздегі аудармасыз дәріні бірден аламыз. Егер, дәріні тағыда дайындау керек болса, онда рецепті тағы да аудару керек болады.

Интерпретатор күрделі емес трансляторлар қолданылатын тілдерде (Бейсик), компилятор қолданылуы қиын, мүмкін емес тілдерге (ЛИСП) қолданылады.

Ең алғашқы алгоритмдік тіл 1955 ж. пайда болды. Ол Фортран тілі. Ол ғылыми-техникалық және инженерлік есептерді шешуде қолданылды. Фортранды (Formula translator ағылшын сөзінің алғашқы буындарынан құрылған – формулалар аудармасы) Джон Бэкусаның басқаруымен IBM фирмасының қызметкерлері құрды. Көп жылдар өте келе Фортранның көптеген нұсқалары пайда болды. Осы тілмен көптеген тілдердің кітапханасы жазылды.

1960ж. Алгол (Algoritmic language – алгоритмдік тіл) пайда болды. Бұл тіл де ғылыми жұмыстарға арналды және соңғы тілдердегі блоктық құрылым түсінігі енгізілді.

IBM фирмасыныңі қолдауымен Кобол (Cobol ағылшынның Comnon business oriented language – жұмысқа бағытталып жалпы қабылданған тіл) тілі пайда болды. Ол экономикалық есептерді шешуге, ақпараттарды өңдеуге арналған.

1961ж.американдық профессор Джон Маккарти “ЛИСП” (List procssing language – тізім өңдеу тілі) бағдарламалау тілін ойлап тапты.

1965ж. Бейсик тілі пайда болды.

1967-1968жж. PL/1 (Programming language – бағдарламалық бағытталған әмбебап тіл) бағдарламалау тілі IBM фирмасында пайда болды. Бұл тіл қуатты, қиын тіл. Ол жоғарғы оқу орындарында, ғылыми зерттеу орталықтарында қолданылды.

1970ж. Никлаус Вирт Цюрих политехникалық университетінде Паскаль тілін ойлап тапты. Бұл тіл бағдарламаларды үйренуге жақсы бағытталған және қазіргі заманғы ЭЕМ-де әртүрлі есептерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

1973ж. Франциядағы Люммин университетінің Колмероэ және басқа да ғалымдары “Пролог” (Prolog-programmation en logique – логикалық бағдарламалау) бағдарламалау тілін ойлап тапты.

1980ж. Ада бағдарламалау тілі пайда болды. Бұл тіл ағылшын поэты Лорд Байронның қызы, есептеуіш техника тарихындағы алғашқы программист Ада Лавлейс атына берілді. Ада тілі американың қорғаныс министрінің сұранысы бойынша әмбебап бағдарламалау тілі ретінде Францияда құрылды. Ол ең жаңа, қуатты бағдарламалау тілі болды. Оны Паскаль мен Алгол-68 тілдерінің ортақ қасиеттерінен құрған және ол қосымша қаситтерге де ие.Кейбір салаларда есептерді тиімді шешетін арнайы тілдер бар.

Бейсик (Beginners all-parpouse symbolic instractin code – жаңа бастаушыларға көп мақсатты символдық тіл) тілін 1965 ж. Дартмут колледжінің (АҚШ) профессорлары Т.Куртцем және Дж.Кемени ойлап тапты. Бейсик тілі қарапайым және оны ЕТ білмейтін студенттерге үйретуге қолданылады. Бейсик тілі дербес миерокомпьютерлерде негізгі бағдарламлау тілі болып саналады.

