Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Документ Microsoft Word (3)

.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
25.08 Кб
Скачать

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс №2

А деңгейі

  1. Өз компьютерлеріңде орнатылған программа-мұрағаттағышты іске қосыңдар.

  2. Өздеріңнің бумаларыңның мазмұнын үнсіз келісім бойынша тағайындап параметрлермен мұрағатқа орналастырыңдар.

  3. Деректерді мұрағаттан қайта қалпына келтіріңдер.

В деңгейі

  1. Жұмыс үстелінде Эксперимент бумасын құрыңдар және оған .txt, .wav, .bmp, .jpg, mp3 пішімдерінде құрылған бір-бір файлдан ( іздеуді қолданыңдар ) көшіріңдер.

  2. Файлдардың әрқайсысын үнсіз келісім бойынша тағайындалған параметрлермен мұрағатқа орналастырыңдар.

  3. Сығу дәрежесін өзгертіңдер және әрбір файлдың мұрағатын қайта құрыңдар.

  4. Нәтижелерін мына кестеге енгізіңдер:

Файлдың бастапқы мөлшері

Мұрағаттың RAR пішіміндегі мөлшері

Сығу әдісі

Қарапайым

Ең үлкен

... .txt

... .wav

... .bmp

... .jpg

... .mp3

  1. Әртүрлі файлдардың сығылу дәрежесі туралы тұжырымдама жасаңдар.

С деңгейі

  1. В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

  2. Мұрағаттың пішімін өзгертіңдер. Өздігінен ажыратылып алынатын мұрағаттар құрыңдар және кестені мәліметтермен толтырыңдар:

Файлдың бастапқы мөлшері

Мұрағаттың RAR пішіміндегі мөлшері

SFX-мұрағатының мөлшері

Сығу әдісі

Қарапайым

Ең үлкен

Қарапайым

... .txt

... .wav

... .bmp

... .jpg

... .mp3

  1. Жұмыс жылдамдығы мен Rar және Zip пішімдеріндегі файлдардың сығылу дәрежелерін салыстырыңдар.

  2. Мөлшері шамалы файлдар үшін SFX-мұрағаттар құрудың мақсатқа лайықтығы ( дұрыстығы ) туралы тұжырым жасаңдар.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс №3

А деңгейі

Ғаламтор желісінен мына кестені толтыруға қажетті ақпарат табыңдар. Кестені жұмыс дәптеріне толтырыңдар.

Өнертабыс, құрылғы

Мезгіл

Қайда және кім жасады?

1

Шоттар

XVI-XVII ғасырлар

Ресейде

2

Навигациялық есептерге арналған сызғыш

3

Механикалық есеп машинасы

4

Механикалық есеп машинасы – арифмометр

5

Есептеуіш автомат

6

Аналитикалық машина

7

Есептеуші-перфорациялаушы машина

В деңгейі

А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар. Кестені 20-ға дейін жеткізіңдер.

Өнертабыс, құрылғы

Мезгіл

Қайда және кім жасады?

1

«Марк-1» есептеуіш машинасы

2

Электрондық компьютер

3

ЭЕМ

4

ЕDSAC

5

МЭСМ

6

БЭСМ

С деңгейі

В деңгейінің тапсымаларын орындаңдар.

Параграфта берілген Ғаламтор желісінен алынған ақпаратты пайдаланып, компьютердің буындары туралы әңгімелейтін ақпараттық нысан ( құжат, сурет неиесе тұсаукесер ) құрыңдар.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс №4

Стандарттық программалардың мүмкіндіктерін пайдаланып, тапсырмаларды орындаңдар.

А деңгейі

Компьютерлеріңде орнатылған программалық жабдықтама көрсетілген кесте құрыңдар. Жүйелік ПЖ, программалау жүйелеріне және қолданбалы ПЖ бөліну қарастырылсын.

В деңгейі

Сәулет сипаттамаларын сызба түрінде бейнелеңдер.