BASIC (beginners All- purpose Symblic Instuction Codt-әуесқойларға арналған көп мақсатты символдық тіл) праграммалау тілі алғаш рет 1985 жылы АҚШ-та жасалған. Бұл тіл қазіргі кезде өзінің  өте қарапайымдылығына байланысты дүние жүзіне көп таралған тілдердің бірі. Ол оңай әрі жеңіл меңгерілетіндігімен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге компьютермен адам арасындағы қарым- қатынансты диалог түрінде жүргізуге мүмкіндік беретін өте ыңғайлы тіл болып  саналады. Сондықтан да бұл бұл тіл қазіргі кезде шығарылатын барлық дербес компьютерлерге кеңінен қолданылады.1985 жылы орта  мектептегі «Информатика  мен есептеуіш техника негіздері»  пәні ендірілгеннен кейін оқушыларды  праграмалау тіліне үйрету үшін  BASIC тілі таңдалынып алынды. Балаларды оқыту және білім беру тұрғысынан қарағанда BASIC тілі дидактикалық бағыттағы тіл болып саналады. Бұл тілді оқушылар ана тілін меңгергендей жеңіл меңгереді. Алдымен оқушылар алфавитпен танысып әріптерден сөздер құрастырады, әрбір сөздің мағынасына көңіл бөледі.Мұғалім BASIC праграмалау тілімен оқушыларды  таныстырғанда айтарлықтай қиындықтара  кездеспейді.

    BASIC тілінде операторлар праграмалау  кезінде қолданылады да, алгаритмнің  іс-қимылынын сипаттайтын компьютерлермен арадағы қатынас құралы болып табылады.

Basic тілінің алфавиті

    Кез–келген  прогрмманы жазу үшін BASIC тілінде  бірнеше топқа біріктірілген  символдар жиыны пайдаланылады.  Оны BASIC тілінің алфавиті деп атайды.

    Оларға  мыналар жатады:

1. Латын алфавитінің бас және кіші әріптері.

2. Орыс алфавитінің бас және кіші әріптері.

1.  Араб цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.

2. Арихметикалық амалдардың таңбалары:

+поюс;

-минус;

*көбейту;

/ бөлу;

^ дәрежеге шығару

5. Қатынас амлдардың таңбалары.

= тең:

> үлкен

< кіші

<= үлкен немесе тең ( кіші емес);

>= кіші несесе тең (үлкен емес);

<> тең емес.

6.Бөлгіш, басқа арнайы және қызметші символдар.

. нүкте;

, үтір:

; нүктелі үтір;

: қос нүкте;

# нөмір;

$ ақша бірлігінің таңбасы немесе доллар таңбасы деп те аталады;

% пайыз;

& коммперциялық И, немесе амперсанд деп аталады;

_ астын сызу;

' апостраф;

" тырнақша;

( сол дөңгелек жақша;

) оң дөңгелек жақша;

[ сол квадрат жақша;

] оң квадрат жақша;

? сұрақ белгісі;

@ коммерциялық «ЭТ»;

! леп белгісі;

      Бұлардан басқа көмекші және қосымша символдар да (графикалық символдар)  қолданылады. Латын алфавитінің әріптері праграмалауда пайдалыантын оператордың және әр түрі шамалардың аттарын таңбалауда және жазуда қолданылады. Орыс әріптері тек символдық тұрақтыларды және түсіндірме мәтіндерді жазу үшін, сондай-ақ праграммалардың әр түрі цифрды көлбеу сызықпен беліннен сызып қояды.

      Арихметикалық амалдар және қатынас  амалдардың  таңбалар  тобы праграммада  арихметикалық өрнектерді жазу  үшін қолданылады.

      BASIC тілінің алфавитінен тілдің элементтері -  шамалар, өрнектер, операторлар құлылады.      Деректер  және олардың түрлері

 

      Кез – келген есепті  компьютерде шығару оған бастапқы информацияны ендіруді талап етаді. Бұл информацияны шатты түрде:

нені өндеу кере?

Қалайша өндеу керек?

    деген  сұрақтарға  жауап беретіндей  етіп екі түрге бөлуге алып  келеді.

    Осы жоғарыда аталған информацияның   бірінші түрі деректер деп, ал екіншісі праграмма деп аталады.Праграмма әр түрі деректерді өңдей алады.   BASIC тілінде өндеу объктілеріне (деректердің түрлеріне) мыналар жатады.

Сандық және символдық  тұрақтылар;

Сандық және символдық  айнымалылар:

Сандық және символдық  массивтер.

 

Тұрақтылар

    Праграмманың  орындалуы барысында өзгермейтін  шамаларды тұрақтылар деп атайды. Әрбір тұрақты үшін компьютер жадында   бір немесе бірнеше ұя бөлінеді.

    Сандық тұрақты деп, праграммада нақтьы сан түрінде жазылатын шаманы  айтамыз. Сандық тұрақты оң немесе теріс (немесе нол) сан түрінде беріледі.

    Сандық  тұрақтылардың мынандай түрлері  бар:

бүтін ондық;

бүтін оналтылық;

бүтін сегіздік;

бүтін екілік;

нақты тұрақты үтірі (нүктелі);

нақты жылжымалы үтірлі (нүктелі);

Бұл тізімен  сандық тұрақтының екі түрін бөліп  көрсетуге болады.

бүтін тұрақты;

нақты тұрақты;

     Абсолюті дәл   берілген бүтін санды бүтін тұрақты дейміз. Бұл белгілі шаманы жуықтап беруге болмайтын кейбір  жағдайда қолданылады. Мысалы, 8.999999 адам немесе   9.000001 рет қайтадан санап шық деп айтуға болмайды.

     Бүтін тұрақты пайыз «%» таңбасымен аяқталатын алдында «+» немесе «-»таңбасы бар ондық цифрлардың ақтық тізбегі түрінде жазылады. Мысалы, 15%,-129%, 1000%.

    Мұндағы  % таңбасы бүтін тұрақты екендігінің   белгісі болып табылады. Бүтін  тұрақтылар 32767 –ге дейінгі аралықта  пайдалынылады.

    Бұл  аралықтан тыс жатқан бүтін  тұрақтылармен  амалдар орындауға  әрекет жасалса, онда қате кеткендігі  туралы хабар экранға шығады. Оналтылық,сегіздік және екілік  санау жүйелеріндегі бүтін тұрақтыларды  жазуда бүтін тұрақтының алдына  Н.О.В символдары қойылып жазылады. Мысалы,

127;-1719;+13123 бүтін ондық тұрақтылар;

НFFA, H12E,- H1Aоналтылық тұрақтылар;

О1416, -О7583- сегіздік тұрақтылар;

В0101, -В10011101- екілік тұрақтылар;

     BASIC тілінде сандар бізге үйреншікті  болып кеткен түрде жазылмайды. Тұрақтылардың өзінің арнайы жазылу пішімі бар.Нақты тұрақтылар деп атақ ділдікпен (тіпті өте жоғары ділдікпен берілсе де) берілген сандарды айтамыз.Мысалы, 5 санын 4.99999 немесе 5.00001 деп, әйтпесе 5.0 деп жазуға болады. Бұл компьютерде нақты санды жазып көрсетудің тәсілдеріне байланысты. Нақты тұрақтылар көптеген есептеулерінде пайдаланылады.

     Сандарды жазуда компьютерлердің  бпрлық амалдарды ақтық дәлдікпен  орындайтындығы ескеру керек.  Сондықтан компьютерге цифрларының  саны тіптен көп сандарды беру  барлық уақытта орынды бола бермейді.

     Нақты санның бүтін бөлігі  бөлшек бөлігінен нүкте арқылы  ажыратылып жазылады. Бүтін және  бөлшек бөліктердің болмауы және  оң сандардың алдында «+» таңбасының  да болмауы мүмкін. Нақты сандарды  жазып көрсетудің екі түрлі  тәсілі бар. Бірінші тәсілде тұрақты нүктелі сандар жиі қолданылады. Мысалы: 1882.74 0.000072,-47, -413.07.