С деңгейі

Құрылғылардың жүйелік блок ішінде орналасуын сызба түрінде бейнелеңдер.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс №5

А деңгейі

Графикалық редактор құралдарының көмегімен сынып бөлмесінің моделін ұсыныңдар.

Геометриялық модельді қолдануға мысал келтіріңдер.

В деңгейі

Сабаққа кешігу барысындағы жазылатын түсініктеменің сөздік моделін құрыңдар. Оны мәтіндік редакторда рәсімдеңдер. Қалай ойлайсыңдар, сөздік модель құру барысында қандай мақсаттар қойылады?

C деңгейі

Мәтіндік редакторда мектеп ауласының ауданын есептейтін математикалық модельді рәсімдеңдер. «Математикалық модельге» өздерің анықтама беріңдер.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс №6

А деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер.

Теңіз ғажайыбы

Ойлы-қырлы даланың ортасында орналасқан осы үлкен ащы-тұзды көлді «Теңіз» деп атаған. Мұнда үлкен және кіші аралдар өте көп. Сол аралдарда қызғылт қоқиқаздар (фламинго) тіршілік етеді.

Бұл құстар өмір сүру үшін жақсы жер таңдаған. Қоқиқаздар қызыл кітапқа енген. Теңіз көлінде қызғылт қоқиқаздар ұя салып, балапандарын өрбітеді.

  1. Мәтіндегі сөздердің санын анықтаңдар.

  2. Мәтінді әртүрлі масштабта қарап шығыңдар.

  3. Мәтінді түрлі түске бояңдар.

  4. Құжатты «Менің құжаттарым» бумасында «Ғажайып» дегендей атаумен сақтаңдар.

В деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер.

Бурабай – Көкшетеу облысы аймағында теңіз деңгейінен 320,9 м жоғары биіктікте орналасқан көл. Көлдің суы мөлдір, ең терең жерінде (7 м ) түбі көрініп жатады. Судың бетінде жиырма метрлік биіктікке көтерілген құз жартасты «Жұмбақтас» аралы асқақтап тұр. Көл жағалауы көктеп жарып шыққан қарағайлы және қайыңды орманмен көмкерілген. Таулардың, қылқанжапырақты орман мен көлдердің бірге, үйлесімді қатарорналасуы шатқалда ерекше климаттық жағдай тудырады. Мұнда қымызбен емдеу курорттық кешені орналасқан. Шипалы балшықтары мен минералды су көздері бар.

  1. Мәтінді абзацтарға бөліңдер.

  2. Мәтінге атауберіңдер.

  3. Азат жол шегінісін баптаңдар:

  • Бірінші – 2 cм;

  • Екінші абзац – cм.

  1. Мәтінді әтүрлі әріптермен және түспен әрлеңдер.

  1. Құжатты «Менің құжаттарым» бумасында «Бурабай» деген атаумен сақтаңдар.

  2. Жаңа құжат құрыңдар.

  3. Құжаттар арасында ауысу мүмкіндіктерін тексеріңдер.

С деңгейі

  1. Ғаламтор желісінен Балқаш көлі туралы ақпарат іздеп, табыңдар.

  2. Мәтіндік процессорда осы аөпараттан бір беттік шағын әігіме жазып шығыңдар.

  3. Әңгіменің тақырыбы, азат жол шегіністері мен әртүрлі әріптік және түрлі түсті ерекшелеулері болуы тиіс.

  4. Құжатты әртүрлі екі пішімде сақтаңдар.

  5. Процессордың жұмыс тәртібін қарап шығыңдар.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс №7

А деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер. Қаріптерге назар аударыңдар.

Компьютерлік вирустар

«Компьютерлік вирус» термині 1984 жылы АҚШ-та өткен ақпараттық қауіпсіздік бойынша 7-ші конференцияда пайда болды.

1995 жылғы тамызда Windows 95 операциялық жүйесімен бірге алғашқы макро-вирус пайда болды. Ол 1996 жылы “concept” атауын алып, өзінің планета бойымен жеңісті шеруін жалғастырды.