    Екінші  тәсілде ол сандар жылжымалы  нүктелі пішімде жазылады. Өте   үлкен немесе өте кіші сандарды  жазу үшін санды 10-ның жәрежесіне  көбейтіп жазу қолданылады. Мысалы: 3,700000 санын 3.7*106 пішімде жазуға болады. BASIC тілінде бұл сан 3.7Е6 түрінде жазылады. Осылайша, кәдімгі матаеатикалық жазуда жиі кездесетін m санын 10-ның дәрежесіне көбейтіп жазудың (m10+-p) орнына  mE+-p  символдық жазуы қолданылады. Мұнда m –санның мантиссасы, ал  p- санның дәрежесі деп аталады.

     Нақты тұрақты нүктелі сандар  дара дәлдікті көрсетукүшін санның  оң жағына қосылып жазылатын  мына төмендегідей таңбалар пайдаланылады:

!- дара дәлдіктің таңбасы;

# (немесе бос орын) – екі еселі дәлдіктің таңбасы.

     Мұндай арнайы таңбалар болмаған  жағдайда ( бұл жағдайда үнсіз мақылдау деп те айтылады) сандарды жазуда екі еселі дәлдікті жазылу алынады;

     Тұрақты нүктелі сандардың мысалдары:

2.793!, -9.485!- дара дәлдікті:

394.3715802- 1.879 –екі еселі дәлдікті;

497.6573, -41378.28.

Компьютерде өнделгеннен 6 цифрдан тұратын санды  дара дәлдікті

сан дейміз. Мұндай сандар- 9.99999*1062-ден +9.99999*1062-ге дейінгі аралықта беріледі.

      Компьютерде нүктелі тұрақтылар  да дара дәлдікті (мантиссасы 6 цифрға дейін) және екі еселі дәлдікті (мантиссасы 14 цифрға дейін ) болады. Жылжымалы еүктелі тұрақтылардың дәлдігін көрсету үшін санның дәрежесін бейнелеуде соңынан екі цифрдан артық емес бүтін ондық тұрақты келетін Е әрпі (кәдімгі дара дәлдікті көрсету үшін) пайдаланылады. Нақты тұрақтыларды дұрыс жазып көрсетудің бірқатар мысалдарын келтірейік:

Математикалық жазылу                          Бейсік тілінде жазылуы

                 -6.2                                                       -6.2

                  5.000                                                   5.000(+5.000)

                 0.006                                                    0.006

                 8.6*105                                                                           8.6Е5(+8.6Е+5)                             

               -0.00032                                                 -3.2Е-4

                0000=0*10                                             1Е4

    Сандардың  оның діріжесі  түрінде жазылып  көрсетуге Е әріпінен кейін  тұрған сан тек бүтін сан  болады.

    BASIC тілінің кейбір түрлерінде нақты  тұрақтыларды жазуда міндетті  түрде қояды,ал бүтін тұрақ  тылардың белгісі  ондық нүктенің  болмауы болып табылады.

      BASIC тілінің  алфавитіне енетін  тырнақшаға алынған әріптердің, цифрлардың және т.б. символдардың  тізбегін символдық тұрақтылар дейміз. Бұл тізбекте орыс әріптері де қолданылады.

    Символдық  тұрақтыға енбейтін жалғыз символ: ол- сол тырнақшаның өзі. Символдық тұрақтылардың сандық мәні болмайды және ол символдардың  тізбегімен және құрамымен сипатталады.

    Тырнақшаға  алынғандардың бәрі символдық  тұрақтының мәні деп аталады,  ал мәндегі  символдардың саны  оның L ұзындығы деп аталады. Олар  әр түрлі информациялық есептерді шешуде жіне мәтіндік информацияларды өңдеуде пайдаланылады. Мысалы, «А және В-ның мәндерін ендіріңдер», « КЕСТЕ», « Тұрақты» «Х=» «Оар алақай деп айқайлайды».

    Символдық  тұрақтылар мітіндерді өндеуде,  сонымен бірге праграмманы орындауда, түсініктеме беруші мәтіндерді шығаруда және есептеу нәтижелерін безендіруде пайдаланылады. Оның ұзындығы 0-ден (бос қатар) 255 символға дейін өзгере  алады.     Айнымалылар 

    Айнымалылар  деп программаның орындалуы кезінде мәндері өзгеріп отыратын шамаларды айтамыз. Айнымалылар деректерді компьютер жадында сақтау үшін қолданылады.     BASIC тілінде әрбір айнымалыға компьютер жадында арнайы ұя бөлінеді. Айнымалының аты осы айнымалының мәні  сақталатын ұя адерісінің қызметін атқарады. Атын праграммада көрсету арқылы біздер жады ұясынан айнымалының мәнін ала аламыз.  BASIC тіліндегі прграммада айнымалылардың аттары деректердің орнына жүреді. Айнымалының  аты әріптен басталатын еркін алынған латын әріптері мен арап цифрларының тізбегінен тұрады. Бірақ бұлардың ішінде алғашқы екі символ дәл келеді, онда ол айнымалылар әр түрлі айнымалылар деп есептелмейді, яғни әр түрлі айнымалыларға алғашқы екі символды бірдей ат берсек, онда олар компьютер үшін бірдей айнымалы болып есептеледі. Мысалы,BL, BLO, BLP, BLKI

Қызметші сөздер айнымалының аты бола алмайды.Айнымалылардың тұрақтылар сияқты үш түрі болады:

бүтін айнымалы;

нақты айнымалыны;

символдық айнымалы;

Айнымалылардың түрі олардың қабылдаған мәндерінің түріне қарай анықталады және сол айнымалы атының соңғы символы арқылы беріледі:

% - бүтін;

!- дара дәлдікті;

# - (немесе бос орын )-екі еселі дәлдікті;

$ -символдық.

Мысалдар келтірейік:

К1# -екі еселі дәлдікті сандық айнымалы;

М2!-дара дәлдікті сандық айнымалы;

Н%- бүтін сандық айнымалы;

А1$- символдық айнымалы.

Айнымалының түрлерін арнайы операторлардың көмегімен хабарлауға болады;

DEFINT <әріптер тізімі > - бүтін айнымалылар.

DEFSNG < әріптер тізімі> -дара дәлдікті нақты айнымалылар;

DEFDBG <әріптер тізімі>- символдық айнымалылар.

Бұл жағдайда айнымалының түрі әріптер тізіміне айнымалы атының бірінші әріп енетін оператормен анықталады: DEFINT А, В, С, айнымалылары бүтін айнымлылар болады.

Айнымалылардың типтері %, !, #символдары арқылы берілген жағдайда ғана жоғарыдағы ереже орындалмайды.

Нақты айнымалы латын әріптерімен немесе соңынан цифр келетін латын әріптерімен таңаланады. Мысалы, А,В5, С1, ZO,Y9.

Ол нақты тұрақты үшін рұқсат етілген кез- келген мәнді қабылдай алады.

Бүтін айнымалы да нақты айнымалы сияқты таңбаланады, бірақ % таңбасымен аяқталуы тиіс. Мысалы, A%, C8%, B%2, I%, Ол бүтін тұрақты үшін рұқсат етілген кез-келген мәнді қабылдай алады.

Символдық айнымалы соңынан $ таңбасы келетін әріппен –цифрмен таңбаланады. Мысалы, B% ,C1$, A5$. Ол символдық тұрақты үшін рұқсат етілген кез-келген мінді қабылдай алады.

Аттары белгілі бір әріптен және цифрдан тұратын айнымалылар бола алады.

Мысалы:

А5- нақты айнымалы;

А5%- бүтін айнымалы;

А5% -символдық айнымалы.

Айнымалы атының дұрыс жазылуының мысалдары:

2С- цифрдан басталады;

Ю1-орыс әріптері рұқсат етілмейді;

$2- ақша бірлігінің символынан басталады;

%К – пайыз символынан басталады.

BASIC тілінде қарастырылған символдардан басқа индексті айнымалыларды да (кейін қарастырамыз) пайдалануға рұқсат етіледі.